Адал еңбек – адамдықтың белгісі 5 сынып


Сынып сағаты

№3

Күні

15.09.2025

Сынып жетекші

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Адал еңбек – адамдықтың белгісі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі құндылық екенін ұғындыру.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы

«Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа- райында не істек керек?

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

оқушыларды ауа райы құбылыстарымен таныстыру және найзағай, көктайғақ, бұрқасын кезінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту, ауа райы және оның негізгі көрсеткіштері туралы білімдерін бекіту.

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйексөзі

Еңбекқорлық-адамның ең жақсы қасиеті

Сабақтың барысы:

Сынып сағатының кезеңі \ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы (10 мин)

– «Жасырын мамандық» ойынын бастайды: қорап ішіне әртүрлі еңбек құралдарының кішкентай макеттерін немесе суреттерін салады. Бір оқушы қолымен алып, сипап, қандай мамандыққа тиесілі екенін табуы керек.– «Еңбексүйгіш жүрек» әдісі: жүрекше қағаздарға «еңбекқор адам қандай болады?» деген сұрақ жазылып, оқушылардан жауап жиналады.

– Оқушылар затты сипап мамандықты табады.– Жүрекшелерге өз ойларын жазады және ортада бөліседі.

Қорап, еңбек құралдарының суреттері немесе макеті, жүрек пішінді қағаздар, маркерлер

Сынып сағатының ортасы (20 мин)

– «Еңбек ертегісі» топтық тапсырмасы: әр топқа «Еңбексіз күн», «Адал еңбекпен келген табыс», «Жауапкершіліксіз бала» тақырыптары беріледі. Олар 5 минут ішінде қысқа ертегі құрастырып, сахналайды.– «Еңбек баспалдағы» ойыны: тақтаға еңбекке апаратын баспалдақ суреті ілінеді. Әр басқышқа оқушылар еңбекке қатысты бір жақсы қасиетті жазады (мыс: еңбекқорлық, адалдық, табандылық, ынта).

– Топпен ой құрастырып, шағын сахналық көрініс көрсетеді.– Әр топ кезекпен баспалдаққа шығып, қағазға қасиеттерін жазып іледі.

Ватман, стикерлер, маркерлер, суреттер

Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

Сабақтың барысы: Кіріспе Сәлемдесу. Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Ауа райын болжау, ауа райы оқиғалары және адам қауіпсіздігі терминдерін енгізеді. Негізгі бөлім Тақырып бойынша түсініктеме: қауіпті ауа райы құбылыстарының сипаттамасы. Қолайсыз ауа-райында үйге оралу кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Найзағай: ‣ Ағаштардың, немесе металл құрылымдардың астына тығылма. ‣ Жүгірме, қолыңда металл заттарды ұстама (мысалы, қолшатыр). ‣ Жақын ғимаратты қарастыр немесе аялдамадаға кіріп тұр. ‣ Панасыз жерде тұрма. Қатты жаңбыр: ‣ Су өткізбейтін плащ немесе қолшатыр (зонтик) алып жүр.

‣ Шалшықтар мен тайғақ жерлерден аулақ бол. ‣ Су шашатын көліктен алыс жүр. Қар мен көктайғақ: ‣ Сырғанамайтын табаны бар ыңғайлы аяқ киім ки. ‣ Асықпай жүр. ‣ Тік беткейлерде төмен және жоғары көтерілуден аулақ бол. Қатты жел: ‣ Ағаштардан, құрылыс алаңдарынан және билбордтардан аулақ бол. ‣ Велосипедпен немесе скутермен жүрме. ‣ Қажет болса, жақын жердегі баспанаға (дүкенге немесе кіреберіске) кіріп тұр. Үйге жету мүмкін болмаса не істеу керек. Егер ауа-райы күрт нашарласа және жолды жалғастыруға мүмкіндік болмаса: ‣ ата-аналарға немесе ересектерге қоңырау соғып хабарлас, орналасқан мекен-жайын туралы хабарласып айт; ‣ қауіпсіз, жабық жерде ауа-райының жақсаруын күт. Қорытынды Сабақты қорытындылау. Шығармашылық тапсырманы орындау: ауа райының өзгеруі туралы халықтық белгілерді жазу. Өткен тақырыпты қайталау

Постер, маркерлер, жағдаят жазылған карточкалар

Сынып сағатының соңы (5 мин)

– «Адал еңбек иесі» ойыны: әр оқушы көршісіне еңбекқорлыққа қатысты бір жақсы қасиетін айтып береді.– «Дәйексөзді жалғастыр» әдісі: «Еңбек…» деп бастап, әр оқушы сөйлемді жалғастырады.– Қорытынды: апта дәйексөзін бірге хормен айтады.

– Бір-біріне жылы сөздер айтады.– Сөйлемді жалғастырады.– Дәйексөзді хормен қайталайды.

Стикерлер, тақырып жазылған плакат

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу