ПОРТРЕТ ЖАНРЫ. ПОРТРЕТ ТҮРЛЕРІ 6-сынып
Түркістан облысы, Кентау қаласы
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚ - 2022
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Көркем еңбек
Сабақтың тақырыбы: ПОРТРЕТ ЖАНРЫ. ПОРТРЕТ ТҮРЛЕРІ.
Сыныбы: 6 «А»
Пән мұғалімі: Байтерекова Шолпан Искаковна
ҚМЖ Көркем еңбек
Сабақ жоспары
Білім беру ұйымының атауы | Түркістан облысы, Кентау қаласы Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі | ||||||||||||||
Пәні: | Көркем еңбек | ||||||||||||||
Бөлім: | Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Визуалды өнер | ||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байтерекова Шолпан | ||||||||||||||
Күні: | 06.09.2022 ж. | ||||||||||||||
Сынып: 6 «А» | Қатысушылар саны: 27 | Қатыспағандар саны: 0 | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Портрет жанры. Портрет түрлері. | ||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 6.1.3.1. Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру 2-мин | Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. | Мұғалімнің нұсқауы бойынша «Көрші» тренингін орындайды | АКТ Интерактивті тақта, Слайд №1 | ||||||||||||
Сабақтың басы 3-мин | «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Топқа бөлу үшін тақырыпқа байланысты суреттерді пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады.
| Оқушылар берілген мозайка бөлшектерінен портретті құрастыру арқылы топтасады. | Бағалау: смайлик | АКТ Интерактивті тақта, Слайд №2 | |||||||||||
Өткен білімді еске түсіру 4-мин | Өткен сабақты пысықтау үшін «Сақина салмақ ойыны» әдісі Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
1.Портрет жанрын қалай түсінесің? 2.Портрет суреттері қандай жас ерекшеліктеріндегі адамдардың бейнесін айтуға болады? 3.Портретті қандай сурет салу әдістерімен орындауға болады? 4.Адам бейнелерін орындағанда қандай геометриялық фигуралардың көмегіне жүгінеміз? 5.«Портрет, иллюстрация, репродукция, композиция» - терминдеріне талдау жаса. («Портрет» - француз тілінен «portrait» сөзі «дәлме-дәл, айнытпай салу» дегенді білдіреді). | Мұғалімнен қолына сақина түскен оқушы сұрақтарға жауап береді, портретке талдау жасайды, орындалуына және терминге мағлұмат береді. (алдыңғы сыныптарда портрет жанры өтілген, оқушылар білгенін жауап береді) | Бағалау: смайлик | Слайд №3 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 9-мин Жаңа білім | «Миға шабуыл» әдісі Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандай бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясы арқылы оқушының шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Осы әдіс арқылы жаңа тақырыптың жолы ашылады.
1. «Автопортрет» Гүлфайруз Исмаилова. 2. «Бақыт» Салихитдин Айтбаев. 3. «Қазақ Хандығына 550 жыл» Ерлан Айтуаров. Портреттің түрлері: 1-ші сурет – «Автопортрет», 2-ші сурет – «Жұптық портрет», 3-ші сурет – «Топтық портрет». | Дескриптор: Білім алушы --Сурет жанрын анықтайды; --Портрет-тегі түстік ерекшеліктеріне талдау жасайды; --Оқушылар «Портрет түрлерін» түсінеді және бір-бірінен ажырата алады | Бағалау: смайлик Белсенді оқушылар смайликпен бағаланады | Слайд №4 Оқулық. Портреттің түрлеріне байланысты репродукциялар | |||||||||||
5-мин | «Түрткі болу» әдісі Жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін қажет (сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу).
Портреттің түрлері: 1-ші сурет – «Салтанатты портрет», 2-ші сурет – «Камералық портрет», Оқулықпен жұмыс. Суреттерге талдау жасау. | Дескриптор:Білім алушы --Портрет түрлерін сипаттайды; --Суреттегі кейіпкерді сипаттайды; --Атақты портретшілерді атайды; | Бағалау: смайлик | Слайд №5 Репродукцилар Оқулық | |||||||||||
15-мин | Өрмекші әдісі (постер) арқылы сарамандық жұмыс. Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту. Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді.Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. | Оқушылар постер жасайды: 1-топ: Өрмекшінің аяқтарына портрет түрлерін жазады, әр түріне талдау жасайды, дәлелдейді. 2-топ: Өрмекшінің аяқтарына портреттердің орындалу техникасын, бейнелеу өнерінің қай түрлеріне жататынын дәлелдейді. | Бағалау: смайликпен | Слайд №6 Әр топқа А3 пішінді қағаз, түрлі түсті маркер, стикер | |||||||||||
Бекіту 5-мин Кері байланыс | Жаңа сабақты бекіту. Қабырғаға дайындалған көрме-газеті ілінеді. «Галереяға саяхат» әдісі – топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар өз қабырға газетіне талдау жасайды, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. | Оқушылар қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. | Бағалау: смайликпен | Слайд №7 | |||||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс Рефлексия 2-мин | «Шахмат» әдісі Саймон Браунхилл бойынша өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу.Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар ақ ұяшықтарға сабақты жақсы түсінген оқушы өз ойын жазады, ал сұр түсіне оқушы түсінбесе немесе басқа да ойымен жазып бөліседі. Мұғалім стратегиясы бойынша келесі сабаққа дайындалады.Оқушылардан тақырыпты түсінгенін не түсінбегенін «Шахмат» әдісі арқылы тексеремін. | Оқушы стикерге жаңа тақырыпқа байланысты өз пікірін жазады. | Слайд №8 Шахмат тақтасы стикер «Шахмат» әдісі | ||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||
Сабақ жоспарын құру барысында әрбір оқушыға сабақ мақсатты мен тапсырманы қызыға орындауларын саралай отырып жоспарладым. Бұл жерде әрбір әдіске білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құрдым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін, қабілеттерін ескере отырып осындай саралау жүргіземін. Ал қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды күрделендіріп отырамын. Дескриптор: 1.Портрет жанрында иллюстрацияға, репродукцияға талдау жасайды. 2.Композицияда портрет түрлеріне талдау жасайды. | Сабақ барысында оқушылардың қабілеттеріне және белсенділік танытуына байланысты бағалауды жүргіземі. 1.Бағалауды үш түрлі смайлик түрлерімен бағалаймын. 2.Критериалды бағалау (дескриптор) арқылы. | Қауіпсіздік техникасы ережесін қысқаша атап өту. Қауіпсізденетін заттар: қайшы, ұшы үшкір қалам. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс жасағанда ұқыпты болу және денені тік ұстау. Жұмыс орнын таза ұстау. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Сабақ барысында, сабақ мақсаты мен оқу мақсаттары өз деңгейінде орындалды. Көркем еңбек пәнін оқушылар жақсы көретіндіктен, әр тақырыптағы тапсырмаларды ынтыға орындайды. Портрет тақырыбындағы тапсырмаларды балалар ынты-шынтымен толық орындады. Сабақ кезеңдері дұрыс жоспарланғандықтан саралау дұрыс жүргізілді. | ||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Әртүрлі әдістердің қолданылуы. 2: Постер қорғау. Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Бұл тақырыпқа басқа қосарым жоқ. 2: Әр тапсырма орнықты орындалды. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?