алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )

 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 2- сабақ. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау
Оқу мақсаты: 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;
3.2.2.1тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолдану;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады,сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Сәлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.
«Ашық микрофон» ойыны ойналады.
Оқушылар бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Мысалы, Тура мағыналы және ауыспалы мағыналы сөздерге мысал келтір.
Ықтимал жауаптар: иненің көзі (ауыспалы мағыналы сөз) адамның көзі (тура мағыналы сөз) т.б
ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.4.1, 3.2.2.1 (МК; Ө; Ұ)
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Қарамен жазылған сөздерді қалай түсінесің?
Бір топ бала жазғы демалыста тауға серуенге шықты. Олар тау етегіндегі шоқ ағашқа келіп демалды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімжан ағаш ішін аралап кетті. Екеуі мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі. Көп ұзамай- ақ бұлақтың көзін тапты. Олар судың дәмін қайта- қайта татып көріп, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар да келді. Судың дәмін бәрі де татып көріп, түрлі – түрлі пікірлер айтты.
Бұл су асқазан ауруын емдейтін шипалы су болып шықты. Шипалы суды ішіп талай адам жазылды.
«Балдырған» журналынан
1.Сұрақтар ілмегі
- Мәтін не туралы?
- Балалар қайда келді?
- Мәтіннен қандай ой түйдің?
- Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің?
- Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді?
Қ.Б Шапалақ арқылы бағалау
Бағалау дескрипторы:
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтінге сәйкес тақырып қояды;
3.2.2.1, 3.3.5.1 (МК, Ж, Ө) Көркем жазу.
Бб Бб Бб Бб Бб
Су анасы - бұлақ, сөз иесі – құлақ
Тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.
Мәтіндегі ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркестерін кестеге теріп жаз. Сөздердің тура мағынасын кестеге жаз және сөйлем құрастыр.
Ауыспалы мағыналы сөз Тура мағыналы сөз
бұлақтың бойы адамның бойы
бұлақтың көзі адамның көзі
бұлақтың басы адамның басы
Ықтимал жауаптар:
Шыңғыстың бойы биыл өсіпті. Көз - көру мүшесі. Айдар басына тақия киді.
Жұпта неліктен ауыспалы, тура мағыналы сөздер екенін дәлелдеп, сөйлемдер құрастырады. Үш – төрт жұп өз пікірлерін сынып алдында қорғайды.
Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
- сөйлеу барысында қолдана алады;
- сөйлемді қатесіз құрастырып жазады;.....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы