ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ


Тақырыбы: «Өмір қауіпсіздігі басты назарда болсын»

Сыныбы:

Күні:

Сынып жетекші.

Мақсаты:

 Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;   Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Өмір қауіпсіздігін сақтау әрқайсымызға міндет»

Мақсаттары

Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру. Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар.Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. 

Қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық (слайд арқылы көрсету)

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт

2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара

3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт

4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.

7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

Оқушыларға презентация көрсетіледі.

Белгі, Автобус,Ғарышкер,

Ауди,Жасыл, Аурухана, шина, Жолаушы, аялдама

Қағазда жазылған сөзді ыммен түсіндіру.

Оқушыларға презентация көрсетіледі

Сабақтың ортасы

Адамның ең негізгі мақсаты, ол - өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда адамның өз өмірін және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін қалай ұстау керектігін білу. Сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу өте маңызды. Төтенше жағдай болған кезде сабырлық сақтап, қасыңыздағы адамға жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану- біздің міндетіміз.

Таратпа материалдармен жұмыс

Оқушыларға

Өрт қауіпсіздігін сақтау

Судағы қауіпсіздікті сақтау.

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

Постер құру

Оқушылар постер құрып, қорғайды.

І топ: Өрт қауіпсіздігін сақтау.

ІІ топ: Судағы қауіпсіздікті сақтау.

ІІІ топ:Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

4. Постер құру

Әр топ берілген мәтіндерді оқып, түсінгендері бойынша постер құрып,

қорғайды.

Жағдаяттық сұрақтар

Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.1.Сен үйде жалғыз қалдың. Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?2. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?3.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?4.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің. Мұндай жағдайда не істер едің?

5. Анаң үтікті қосып қойып, ұмытып далаға шығып кетті. Ондай жағдайда сен не істер едің?

6. Сен үйде жалғыз отырғанда жер сілкінісі болды. Мұндай жағдайда сен не істер едің?

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Бірақ кей жағдайда өзіміздің ұқыпсыздығымыздан өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Сол себепті оқушылар өміріміздің қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды.

Оқушыларға қаупсіздік ережелері жазылған скикерлер таратылады. Оқушылар скикерді оқиды және бір ауыз сөзбен түйін жасайды.

презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу