👈 қаріп өлшемі 👉

19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 19-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- кесте негізінде сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгімен салыстыра отырып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көпшілігі:
- сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
дереккөздер қолданып жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Сабақ барысы: (МК; Ұ) Жағдаятты шешу. «Шығыс базары» әдісі.
- Оқушылар, қазір сендер ерекше базарда сауда жасайсыңдар. Сауда теңгемен емес, әдепті, жақсы сөздермен жасалады. Яғни есімің жазылған қағазды сыпайы сөздерге айырбастай аласыңдар. Сауда жасауға барлығы 3 минут уақыт беріледі. Сәттілік!
- Сауда жасауда қандай қиындықтар кездесті? Неліктен?
- Сатушының назарын аудару үшін қандай сөздер қолдандың?
Қаратпа сөздер туралы түсінік беру.
Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу.
3.3.7.1 ( МК,Ж,Ұ) 1-жаттығу. «Венн диаграммасы» әдісі. Кестедегі сөйлемдерді салыстыру. Интонациясын анықтау. Сол жақ бағандағы сөйлемдердің сызбасын сызу. Ой қорытындысын жасау.
«Арайлым», «әже», «қызым» қаратпа сөздерін басқа сөздермен («Күнім-ау», «әжетай», «балам-ау», «құлыным» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолдануға жаттығып көреді.
Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқағанын айтып, ой қорытындылайды.
3.2.4.1 (Т; Ө, Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою.
2-жаттығу. Мәтінді іштей оқиды немесе мұқият тыңдайды.
- Нұржан қандай іспен айналысты?
- Бағбанның Нұржанға ескертуін тауып оқы. Айтылған оймен келісесің бе?
- Нұржанның әрекетін қалай бағалайсың?
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Нұржан осы оқиғадан қандай қорытынды шығаруы мүмкін? Ал сен ше?
- Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді тауып оқы.
Терме жазу: мәтіндегі бағбанның сөзін қаратпа сөздермен толықтырып жаз. Өзара тексеру. «Бас бармақ» әдісімен бағалау.
Дескриптор:
- Мәтінге ат қоя алады;
- Негізгі ойды тұжырымдай алады;
- қаратпа сөздердің тыныс белгісін сақтайды;
- жазба жұмысты тексеріп, қатені анықтай алады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Дің, бүлдірген сөздерінің жазылуын анықтайды. Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасалады. ......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы