Отбасым – күншуағым
Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 148 қазақ орта мектебі КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Жамгужаева Гульнара Алиибековна
Тақырыбы: «Отбасым – күншуағым»
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ой бөлісу.
Әдісі: Шаттық шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар 4 «В» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасым – күншуағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
І. Шаттық шеңбері.
- Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.
Жауап: «Менің жанұям»,«Отбасы».
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Ата – аналарға сұрақтар
1. Балаңызды, қызыңызды қалай еркелетесіз?
2. Балаңызға үнемі көңіл бөлсіз бе?
3. Отбасы тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі?
4. Балаңыздың қандай жағымсыз, жат қылықтардан аулақ болғанын қалар едіңіз?
5. Балаңыздың қандай жақсы істері мен әрекеттерін үлгі етер едіңіз?
6. бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Бейне баян көрсетіледі
Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
ІІ кезең Әдеби монтаж
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.
ІІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде
1 - топ. Отбасымдағы ең сыйлы адам
2 - топ, Отбасы жайлы синквейн
3 - топ. «Менің бақытты жанұям» тақырыбында суреттер салып қорғайды
4 - топ. Бала әр ата - ананың болашағы
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
ІҮ кезең. «Конверттегі сұрақтар»
«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады
Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата - ананы шақырамыз.
Құрметті ата - аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
№1
1. Балаңыздың парталас көршісі кім?
2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
№2
1. Балаңыздың сүйікті асы не?
2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
№3.
1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
№4.
1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
№5.
1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?
2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.
Анаң - күнің жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің - мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Кері байланыс: «Тілек шамы».
Отбасы - ұшқан ұя жылылықтың мекені. Отбасы атауының мәніне терең үңілер болсақ оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін, тілек айта отырып, жағайық
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде отбасының маңызы зор. Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ
Ән: Мерекем
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?