» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Египет мәдениетінің феномені
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1 -мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылар мәтіннен кідіріс, әуездің қызметін анықтайды. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Сабақ барысы:
Тыңдалымалды кезеңі.
1-тапсырма: Суреттерді басшылыққа алып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Египет мәдениеті туралы ақпаратты жұбыңмен ойбөліс.
• Неліктен Египет пирамидаларын мәңгіліктің ескерткіштері деп атайды?
• Джосер пирамидасы кімнің құрметіне жасалған?
• Египет пирамидалары әлем мәдениетінің ежелгі көрінісі болып табылады ма?
2-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ақпаратты есіңе сақта. Жұбыңмен ақылдасып, айтылған ақпараттарды маңыздылығына қарай орналастыр.
Тыңдалым мәтіні:
Хеопс пирамидасы
…Хеопс пирамидасы - жүздеген мың адамдардың ұжымдық еңбегімен зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі, ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуаты, мүмкін, саналы түрде болмаса да, шығармашылық еркі өз бейнесін тапты. Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метр.Ал орналасқан жерінің көлемі 55 мың км2. Құрылысына барлығы 2 млн 300 мыңдай блок қажет болды. Олардың бір-бірімен тығыз қиюластырғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Олардың өзі 20 жыл, ал Ніл бойындағы тасқазаннан тас кесектерін таситын жол 10 жыл салынған. Құрылыстың беріктігі ғажап. 47 ғасырдың ішінде тек ұшар басы ғана үгітілген….
Өмірбекова Ә «Ежелгі әлем мәдениеті»
Бағалау критерийі Дискриптор
Негізгі ойды анықтай алады Негізгі ойды анықтайды
Ақпаратты маңыздылығына қарай орналастырады.
3-тапсырма: «Египет жеріне саяхат» тақырыбында диалог құрастырыңдар. Диалог барысында көңіл күйді, эмоцияны білдіретін дауыс реңкін, яғни әуезді қолданып, алғаш рет Египет пирамидаларын көрген сәтті елестете жауап бер.
Бағалау критерийі Дискриптор
Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданады Дауыс реңкін орынды қолданады.
Кідірісті орынды қолданады
4-тапсырма: «Хеопс пирамидасы» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдап, дәптердің (парақтың) бір жағына автордың ерекшелеп, екпін түсіріп айтқан сөздерін, ал екінші бөлігіне автордың неліктен осы сөздерді ерекшелегенін жаз. Жауабыңды жұбыңа түсіндір.
Сөздерді ерекшелеп айту мақсатын мәтін тақырыбымен, мәселесімен, мақсатымен, идеясымен байланыстырып жаз.
Үлгі:
Екі жақты күнделік
Автордың екпін түсіріп айтқан сөздері Сөзді ерекшелеп айтуының мақсаты
Басы ғана үгітілген Пирамидалардың қанша ғасыр өтсе де, сол қалпында тұруына таңғалыс
Тыңдалымнан кейінгі кезең.
5-тапсырма: Неге?Неге?Неге?
Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңді айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс.
Үлгі:
1-оқушы: Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер етеді. Неге?
2-оқушы: Египет мәдениетінің феномені болып табылады. Неге?
3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?
4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?
5-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Umit | 497 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың театр өнері (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың театр өнері (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кәсіп (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау  (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мамандық таңдау (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тәрбие (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тәрбие (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдени мұра әлем назарында (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдени мұра әлем назарында (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың айлакерлігі (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың айлакерлігі (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Египет мәдениетінің феномені 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Египет мәдениетінің феномені, сабақ жоспары Египет мәдениетінің феномені 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Египет мәдениетінің феномені, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )