» » » » Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі (1 сынып,4 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі (1 сынып,4 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі (1 сынып,4 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі (1 сынып,4 бөлім ) на казахском языке
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазамын. Ъ белгісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасы на сілтеме)1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну және дұрыс оқу
Сабақ мақсаттары: Барлығы біледі: Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
Көпшілігі: Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
Кейбіреуі: Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді
Сабақ барысы: (Ұ)Психологиялық ахуал
-Қане балалар шеңбер құрып тұрайық.Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар оянайық
Сәлем қолдар оянайық
Сәлем аяқтар оянайық
- Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! - деп қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Жоғарыдан аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
- Төменнен нені көреміз?
- Ағашты, үйді, жерді көреміз.
-Ендеше балалар біз аспанға, жерге, күнге жылы лебізімізбен сәлемдесейік.
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, асыл жер!
Қайырлы таң, достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын.
Сәлем, сәлем, сәлем!
(Ұ)Диалог құру «Сен маған, мен саған»
Екі оқушы ортаға шығып, бір-бірімен әңгімелеседі
Ауа райы жайлы сұрақтар қояды.
-Балалар не жайлы әңгімелесті?
-Балалар,қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы болмақ?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жұмбақ жасыру:
Пойызда жоқ,
Подъезде бар.
Сөзде жоқ,
Съезде бар.
Ъ белгісімен және оның қызметімен таныстыру. Видеожазбадан ъ белгісіне қатысты суреттер көрсету, сөздерді қайталату.
Ъ белгісі жайлы білімдерін бекіту үшін бағандағы сөздермен жұмыс жасатып, «ъ» белгісі бар сөздерді оқытып жаттықтыру:
объектив, разъезд, съезд, подъезд.
Ъ белгісін және қатысты сөздерді дәптерде жазу
Сергіту сәті: Музыка қойылып, балалар әртүрлі қимылдар жасайды
(Ұ, МК) Оқушылардың көмегімен «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып, қарлы күн туралы өлең жазуды көрсету. Лексиканы қолдануды үйрету. Сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, қарапайым өлең нұсқасын жазу.
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдану:
1. Оқушылардағы жетілдіруді қажет ететін жазылым дағдысына көңіл бөлу. Оқушыларға кезекпен ойларындағын дауыстап айта отыруды ұсыну. Оқушыларға сөз тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсету. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аударту. Тақтаға сөз тіркесі/сөйлемді жазу.
2. Мұғалім-хатшы рөлінде болып: оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдау, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекіту. Оқушылар көмегімен сөз тіркесі/ сөйлем құрып, тақтаға жазу.
3. Қолдау көрсету арқылы жазу. Оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта жеке параққа сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрау. Жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау. Осылай оқушылардың өз бетімен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін тексеру.
(Ө,Қ) Берілген құрылымға сәйкес оқушыларға ауа райы туралы өлең жазуды тапсыру.
Далада қар ….............,
Ақ мамыққа ....................
Мұз ......................., қатады
.............................. боп жатады.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып-жылтыр боп жатады.
Жазу барысында суретке сүйенуге ұсыныс беру.
Дұрыс айтып, дұрыс ұйқастырғандарды мадақтау.
(Т) Оқушылар жазған өлеңдерінің қателерін түзетуге, қызықтырақ етіп жазуға, сипаттамаларында нақты детальдарды қолдануларына көмектесу үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолдану:
• кіріспе (оқушыларға оқу мақсатын түсіндіру);
• есте сақтау (жазылымға арналған ойларды/идеяларды есте сақтау, қайталау);
• үлгі жасау/жобалау (сыныптағы оқушының қабілетін ескеріп, жазылым үлгісін беру);
• қолдану/жазу (оқушы өз бетімен жазады);
• жұмысын қорғау (өз жазған жұмыстарын сенімділікпен сыныптастарына таныстырады);
• қайта қарау/түзету (өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды)
Қабілеті жоғары оқушыларға басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуды ұсыну.
Жазылған өлеңдерді тақтаға ілуді ұсынып, оқушыларға дауыстап оқуға мүмкіндік беру.
Оқушылардың:
• Сөздерді түсінікті , дұрыс анық, қатесіз жазуын;
• Оқушылардың ауа райын сипаттау үшін тіркестерді қолдана алуын;
• Сипаттау үшін сөздерді тиімді қолдана алу қабілеттерін бағалау.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: Umit | 242 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әдеби емес мәтін жазу (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әдеби емес мәтін жазу (1 сынып, 8 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мәтін құрастыру (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Мәтін құрастыру (1 сынып, 8 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ертегі әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ертегі әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау №1 (1 сынып, 6 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Саяхат сәттері (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Саяхат сәттері (1 сынып, 5 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы жазылым  Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Табиғатты танимын(1 сынып,4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Табиғатты танимын(1 сынып,4 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ъ» белгісі №1 (1 сынып,4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ъ» белгісі №1 (1 сынып,4 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ь» белгісі (1 сынып,4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ь» белгісі (1 сынып,4 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу №1 (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу №1 (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу (1 сынып,3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу (1 сынып,3 бөлім )
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі, сабақ жоспары Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі 1 сынып сауат ашу сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі, Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазамын Ъ белгісі (1 сынып,4 бөлім )