Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың тиімді жолдары

 Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың тиімді жолдары

Елбасымыз Н. Ә.:« Қазақстан Республикасың топтастырудың аса маңызды
факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы», - деп айтқандай, мемлекеттік
тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз
шаралар жүзеге асырылды. Қоғамымыздың барлық саласында мемлекеттік
тілді қолдану қажеттігі туды. Тіл мамандарының бүгінгі бас қосуы сөзіміздің
дәлелі.
Орыс мектебіндегі қазақ балалары қазақ тілін екінші тіл ретінде
қабылдайды. Орыс және басқа ұлттың балаларына қазақ тілінің ауызеке
сөйлеу тілін қалыптастырмай тұрып, грамматиканы өте алмайтынымызды
ескеруіміз керек. Ана тілін жақсы білетін , грамматиканы меңгеруге қабілеті
бар қазақ балаларын өзге ұлт өкілдерінен бөліп оқытуды ұсынуы құптарлық
жай. Қазақ тілінен терең білім беруде деңгейлеп , саралап, даралап оқытуға
грамматикалық тапсырмалары мол арнайы оқулық қажет.
Егер мемлекеттік тіліміздің келешегін, дамуын ойластырсақ ,
ғалымдарымыз бен тәжірибелі мұғалімдеріміздің өзге ұлт өкілдері мен қазақ
баларына арнайы оқулық мезгілі жетті. Бұл- кезек күттірмейтін мәселе
болуға тиісті.
Филология ғылымының докторы, профессор Нұржамал Оралбаеваның:
«Оқушы тілін дамыту ауызша және жазбаша жүргізіледі. Тілді оқытуда бұл
екі бағыт қатар байланыста іске асырылады. Қазақ тілін оқытудын алғашқы
кезеңіңде ауызша тіл дамыту басымырақ болды. Сөйлеу тілі кейінірек жазба
тілді дамытуға негіз болады»,- деген пікіріне сүйенсек бөгде ұлт
мектептеріндегі қазақ тілі сабағының арқауы – тіл дамыту жұмысы болуға
тиіс.
Тіл дамытуда:
1. Сөздік қорын байыту
2. Байланыстырып сөйлеуді дамыту
3. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді үйрету
4. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру

бағытында жұмыс жүргізетініміз өздеріңізге мәлім.
Қазақ халқының белгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынов:
1. Сөздің алдына дыбыс қою.
2. Сөз соңына дыбыс жалғау.
3. Сөздерді бір дыбысты өзгерту арқылы тіл дамытуда үш принципті

жузеге асырудың жолдарын нақты мысалдармен дәлелдейді.

Қазақ балаларына арнап жазған «Оқу құралы» атты тұңғыш әліппесінде
сөзден сөз туындатудың жолдарын ұсынды.
1997 жылдан бері Ахмет Байтұрсыновтың үлгісімен жасалған жаңа буын
оқулығы «Әліппені» оқып жатыр.
Оқушының сөздік қорын байытуда тірек сөздердің негізінде сөз туындату
тірек сөздердің негізінде сөз туындату жолдарын мемлекеттік тілде
оқымайтын мектептерде пайдаланудың да тиімділігі көп. Оқушыларға А<>A,
А<>, <>А<> арнайы сызба ұсына отырып тірек дыбыстарды ғана белгілеп,
сөз жасату арқылы оқушылардың белсенділігін арттырамыз.
1. А А ата, апа, аға, ана, аса, ара, ауа.
2. А ақ, ал, аш, ас, аз, ат, ар, ай.
3. <>А<> қас, қаш, қаз, қан, қал, қар.
Бұл сызбаларға дыбыстар қоса отырып, лексикалық мағынасы бар сөз
тізбегін жасатуға болады. Оқушылар сөз мығынасына көңіл бөле отырып, сөз
тіркесін жасайды. Егер оны сызба түрінде белгілесек, сөйлем мүшілерінің
орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құратуға дағдыландырамыз.
Мәтінмен, сөздікпен, оқулықпен жұмыс жүргізуде оқушының оқығанын
өмірде іске асыруға, өз көзқарасын, пікірін білдіруге қабілеті қандай
екендігін анықтаймыз. Оқушылар мәтіндегі сөз мағынасына көңіл бөле
отырып, ұғынуға ауыр сөздерді дәптерлеріне жазып, аудармасын табады.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда диалог, монолог, сұхбат арқылы
оқушылардың тілін дамытамыз.
Республикамыз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, өзге ұлт өкілдерінің қазақ
тілінде сөйлеу білік-дағдылырын қалыптастырып, тілдің қарым-қатынастық
қызметін меңгерту үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің көмегі керек.
Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілінен сабақ беретін
арнайы мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі- Жубанов атындағы
университет. Мен университеттің түлегімін.
Оқушыларды қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда ғана емес,
оларды халқымыздың салт-дәстүрін танып-білуге, құрметтеуге баулу да
негізгі мақсаттардың біріне саналуы тиіс. Өйткені, қазақ тілін оқытудың
ұлттық дәстүрмен сабақтастығы тіл үйренушіні өз мемлекетін сүюге, оның
дәстүр-салтын құрметтей білуге игі ықпал жасайды. Ұлы педагог
В.А.Сухомлинский«Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз,творчествосыз,фантазиясы
з толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-
ойы, парасаты ұлттық сананы сіңіру арқылы байи түседі. Оқушыларды
қазақтың ұлттық ойындары «Сиқырлы қоржын», «Бәйге», «Көкпар», «Асық»,
«Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық ойындарына қатыстыру өте тиімді екеніне
қол жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды түсіндіру кезінде
де, қайталау сабағында да қолдануға болады.
Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданудың
тиімділігі мол.
1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы дұрыс меңгерту.
2. Орфографияны ұлттық ойындар арқылы дұрыс оқыту.
3. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру .

4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
5. Грамматикалық құрылымды ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
6. Оқушылардың ойын дамыту, яғни, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи
білу дағдыларын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.
Мәселен, сабақта грамматика материалдарын, сөзбен сұхбат, әңгіме, мәтін
құрастыру, оны есте сақтап қалу мәселелері жоспарлаған делік. Яғни,
лексиканы қайталау кезінде «Сикырлы қоржын» және «Бәйге» ойындарын
пайдалануға болады. Ол мына төмендегіше құралады. Бастапқыда «Сикырлы
қоржын» және «Бәйге» ойындарының мазмұнымен таныстырып, ойын
мақсатын, лексика дағдасын қалыптастыру көзделеді. Ең бастысы ойынға
қажетті делінген қоржын, әр түрлі жеміс суреттері қолданылады. Ал ойын
барысында оқушылар екі топқа: «Махамбет батыр» және «Исатай батыр»
ауылына бөлініп, батырлар туралы мағлұмат беріледі. Ойынның шартына
сәйкес әр ауылдың оқушысы кезекпен қоржын ішінен жемістерге тиісті
суреттерді алып, оны қазақша дұрыс айту тиіс.
Фрукты- жемістер
Яблоко- алма
Груша- алмұрт
Виноград- жүзім
Овощи- көкөністер
Помидор- қызанақ
Огурцы- қияр
Лук- пияз
Егер жемістердің атауларын дұрыс атаса, магнит тақтасына ілулі тұрған сол
ауылдың «тұлпары» бір саты жоғарылып, бәйгеге жақындай түседі. Біз бұл
сабақты қазақтың ұлттық ойынын «Бәйгемен» ары қарай жалғастырамыз.
Бәйге- қазақ халқының үлкен тойларында болатын ат жарасы. Бұл ойында екі
ауылдың отаулары және екі елдің тұлпарларының суреті ілінген, ақ
тұлпарлар ауылға жеткенге дейін сызықтар қойылған. Қайсы ауылдың
оқушылары өз кезегінде қоржын ішіндегі суреттердің сөзін тауып, дұрыс
атаса, тиісті отауға ілсе, ақ тұлпарлар белгіленген сызықтарды басып,
бірінші болып өз аулының отау алдына жетпес, сол ауылдың оқушылары
бәйге иесі болып, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы
беріледі. Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы зор. Ол оқушыны
зеректікке, білгірлікке баулиды. Бізге мұра етіп тастап кеткен
бабаларымыздың асыл қазыналары қазақтың ұлттық ойындарына деген
көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Қазақ тілінен сабақ
беретін ұстаздарға қойылатын талаптар өте жоғары. Соның бірнешеуіне
тоқтала кетейін :
1. Бағдарламаға сәйкес күнтізбелік және сабақ жоспарының дұрыс құрылуы.
2. Оқушы білімін дұрыс бағалау.
3. Оқушылардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыру
а) сөйлемді дұрыс құрастыру
ә) мәтінді тыңдап түсіну (аудирование)
б) мәтінді ішінен оқып, мазмұнын айтып беру

в) оқу жылдамдығы
г) жаңа сөздерді синоним, антоним арқылы тусіндіру.
4.Оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстар жүргізу, дыбыстарды
дұрыс оқуына, екпінді дұрыс қоя білуіне назар аудару.
5.Сабақты тек қазақ тілінде жүргізу.
6.Мұғалім мен шәкірттер арасындағы дұрыс қарым- қатынас.
7.Мұғалімнің теориялық, практикалық дайындығы.
8.Тілді оқытуда қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен
байланыстыру.
9.Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі, үнемі оқу, білім деңгейін көтеруі.
10.Қазақ тілі кабинетін тиімді пайдалану.
11.Техникалық және көрнекі құралдарды тиімді қолдану.
12.Дидактикалық материалдарды оқушыға түсінікті етіп беру.
13.Жеке оқушылармен жұмыс істеу мақсатында кәртішкелер дайындап,
оларды орында пайдалану.
14.Жалпы оқытудың педагогикалық технологияларын оқып үйреніп, өз
жұмысында пайдалану.
Сабақтың мақсатына келетін болсақ, оның білімділік, дамытушылық және
тәрбиелік жағына аса мән беріліп, дұрыс қойылуы тиіс. Сабақтағы мәтін мен
жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуінің маңызы зор.
Пәнаралық байланыс,сабақтың өмірмен байланыстылығына мән беру қажет.
Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын
молайту-әр сабақтың міндеті. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісіне
инновациялық технологияларды енгізу-педагогикалық ғылым мен мектеп
тәжірибелерінің сабақтастығын көрсетеді. «Деңгейлеп оқыту», «Модульдік
оқыту технологиялары», «Ойындық технология», «Дамыта оқыту»
технологиялары қазір кеңінен қолданылуда. Сол сияқты жеке дара оқыту,
саралап оқыту, жеделдетіп оқыту технологиялары да өмірге енгізілуде. Осы
технологиялардың мақсаты-жеке тұлғаны дамыту.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаймын, сәлемдесуден кейін әнұран
айтылады, сонан соң кезекшінің мәлімдеуін тындаймын. Оқушылардың
тілдерін ұстарту мақсатында әр күні әр тақырыпқа сұрақ-жауап жұмысын
жүргіземін.
Мысалы, ауа райы, кун тәртібі, бос уақыт, т.б. тақырыптарға сөйлесеміз.
Сонан кейін міндетті түрде әр дыбысты, әсіресе қазақ тіліне тән 9 әріптен
келетін сөздерді қайталап, фонетикалық жаттығу жасалады. Алдыңғы
сабақта өтілген тақырыпты қайталап, еске түсіріп болған соң, үй тапсырмасы
сұралады. Үй тапсырмасы баланың қабілетіне қарай деңгейлеп беріледі.
Жақсы оқитын оқушыларға күрделірек, нашар оқитын оқушыларға жеңілірек
тапсырмалар беріледі. Жаңа сабақты түсіндіруге кіріспестен бұрын сабақтың
тақырыбы, мақсаты айтылады. Мәтінмен, жаңа сөздермен жұмыс істеледі,
жаттығұлар жасалады, сұрақ-жауап , сөйлесу, әңгімелесу, суретбойынша
әңгіме, ойын, т. б. сабақ өткізудің түрлерін пайдаланамын. Мақал – мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттау, білу оқушыларға ұнайды. Оқушыларды

ізденуге, ойлануға жетелейтін сөзжұмбақтар құрастырып қолданудың
оқушылар қызығушылын арттыруда маңызы зор.
Сабақты бекіту мақсатында сұрақ-жауап жұмысын жүргізіп, сол сабақта
олардың нені үйренгендерін , нені білгендерін байқаймын , түсінбеген
жерлерін түсіндіремін. Сабақ аяқталуға бес минут қалғанда үй тапсырмасын
беріп, не істейтіндіктерін айтамын. Сабақтың соңында қорытынды жасап ,
кім сабата қалай жұмыс істегендерін , неге баса назар аудару қажеттігін
айтып , бағалаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!