№10-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

 №10-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №10-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
• мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
• мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Төрт жыл мезгілі туралы суреттерді топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Әр топ жыл мезгілі туралы сөйлем құрастырады.
Саралау
І. Көктем - өмір бастауы.
ІІ. Жаз- ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл.
ІІІ. Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі.
ІV Қыс – климаттық жағдайғаларға байланысты келетін мезгіл.
- Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты анықта.
- Олар қандай сұраққа жауап береді?
- Бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қой. Олар қай сөз табынан жасалған?
- Қандай қорытынды жасадың?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. (МК, Ө) Көркем жазу
Мұғалім сөйлемдегі сөздердің әріптерінің байланысып жазылуын еске түсіртеді.
Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі.
-Мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
ІҮ. (Ө,Ұ,Т) 3.2.4.1
Бұл тапсырма «Күш-Әлсіздік-Мүмкіндік-Тәуекелдік» әдісі арқылы орындалады.
Мәтінді мұғалім немесе оқушы мәнерлеп оқып береді. Мәтін кейіпкерлерінің көңіл-күйін келтіре оқу керек.
Төрт мезгіл (ертегі )
Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.
Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.
— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?– деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.
— Мен дайынмын!-дейді қызуқанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.
— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.
— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
— Мен де, – депті жадыраған Жаз.
Жыл ақсақал оларға риза болады.
— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған.Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар,–деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…
Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алып жатады.
— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.
Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,–дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.
Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.
1 –тапсырма:
(Ұ,Ө) Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызу.
Саралау
Жаз- жадыраған жайдарлы мезгіл.
Күз-көңілшек, ақкөңіл – мезгіл.
2-тапсырма:
• Жыл ақсақал балаларын не себепті шақырды?
• «Енші» деген сөздің мағынасын түсіндір.
• Мәтін не туралы?
• Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
• Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің?
Бұл тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.Берілген сұрақтарға әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3мин) қағазға түсіреді.Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. Жасаған жұмыстары сыныптастары тарапынан бағаланады.
Дескриптор:
- мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай алады;
Ү.Сергіту сәті.
Қимыл қозғалыс арқылы жыл мезгілдерінің ауа- райын көрсетеді.
Тынық күнде , бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у- у- у деп. (қыс)
Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс – тырс – деп ( көктем)
Күзгі орманда жапырақ,
Жел тұрғанда шуылдап.
Дыбыстайды ыш – ыш- ыш- деп ( күз)
ҮІ. (Ө,Ұ,Т) 3.3.7.2, 3.3.5.1
Көру диктанты
Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу. Қара әріппен жазылған сөзге назар аудартылып, сөздің айтылуы мен жазылуына мән беру.
Айдын мен Самат үшінші сыныпта оқиды. Олар бос уақытын бірге өткізеді. Қыстыгүні мұз айдынында коньки теуіп, таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады.
Жазғытұрым жыл құстарына ұя жасап, ағашқа іледі. Олар – құстардың қамқоршысы.
Ал күздігүні жаз бойы өсірген бақша өнімдерін жинайды. Одан аналары қысқа түрлі дәруменді тағамдар дайындайды. Олар -анасының көмекшісі.
«Балдырған» журналынан
Оқушылар тақтада берілген мәтінге қарап өзін-өзі тексереді.
Дескриптор:
- бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды;
- тыныс белгісін дұрыс қолданады;
- қателерді тауып, түзетеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 019



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады