» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым на казахском языке
Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, сана – сезімін, тілін, ойлау, әңгімелеу қабілетін дамыту. Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны аялауға қамқоршы бола білуге, табиғат
сұлулығын сезіне білуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көктем көрінісін елестете отырып табиғат құбылыстарының қасиетін танып білумен қатар, олардан әлде бір зат жасай білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Жаңғақ, қоға, құс бейнесі, ағаштар, құм, ермексаз, түрлі – түсті қағаз, шөп, саз.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдісі - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, құрастыру, жапсыру, жалғастыру.
Сөздік жұмыс: Түлеу, түлейді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Аралас.
Алдын - ала жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелер айтып, тақпақтар жаттату, сурет, жапсыру, мүсіндеу оқу іс - әрекеттерінде көктем туралы айту.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар назарын өлеңге аудару.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай - салаға қашады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл бәйшешек ашады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Көктем мезгілінде болады.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
Үш ай бар. Наурыз Сәуір, Мамыр айлары.
- Ал қазір қай ай?
- Біз сәуір айын басқаша қалай атаймыз?
Сәуір айы. - Көкек айы.
Осы көкек айы туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Көкек айы, көкек айы.
Көккімбек боп келді тағы
Туған жердің қыр мен сыры
Жыр жырлайды, ән салады.

Іздену ұйымдастырушы
- Жарайсыңдар балалар, енді айта қойыңдаршы осы “Табиғат” дегеніміз не?
Айналадағы қоршаған орта
- Ал табиғатқа нелер жатады?
Ағаштар, құстар, жан - жануарлар, өсімдіктер жатады
Балалар сендер көп біледі екенсіңдер, енді бәріміз ойын алаңына жақындайық.
- Міне мынау алдарыңда тұрған “Алтын жебе”атты ойын түрі.
Өздерің байқап, көріп тұрған шығарсыңдар, бұл ойында садақ пен жебе көрсетілген, ал айналасында өздеріңе таныс заттар тұр.

Ойын шарты: Мен қазір жебені айналдырғанда ол қай түске тоқтаса, сол түстегі тұрған заттың не екенін, не үшін керек екенін айтамыз.
Ойын алаңында - жаңғақ, қоға, ермек саз, ағаш, құм түрлі - түсті қағаз, болады. Ойын барысында тыйым сөздер мен ескертулер айтылып өтіледі.
- Ал енді балалар, қанекей бір қатарға тұра қойыңдар, біз екі топқа бөлінеміз, ол үшін не істейміз? (1, 2 деп айтып шығады)
- Балалар сендер екі топқа бөліндіңдер. Енді осы топтарымыздың атын қойып алайық. Менің қолымда өздеріңе таныс екі журнал тұр, қандай журнал екенін айтып жіберіңдерші.
- Дұрыс балалар, біздің топтарымыз “Балдырған” және “Балбұлақ” тобы болады.
-“Балбұлақ” тобы оңға бұрыл, алға бас.
-“Балдырған” тобы солға бұрыл алға бас.
Балалар екі үстелге жайғасады.
Орнымызға жайғасып болсақ, алдарыңда өздеріңе таныс бірнеше заттар бар. Осы заттармен бәріміз бірігіп, ұжымдық жұмыс жасаймыз.
“Балдырған’ тобы “Көктемгі көлдің көрінісі”
“Балбұлақ” тобы “Көктемгі аула көрінісі”
- Балалар сендердің жұмыстарыңның қалай орындалғанын тамашалайтын боламыз, сондықтан әдемі, ұқыпты етіп жасайық.
Топтардың жұмыстарын бақылап, қандай құралдар қолданып жатқандарын балалардан сұрау.

Рефлексивті коррексиялаушы
- Қанекей балалар жұмыстарымызды аяқтасақ, жасаған көрінісіміз туралы әңгіме құрап айтайық (екі топқа әңгіме құрату).
- Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қорыту.
- Балалар сендердің әңгімелерің өте қызық екен. Сендер тамаша табиғат көрінісін жасап шықтыңдар, осы табиғатты аялайық, қадірлей білейік.

Күтілетін нәтиже: Қоршаған ортаны аялай отырып, жарамсыз құралдарды
пайдалануды меңгереді және олардан өздеріне керек зат жасай алады.
Кері қайту
Материал рейтингісі: .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 67 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Менің қалауым дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Менің қалауым, мектепалды Менің қалауым дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің қалауым