Әр түрлі ортадағы электр тогы.


Қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электродинамика

Колледж: Тараз қаласы.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Күні:

Оқытушы: Құлекеева Әсия Әбдірахметқызы

Тобы:

Барлығы: 25 студент

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әр түрлі ортадағы электр тогы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.12.1.6.Тұрақты токқа арналған Ом заңдарын және Фарадей заңын есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

- Әр түрлі ортадағы электр тогы,тұрақты ток заңдарын білу;

- қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсіну;

- Тұрақты ток заңдарын және Фарадей заңын есептер шығаруда

қолдану;

Бағалау критерийлері

- Әр түрлі ортадағы электр тогы,тұрақты ток заңдарын біледі;

- қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсінеді;

- Тұрақты ток заңдарын және Фарадей заңын есептер шығаруда

қолданады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрондар, иондар, электролиттер, электролиз...

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электр тогы дегеніміз...

Электролиз дегеніміз...

Иондық өткізгіштік ...

Құндылықтарға баулу

-Өмір бойы білім алу құндылығын дарыту мақсатында тапсырмалар орындату

-Білімгерлер арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

-Топтарда және жұптарда жұмыс жасағанда ынтымақтастық, сыйластық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Электротехника, химия (есептеулер, формулалар)

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісімен жұмыс жасау.

Слайдтар, бейнефильм, суреттер

Алдынғы білім

Тұрақты ток заңдары:

-Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

-Өткізгіштерді жалғау әдістері.

-Ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісі.

-Толық тізбек үшін Ом заңы

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5-мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Студенттермен сәлемдесу

-Ынтымақтастық атмосферасын құру

-Топқа бөлу, топ басшысын сайлау-(3-топ)

оп-ток күші,

оп-кернеу,

оп-кедергі

Ұқсас фигуралар бойынша топтарға бірігу (студенттерге қызыл, жасыл, сары шамдар үлестіріледі)

Үлестірмелі тапсырмалар,

таблица,

карточкалар

Сабақтың ортасы

(60-мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Пазл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Ток күші дегеніміз не? формуласы

3. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. формуласы

4. Толық тізбек үшін Ом заңы. формуласы

5. Ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісі

6. Өткізгіштерді жалғау әдістері

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Әр түрлі ортадағы электр тогы»

«Фрайер моделі» әдісі арқылы жаңа сабақты түсінуі

«Серпілген сауал» әдісі арқылы

-студенттер сабақтың мақсатын анықтайды.

-трек конспектісін, слайдтар, бейнефильмдер пайдалану

1. Металдардағы электр тогы

Металдағы токты еркiн электрондар туғызады. Олардың концентрациясы үлкен болады және металл атомдарының концентрациясымен бiр реттi болады.

2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы. 

-Жартылай өткiзгiштер деп кедергiсi кең көлемде өзгере алатын және температурасы жоғарылаған сайын кедергiсi тез азаятын заттарды айтады.

-Таза (қоспасыз) жартылай өткiзгiш кристалындағы еркiн электрондардың және кемтiктердiң қозғалысынан болатын өткiзгiштiктi жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi дейдi.

3. Электролиттердегі электр тогы. 

-Ток тасушылары иондар болатын сұйық және қатты заттарды электролиттер дейдi.

-Иондар деп бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулаларды айтады.

-Қышқылдар, сiлтiлер және тұздар ерiтiндiлерi электролит болады.

Электр тогының сұйықтан өтуi электролизбен (электодтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуiмен) қатар жүредi.

1.Фарадейдiң бiрiншi заңы: электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал

4. Газдардағы электр тогы

-Қалыпты жағдайда газдарда еркiн ток тасушылар (электрондар мен иондар) болмайды.

-Газдардың атомадары мен молекулаларына электронның үзiлiп кетуi газдардың иондалуы дейдi. Газдарда электр тогын тасушылар тек газдар иондалғанда ғана пайда болуы мүмкiн.

-Электронның газ атомдарымен (молекуларымен) соқтығысуынан болатын газдың иондалуын электронды соққыдан иондалу дейдi

5. Вакуумдегі электр тогы. 

-Вакуум деп газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы -дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен

( ) болатын деңгейiн айтады.

-Вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiктi вакуумдегi электр тогы дейдi.

-Термоэлектрондық эмиссия деп қыздырылған денелер бетiнен еркiн электрондардың шығу құбылысын айтады.

-Термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғыны электронды-сәулелiк түтiкше дейдi.

1-тапсырма: ( топтық жұмыс)

«Джигсо» әдісі арқылы топтық тапсырма.

Әр топқа арналған тапсырмалар ұсынылады

студенттер мəтінді жеке дара оқиды, бір – бірімен талдайды, бір-біріне түсіндіреді, тақырыптың негізгі ойын айтады. Тақырып бойынша постер қорғайды, өз ұсыныстарымен бөліседі.

1-топ

-Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар нелер?

-Түсті металдар не себептен токты жақсы өткізеді?

-Асқын өткізгіштік деп қандай құбылысты айтады?

2-топ

-Электр тогын жақсы өткізетін сұйықтарды қалай айтады?

-Электролиз әдісін қалай түсінесіз ,мысал келтір...

-Электролиз әдісін пайдалану мақсатын атаңыз...

3-топ

-Қалыпты жағдайда газдардан ток алуға бола ма?

-Газ разряды дегенді қалай түсінесіз?

-Вакуум деп нені айтамыз? Мысал келтір

Дескриптор:

-Металдардар мен сұйықтардағы электр тогы қасиеттерін біледі;

-Жартылай өткізгіштер мен газдардағы электр тогының заңдылықтарын толық түсінеді;

-Есептер шығаруда формулаларды қолданады;

ҚБ: Топтар бірін -бірі бағалайды

2-тапсырма ( жұптық тапсырма)

-Білімгерлер жұпта төмендегі есептерді шығарады

1-топ

1.Резистордағы кернеу 120 В, кедергісі 12 Ом токтың шамасын анықтаңыз...

2-топ

1. Өткізгіштің кернеуі 110 В, ток күші 2 А –ге тең кедергісін анықтаңыз...

3-топ

1.Электр үтігі 220 В тізбекке жалғанған, тізбектің кедергісі 48,4 Ом –ға тең ток күшін анықтаңыз...

3- тапсырма (практикалық жұмыс)

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жұптық жұмыс

3-топқа да бірдей тапсырма беріледі

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель,аралас жалғау әдістерін көрсетеді

1. Өткізгіштерді параллель жалғау әдісі:

2.Өткізгіштерді тізбектей жалғау әдісі:

Дескриптор:

-Тұрақты ток заңдарын анықтауға есептер шығара алады

-Әр түрлі ортадағы электр тогын анықтауды түсінеді

-Өткізгіштерді жалғау әдістерін практикада қолданады

ҚБ: Жұптар бір- бірін бағалайды

4-тапсырма

«Элективті тест» әдісі (жеке тапсырма)

Тест тапсырмалары интерактивті тақта арқылы беріледі.

1. Зарядтардың қанша тегі бар?

А). 1

Ә). 3

Б). 2

В). 4

2. Электрон деген не?

А). Ұсақ бөлшек

Ә). Теріс зарядты ең кіші бөлшек

Б). Ядро

В). Молекула

3.Зарядтарды қалай атайды?

А). Әр текті

Ә). Оң және теріс

Б). Бір текті

В). Нейтрал

4. Электр өрісінің болатындығын зерттеген ғалымдар кім?

А). Резерфорд

Ә). Вольт

Б). Фарадей

В). Максвелл

5. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың ара қашықтығын неше есе өзгерту керек?

А). 2есе арттыру керек

Ә). 2есе кеміту керек

Б). 4есе арттыру керек

В). 4есе кеміту керек

Дескрипторлар.

-Қысқа тұйықталудың анықтамасын біледі;

-Кулон заңының мағынасын түсінеді;

-Ом заңдарын есептер шығаруда қолданады;

ҚБ: Өзін-өзі бағалау

Физика 10-сынып

Ақпараттық парақ

Интернет желіі

Интерак

тивті тақта

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=5777831340064946044&from=tabbar&parent-reqid=1623053973342400-5268806198215325212-

 

 

Постер А4 форматта

Интерак

тивті тақта

Есептер

Жинағы

Стикерлер

Сабақтың соңы

(15-мин)

«Кахут» тесттері арқылы жаңа сабақты пысықтау

Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі

-Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды ...

-Сабақта жақсы түсіндім ...

-Тақырып бойынша әлі де іздену керек ...

нұсқау карта

 Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Қызыл –«ештене түсінбедім, сабақ маған қызықсыз»,

Сары – « түсіндім, бірақ толықтай емес, сабақ жақсы өтті»,

Жасыл – «барлығын түсіндім, сабақ тамаша өтті».

Үй тапсырмасы: 10-сынып

12-тарау §12,1-12,6. Тақырыптарды оқып конспекті дайындау

25-жаттығу есептерін шығару

БББ кестесі.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Топтың атауы

«Пазл» әдісі арқылы үй тапсырмасының жауаптары

«Фрайер моделі» әдісі арқылы жаңа сабақты түсінуі

«Кахут» тесттері арқылы жаңа сабақты пысықтау

Жалпы ұпай саны

Тоқ күші

Кернеу

Кедергі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу