Исламға қарсы кітап жазамын деп мұсылман болды


Голландияның бір кездері әсіре оңшыл Азаттық Партиясының (PVV) депутаты әрі екінші адамы болған Йорам ван Клаверен (Joram van Klaveren) Исламға қарсы кітап жазамын деп, мұсылман болды. Голландияның баспасөз беттерінде жарық көрген хабарларда Голландияның бұрынғы саясаткері, 39 жастағы Йорам ван Клавереннің Ислам дініне қарсы кітап жазу барысында Исламды зерттеп жүріп, дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген.


Осылайша ол өткен қазан айында тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болады. Исламды қабылдаған соң ол мұсылман еместердің Исламға қарсы жаңсақ пікірлерін жоятын кітап жазып шығады.


2010-2017 жылдары Голландия парламентінде депутат болған Ван Клаверен 2014 жылы Азатты партиясының лидері Гирт Уилдерстің (Geert Wilders) тегі Мароккодан келгендерге қарсы нәсілшіл сөздерінен кейін партиядан шығып, тәуелсіз депутат болған.

Ван Клаверен 2017 жылы өткен жалпыхалықтық сайлауда өзінің құрған партиясынан кандидат боп сайлауға түседі. Алайда, жеткілікті дауыс ала алмағаны үшін саясатпен біржолата қош айтысады.


Бір кездері әсіре оңшыл Азаттық партиясының мүшесі болған Бірлік партиясының лидері Арноуд ван Дурн (Arnoud Van Doorn) да 6 жыл бұрын партиядан кетіп, мұсылмандықты қабылдаған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу