Баяндама: Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

Баяндама: Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану казакша Баяндама: Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану на казахском языке

Үш тұғырлы тіл саясаты бұл Елбасының халыққа қойған міндеті. Қазақ тілі – бұл мемлекеттік тіл, әрине, әр елдің мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің орны ерекше. Орыс тілі – заңға сай ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – халықаралық тіл, сіздің шетелге аяқ басуыңызда ажырамас құралыңыз.
Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын қолға алсақ та, өз еліміздің ішінде қазақ тілін өгейсітуге болмайтынын әсте естен шығаруға болмайды. Мұндайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» - деген даналық сөз ойымызға орала кетеді. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
БҰҰ-ның ресми тілдері ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Қазірде Қазақстан халқы осы шетелдік тілдерді үйренуге бірте-бірте аяқ басып, соңғы уақытта халықтың тілдік сауаты жоғарылап келе жатқаны байқалады. Қоғам, әсіресе, студент-жастар, жұмысбасты жастар шетелдік тілдің қажеттілігін сезіне отырып оқып үйренуге үлкен қызығушылығын танытуда. Білім ордаларында білім алып жатқан балалары бар ата-аналар баласының болашағының заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуына барынша атсалысуда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Ел халқы сауатты болса, бұл әлемдік деңгейде бізге жоғары дәреже, үлкен абырой алып келері сөзсіз. Ел болашағы жастардың қолында. Ал үш-төрт шет тілін білетін адам таптырмас маман, мұндай адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны айдан анық. Кез-келген шет тілін жетік білу өмірден өз орныңызды сәтті табуға, үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Әр тілдің өз ерекшелігі мен маңыздылығы бар. Мәселен, әлемнің 47 елінде ағылшын тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алған, дүниежүзінің қалған бөлігінде іскер қауымдастықта келіссөздер ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілі – үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ағылшын тілін білсеңіз сіз үшін ешқандай кедергі мен шекара жоқ деп айта аламыз.
Жалпы, «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғыр-лылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.
А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Педагог қандай болса, білім ордасы, пәні сондай болмақшы. Яғни педагог білімді болса, ол білім ордасынан шәкірттер де көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі білім ордасына керегі – білімді, педагогика және методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін педагог».
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білім ордасының алатын орны айрықша. Білім беру ордасы — қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Бұл балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Ал осы білім ордасын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы. Оларды парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу, сондай – ақ шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың түрлі қайнарымен сусындатып, әрбір шәкірт бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыратын және де баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытатын ол – педагог.
Педагог — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс!
Әрбір педагог тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, педагог:
1. шәкіртіне сенім көрсету;
2. шәкіртіне мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
3. шәкіртінің шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;
4. шәкірті қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;
5. шәкіртіне ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;
6. Әрбір шәкіртінің сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.
Шәкіртінің дарындылығының даму қабілетінің ашылуы көбінесе педагогтың кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Мұндағы ұмыстың негізгі мақсаты – білім алушы тұлғаның шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және білім алушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Шәкірт болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы педагогке байланысты.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – болашақ маманға білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – шәкірттің ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін педагог барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар педагогтың ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.
Ал шәкіртке білім беру барысында педагог өз еңбегінің жемісті болуы үшін мына іс- әрекеттерді орындағаны жөн:
• педагог қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;
• білімнің мазмұнын игеру ісі;
• Шәкірттердің білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;
• сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;
• шәкірттермен жақсы қарым-катынас жасай білу ісі (коммуникативтік әрекет);
• шәкірттерін білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;
• шәкірттердің білім дағдыларын бақылау және бағалау іс -әрекеті;
Яғни, қазіргі таңда ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ:
• Ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?
• Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды
қолданған жөн?
Ол үшін ең алдымен қазіргі білім беру ордаларына шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан педагогтар қажет.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, педагогтың көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде шәкірттеріміздің шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл шәкірт бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Қазіргі таңда білім беруде әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
• Модельдік технологиясы
• Рейтингтік жүйе
• Дамыта оқыту технологиясы
• Сын тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді педагогтың ізденісі арқылы шәкірт қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады.
Сондай – ақ қазіргі ақпараттық қоғамда білім дамуының негізгі құралы ретінде жаңа технологиялар маңызды роль атқарады.
Жаңа технологиялардың білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл меңгеруде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
2. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
3. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Үш тілді меңгеруде компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол педагогты алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
.Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
- қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелері:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен, үш тілде оқытуда ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, жаңа технологияларды жетік меңгерген, жаңа заман талабына сай бәсекеге қабілетті бола алатын тәжірибелі ұстаз қажет. Осындай педагогтардың білім беру нәтижесінде оның жұмыс барысына тәжірибелік мақсат қойылады, оған білім алушы жеке тұлғаның сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. .
Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен жеке тұлғаны үш тілде меңгертуге, сондай-ақ білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – ол білім ордасы.
Ал, ол білім ордасының білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану туралы доклад казакша на казахском, доклад Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, баяндама Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану туралы доклад казакша на казахском доклад Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану на казахском языке баяндама скачать бесплатно скач, Баяндама: Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану