» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Бұлақ және өзен
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздерді табады, үлгі бойынша тірек сөздермен мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында қолданады, үлгі бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында еркін қолданады, мәтінде шылауды орынды қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Бұл ойын түрі бір-бірін құрметтеуге баулиды.
Қызығушылықты ояту
«Екінші буынымды тап!»
- Көптік жалғауын жалғасаң көбейеді.
- Барыс септігін жалғасаң шомыласың.
- Зат есім жұрнағын жалғасаң ішесің.
- Сын есім жұрнағын жалғасаң суланасың.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• тақырыпқа қатысты тірек сөздерді таба аламын;
• тірек сөздерді орынды қолданамын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді меңгерту
(сөздерді дыбысталуы арқылы меңгерту)
Бұлақ – сарқырап ағады
Өзен – шуылдап тасиды
(мысалдармен бекіту)
1-тапсырма
(ЖЖ) «Пирамида» әдісі» бойынша жеңілден күрделіге қарай сөйлем құрастыр.
Қолданылатын сөздер: өзен, бұлақ, ағады, тасиды, сарқырап, шуылдап, таза, мөлдір.
Мысалы:
1. Бұлақ.
2. Таза бұлақ.
3. Таза бұлақ ағады.
4. Таза бұлақ сарқырап ағады.
1. Өзен.
2. Мөлдір өзен.
3. Мөлдір өзен тасиды.
4. Мөлдір өзен шуылдап тасиды.......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 33 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Бұлақ және өзен 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бұлақ және өзен, сабақ жоспары Бұлақ және өзен 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Бұлақ және өзен, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұлақ және өзен (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)