Баяндама: Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Баяндама: Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру казакша Баяндама: Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру на казахском языке


Ақтөбе қаласы
№36 қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері,
сызу және еңбек пәнінің мұғалімі
Райымкулова Калила Копжасаровна

Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан.Бұған айғақ Қазақстандағы қазан төңкерісіне дейін ағаш,сүйек,мүйіз ұқсату,металл өңдеу,тері ұқсату мен етікшілік,тас өңдеу,тоқымашылық тағы басқа сияқты салаларының дамып жетілгенің атасақ та жеткілікті.Ою-өрнек заттарды әдемі,әсем,сәнді көрсетіп,мағыналы да мазмұнды,әсерлі етіп отырған. Ертедегі қолөнер шеберлері:ұсталар,зергерлер,әшекей бұйымдар мен қолөнер туындыларының түрлерін жасап қана қоймай дер кезінде балаларына жастайынан оның қыр-сырын,тәрбие ұғымдарын,жасалу жолдарын түсіндіріп,көрсетіп отырған.Қазақ халқында ұл балаға қарағанда қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген.
Себебі:қыз бала ұрпақ жалғастырушы,болашақ ана.Сондықтан оларды үй-ішіндегі өнердің бәріне араластырып,үйретіп отырған.Ал ұл балаларды қолөнер кәсібіне әкелері ғана емес сонымен қатар ауыл қарттары,тәжірибелі өнер шеберлері үлкен назар аударып,еңбекке,өнерге баулыған.Осыдан барып балаларды жастайынан еңбек етуге,қолөнер түрлерімен таныстырып қана қоймай,сонымен қатар оларды іс-жүзінде,өздерімен бірге қыздар болса сырмақ сырдырып,киім пішкізіп,құр тоқытып,киіз текемет бастырып,алаша,ши,бау тоқытып,ұлдарға ұсталық,зергерлік т.б өнер түрлерін тереңірек меңгертуге тырысты.
Ою-өрнек түрлерінің жасалу жолдарың үлгілерінің оңай да жеңіл жұмыстарына көздері қанығып іштей танып,қолдары әжептәуір үйреніп,енді өздері жасай алатын икемділікке жеткен шақта,киіз,текемет басу,кілем тоқу өнерлеріне араласа бастайды.Одан барып осылардың бәрін толығымен меңгерген кезде, жоғарыда айтқандай көпшіліктің көмегімен бітетін бұйымдарға басшылық ете алатын сол бұйымға ою үлгісін жасап бере алатын жағдайға жеткенде оюшы,өнері асқан шебер деген атқа ие бола алады.Сондықтан да қазақ халқы-өнер адамдарын кейінгіге үлгі-өнеге етіп,құпиясың қыр-сырын меңгергенде ғана жететінін сахнаға сіңіріп,ұғынып отырған.Мысалы:киіз басудың,жүн түту,сабау,су құю,тебу,білектеу жүмыстарын кез-келген жас кәрі,бір-екі көргеннен ақ атқара алады,ал киіздің ою үлгісін аса өнерлі адам ғана бастырмалатып шығады.Сырмақ сыру да солай,ою пішімін бір оюшы жасап береді.Кілем тоқу өнеріндедешалу,ілу,қию,тоқпақтау,тегістеу,үлгіге қарай отырып кілемнің керілген желі жіптерін санап отырып өрнек шығару әдістерін көпшілік атқара алғанымен кілемге салынатын үлгіні асқан шебер адам даярлайтын болған.Сондықтан да қазақтың қолөнер саласын жетік меңгерген,эстетикалық талғамы жоғары,іскер,ісмерлігі озған адамды «өнеріне қарай өрнегі»деп сүйсіне бағалауы тегін емес.Шебердін қолынан шыққан ою жайдан жай ойыла салған нәрсе емес.
Табиғат пен тұрмыстың әдемі көріністерін астарлап, оны өрнек оюға түсіру арқылы шебер өзінің дүниеге деген көзқарасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін білдіре алған.Әр ғасырда сансыз шеберлер өткен, солардың сұлу сезімі тапқыр ойымен артқы ұрпаққа қалдырған мұрасынан ұлт өнерінің бізге келіп жеткені осы ою-өрнек өнері.
Қазақтың ұлттық көне оюларының бірі жүрек деп аталады.
Бұл оюдың аты бар жүрек деген,
Бар өрнекке тыныштық тілеп келген.
Көрінісі кішкене болса дағы,
Төмен санап өз басын жүдетпеген.
Бір оюды атайды алтын сала,
Ұлт өнерін танып ал, барлық бала.
Үлгілерін түсірдім аттарымен,
Кел, сызыңдар ұл мен қыз, қағаз ала.
Ою аты тағы бар бүйрек деген,
Талаптыға ерінбей үйрет деген,
Ұлт мұрасын сүйетін ниет болса,
Бұл өрнекті түсірер құрметпенен.
Қазақтың бір өрнегі сұламасы,
Өрнектің ішіндегі ғұламасы.
Ғұлама деп жазуы бұл өрнекті,
Сұламасыз түспейді ою басы.
Қазақтың көне оюы қошқар мүйіз,
Жарасар ойыстырса түрлі мүйіз.
Бұлжытпай тәртібімен тігілгенде,
Көз тартар күндік жерден ғажап мүйіз.
Бұл оюды атайды қарға тұйяқ,
Тарамдалып түседі тұйяқ құсап.
Бұл оюдың аты бар садақ-пілте,
Көп жері аямай түседі болып келте.
Бар оюдың ішінде мен мұндалап,
Орын алар көп жерден болып ирек.
Бұрмашы деп атайды бұл өрнекті,
Шетқұрларға түскенде тым көрікті.
Ұлт өнерін сүйетін ниет болса,
Қолды үйретіп сызындар, күнделікті.
Бұл оюдың аты бар бармақ деген,
Қос желілеп сызылар салмақпенен.
Ирек тартқан жерінің қолтығына,
Бірден сызып толтырады бармақпенен.
Ою-өрнек өнері – халық шеберлерінің эстетикалық көзқарасына септігін тигізбей қойған жоқ. Бүгінгі қоғамымыз мүлде жанарып, ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, ата-баба тарихын жастарға жете білдіру, жас ұрпақты өз ұлтының асыл қасиеттерінің негізінен сусындап өссін деп жатқанда сәндік бұйымдарға керекті қазақ өрнегі, оюы, қазақ тұрмысының салтанатын көрсететін суреттер ерекше орын алуы тиіс.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру., қазақша баяндама Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру., баяндамалар, Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру., Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Ою-өрнек негізінде оқушыларға эсте, Баяндама: Ою-өрнек негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру