Баяндама: Мақсат – оқыта тәрбиелеу

Баяндама: Мақсат – оқыта тәрбиелеу казакша Баяндама: Мақсат – оқыта тәрбиелеу на казахском языке

Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу
дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны
жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді,
білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық-шығармашылық және қарапайым
есептерді шешуде дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше
жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-
құлықтың, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе, жоғары
сынып оқушылары мен төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда
айқын білінеді. Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде
қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге
асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін оның бойынша өз күші және білім игеру қабілетімен қатар
дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген
тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына
саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап
отыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік
техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен
оқу іс-әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып біз оған
мынадай анықтама береміз. Танымдық белсенділік деп мотивациялық-
тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен
тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
1. Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту,
өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын
қанаттандыруға ұмтылу).
2. Мазмұндық-амалдық (тіректік білім, жалпы дидактикалық және
арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы).
3. Процессуалды-жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін
қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу
дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс).
Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық
белсенділікті
қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғалымдар әр түрлі
ой-пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, оқушылардың өз іс-

әрекетін басқару құрылымын, оларда қалыптасатын танымдық белсенділіктің
құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік оқушылардың оқу үрдісіне
ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан,
ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізгі білім жүйесі мен жаңа білімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және
оқу-танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігердің болуы
және оны өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Біздің жүргізген зерттеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің
барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз
байланыста болатындығы анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға
жасалған талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің
негізгі бөліктерден мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны
арқылы анықтауға мүмкіндік берді.

Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет
атқарады: мотивациялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық
белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз
жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның
аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық
белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып,
қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі

Танымдық белсенділік

Мотивациялық-
тұлғалық

Мазмұндық-
амалдық

Процессуалды-
жігерлік

интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыра
алатын болса; б) оқушының өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты
сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекеті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың
танымдық белсенділігі қалыптасты деп саналады.
Біз оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі
жолының бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-
зерттеу жұмыстарында компьютердің мүмкінділігін пайдалануды таңдадық.
Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:
- оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы
қалыптасатын теориялық білімнің болуы;
- компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы
жүргізілетін оқу және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы
жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы;
- компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы
оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны
үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің
қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу
деңгейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік танымдық белсенділіктің
қалыптасуының төмендегідей деңгейлеріне ие.
1. Танымға ұмтылу, негізінен, жаңа білім игеруге бағытталады.
Игерілген негізгі білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсірумен
шектеледі.
2. Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тәсілдерін игеруге және ол
білімнің көзін табуға бағытталады. Негізгі білім жүйесі оны берілген
алгоритм бойынша шығарылатын есептерді шешу деңгейінде
игерілген.
3. Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тәсілдерін табуға
және осы әдістерді жетілдіруге бағытталады. Негізгі білім жүйесі
алған білімін еске түсірумен қатар оны шығармашылық түрде
қолдана білетіндей деңгейде игеріледі.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық
белсенділіктің
қалыптасуының мынадай деңгейлерімен сипатталады.
1. Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны
қайталау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің
мақсаты игерілетін тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар
тапсырмалар мен есептерде нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау
қойылған мақсатқа сәйкес келмейді.
2. Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай
тұрып, қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-
танымдық белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келгенімен,

қойылған тапсырмаларға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау
жұмыстың барлық кезеңін толық қамтымайды.
3. Дағды хабардың негізгі мазмұны мен мақсатын танып, қабылдау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты
анықталады және есептерді шешуде нақты айқындалады. Осыларды
есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспар жасалады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының
келесі
деңгейлерінен тұрады.
1. Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың
ерік-жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты
аяғына дейін атқармайды, оқу-танымдық іс-әрекетте өз бетінше
белсенділік, жүйелілік танытпайды, т.б.
2. Таным кезіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар сабақ кезінде
ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен
қиындықтарды жеңуге табансыздық танытады.
3. Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің барлық түрінде байқалады. Оқушылар кез келген
тапсырманы аяғына дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі
түрде жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының осы анықталған
сипаттамаларының
негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі үш деңгейге бөлінді: төменгі,
орташа, жоғарғы.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық
еместігімен, күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша
тапсырмаларды орындауды өз бетінше жұмыс істеумен, оқушылардың оқуға
тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өзіндік
жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманы игеру
және оны орындай алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни, оқушылардың
оқу-танымдық белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғарғы деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа
деген қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу-
танымдық белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығымен сипатталады.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Мақсат – оқыта тәрбиелеу туралы доклад казакша на казахском, доклад Мақсат – оқыта тәрбиелеу на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Мақсат – оқыта тәрбиелеу, баяндама Мақсат – оқыта тәрбиелеу туралы доклад казакша на казахском доклад Мақсат – оқыта тәрбиелеу на казахском языке баяндама скачать бесплатно скачать доклад на казахском языке қазақша баяндамалар жинағы казакша Мақсат – оқыта тәрбиелеу, Баяндама: Мақсат – оқыта тәрбиелеу