алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Алғашқы қоңырау (Колледж | 1 Қыркүйек - Білім күні)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекеңізбен құттықтай отырып, колледж өміріне дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

2-жүргізуші: Колледж, тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, – дей келе,

құттықтау сөз колледж директоры Жанекенов Бауыржан

Мақсотұлына беріледі

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: /келген қонақтармен таныстыру/

____________________________________________________________
____________________________________________________________
1- жүргізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгістуденттердің құрметіне ІІІ курс студенті Кумарова

Кенжегүлдің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

2 -жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

1-жүргізуші: Қазақ биі – орындайтын ІІІ курс студенті Суюншалиева Умит

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!
Қадамдарыңыз құтты болсын! Сабақтарыңызды жақсы оқып, үлкен үлкен жетістіктеріңізге жетулеріңе тілектеспіз!



1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата аналар атынан __________________ беріледі

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ІІІ курс студенті Джумабеков Тайман және І курс студенті Нұрлыбекова Гүлжан беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

1-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,
Қызықты күнім де, кешім де.
Алғашқы қоңырау дауысы,
Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау дауысы жыр екен

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

Хабарландыру: Құрметті студенттер және ата аналар, баршаңызды Білім күніне арналған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тәрбие сағатымызға шақырамыз. Әр топ жетекшісі өз топтарыңызбен бекітілген кабинеттерге баруларыңыз сұралады.

№11 топ жетекшісі Сундетбаев Нұрғали Рахимович,
топ шебері Хайруллин Құбайдолла Мұхамидиярович
№12 топ жетекшісі Елесова Рима Бериковна
топ шебері Рахимова Анара Султангалиевна
№1 топ шебері Сагидуллин Мереке Батырханович
№2 топ кураторы Повытчиков Сергей Валентинович


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы