Сынып сағаты Адал азамат Адал еңбек Адал табыс
Адал азамат- Адал еңбек-Адал табыс
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Үркенбаева Ж.А | |
Күні: | 04.11.2024ж | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Адал азамат- Адал еңбек -Адал табыс | |
Құндылықты дарыту | Адалдық ұғымын түсіндіру; Әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру; Адал табыстың өмірдегі орны мен маңызын түсіндіру; Оқушылардыадалдыққажәнееңбектісүюгетәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Мұғалімнің кіріспе сөзі. Адалдық дегеніміз не? Адал еңбектің қоғамдағы рөлі қандай? "Адам бойындағы ең басты қасиет – адалдық пен еңбекқорлық. Адал еңбектің арқасында табысқа жетуге болады. Ендеше, бүгін біз адалдық пен еңбектің маңыздылығын түсініп, қалай дұрыс азамат болу керектігі жайында сөйлесеміз." | Оқушылармен сұрақ-жауап (адалдық туралы ойларын тыңдау). | презентация | |
Сабақтың ортасы | Адал азамат болу деген не? Адамның адал болуы оның іс-әрекеттерінен, қарым-қатынастарынан көрінеді. Мұнда жауапкершілік, сенімділік және шынайылық қасиеттері басты орында. Адал еңбек – адал табыс: Адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Еңбектенген адам өзіне және қоғамға пайда келтіреді. Адал еңбек арқылы табыс табу, адамның қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Мұнда маңызды аспект – еңбектің адал, заңды түрде орындалуы. Адал азамат деген кім? Оқушыларға адал азамат болу дегеніміздің не екенін талқылау. Адалдыққа қатысты мақал-мәтелдер айтқызу. Мысал: "Адал адам – әрқашан әділ, шындықты қолдайды және өтірік айтпайды." Адал еңбек туралы әңгіме:
Адал табыс:
Бейнефильм көрсету: Адал еңбек, табыс туралы қысқаша бейнеролик көрсету. Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау. | сұрақ-жауап: "Адал табысқа жету үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?" "Өздерің адал еңбекті қалай түсінесіңдер?" | Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | Адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Еңбектенген адам өзіне және қоғамға пайда келтіреді. Адал еңбек арқылы табыс табу, адамның қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Мұнда маңызды аспект – еңбектің адал, заңды түрде орындалуы. Сабақты қорытындылап, адал азамат болудың маңыздылығын тағы бір рет түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек пен адал табыс туралы рефлексия жазғызу. "Еңбек – адамды дамытатын, тұлға ретінде жетілдіретін ең басты құндылық. Адал еңбектің арқасында әрбір адам өз мақсатына жетіп, қоғамға пайдалы азамат бола алады. | Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, адалдық және еңбек туралы мақал-мәтелдерді талқылау. Әр топ өз ойларын ортаға салып, постер қорғауыкерек. Оқушыларды мақтап, адалдық пен еңбектің өмірдегі рөлін түсінгендерін айту | презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру