» » » » Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар

Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар

Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар казакша Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар на казахском языке
Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (дәмі, иісі, түсі, аққыштығы). Бүкіл тіршілік ететіндерге судың маңыздылығын нақтылау. Адамның өміріндегі, табиғаттағы судың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Ойлау қабілетін, байқампаздығын, тілдерін, білуге құмарлықтарын дамыту. Белсенді сөздік қорларын кеңейтіп, сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір деген сөздерді енгізу.
Суға деген ұқыптылық қатынастарын тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар:
1. «Кімге су керек» атты панно
2. Тәжірибеге арналған құралдар: сауыттар сумен (балалардың санына қарай), бос сауыттар, тұз, қант, зеленка, марганцовка, қасықтар, сүт; өзен, жылға, теңіз, мұхит бейнеленген суреттер.
3. «Қолыңды жудың ба – шүмекті жабуға ұмытпа» атты танымбелгі.
4. Тамшы қуыршағы.
5. Тамшылар маскалары (балалардың санын қарай).
6. Бұлттың маскасы (тәрбиешіге).
7. Шырын (балалардың санына қарай).

Сөздік жұмыс: сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір; жылға – өзеннен кішірек, жіңішке су ағыны; тәжірибе – заттың сапасын немесе қасиетін анықтауға өткізілетін іс - әрекеттер.
Билингвальдық компонент: мөлдір – прозрачная, сұйықтық – жидкость, жылға – ручеек.

Сабақ барысы:
Мотивациялық - қозғаушылық кезең:
Аудиокассетаға жазылған жылғаның сылдыры естіледі.
- Балалар, мұқият тындаңдаршы, бұл ненің дыбыстары.
(Балалар дыбыстарды мұқият тыңдайды) Балалардың жауаптары: - Бұл су ағып жатыр.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:
- Бұл жылға (сөздік жұмыс) суының сылдыры.
Таңырқат сәті: қуыршақты көрсетеді. Балалар қуыршаққа қызығушылықтарын білдіреді.
- Бізге қонаққа Тамшы келді. Тамшы бүкіл әлемді саяхаттап жүреді, көптеген нәрселерді көрді, су туралы едәуір қызықты нәрселерді біледі.
Су туралы естідіңдер ме?
Ол барлық жерде деп айтады!
Шалшықта да, теңізде де, мұхитта да,
Су жүретін шүмекте де.
Бұл солай ма? Қане, жауап беріңдер.
Балалардың жауаптары: - Иә, су түгел жерде бар.
- Балалар, тамшы қайдан пайда болды екен, ол қайда болуы мүмкін. Қане, біздің Тамшы қайда саяхаттағанын суреттерден қарастырайық. Оларды атап беріңдерші (Өзен, көл, теңіз, мұхит, жылғада).
- Сонымен, тамшы – бұл ненің бөлігі деп ойлайсыңдар? (Тамшы - судың бөлігі).
- Дұрыс. Су кімге, нелерге керек? (Адамға, гүлдерге, ағаш - тарға, жануарларға).
- Адам сусыз өмір сүре ала ма? (Жоқ, адам сусыз өмір сүре алмайды).
- Су тіршілікке өте қажет, сусыз өмір жоқ. Су – өмірдің негізі.
- Су не істей алады, сендер қалай ойлайсыңдар? (Су ағады, құйылады, тамшылайды, сылдырлайды).
- Балалар, біздің топта су бар ма? Бар болса, ол қайда? (Иә, бар. Жуынатын жерде су ағатын шүмекте).
- Жақсы. Біз бүгін сендермен судың қасиетің анықтау үшін бірнеше тәжірибе жүргіземіз (сөздік жұмыс). Біз сендермен су қандай болатынын білеміз.
Тәжірибе № 1. «Су – ол сұйықтық»
- Сумен не істеуге болады? (сауыттан сауытқа құяды, т. б.)
(Тәрбиешінің іс - әрекетін бақылайды. Суды құюға, төгуге, ыдыстан ыдысқа құюға болады).
- Су қандай? (Су сұйық).
- Су сұйық. Сондықтан суды сұйықтық деп айтуға болады. (Сұйықтық деген сөзді қай - талап айтады)......



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 124 | 27.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Алғашқы тамшылар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Алғашқы тамшылар, балабақшаға Алғашқы тамшылар арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары бала, Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар