👈 қаріп өлшемі 👉

Основы Права ОГН_11 класс


«Құқық негіздері» пәнінен

қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

1

Құрметті мұғалім!

 Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2

МАЗМҰНЫ

3

І тоқсан

Бөлім: Мемлекет және құқық

Тақырып

Заң шығару жүйесі

Оқу мақсаты

11.1.1.1Нормативтікқұқықтықактілердіңнегізгі элементтерін анықтау;

Бағалау критерийі

Білім алушы

нормативтікқұқықтықактілердіңнегізгіэлементтерін анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Берілген Заңнаманы қолданып, құқық нормаларын қамтитын нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементтерін анықтап, төмендегі кестені толтырыңыз.

Құқықтық актілер туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ.

 Осы Заң ҚР құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтері

  • Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі кестедегі сандық сөздермен толықтырыңыз.

Зaңдылық - құқық қорғaу oргандaрыныңнoрмaларын жауaпкершілiкпен сaқтап,

oрындaп, қoлдануында бoлaды. Құқықтық тәртiп – бұлқұқықтық мiнез-

құлығымен сипаттaлатын қoғaмдық қатынaстар жүйесі,байланыстaрдың

реттелу жaғдайы,шынайы қoғaмдық қатынaстарға айнaлуының нәтижесi.

1

2

3

4

cубъeктілeрдің

заңдылықтың

әлeумeттік

құқық

ДескрипторБілім алушы

  • Құқық нормаларын қамтитын нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық төрт элементтерін анықтайды;
  • Анықтаған нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін кестеге жазады;

4

Тақырып

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде.

Оқу мақсаты

11.1.1.5 Қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементерінің астын сызып көрсетіңіз.

ҚР Үкіметі. Саяси институттар. ҚР Парламенті. Құқықтық нормалар. Сенат. Саяси сана. Мәжіліс. Конституциялық Кеңес. Орталық Сайлау Комиссиясы.

ДескрипторБілім алушы

  • Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі төрт элементерін анықтайды;
  • Анықтаған мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі төрт элементерінің астын сызады;

5

Тақырып

Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет

Оқу мақсаты

11.1.2.1 - ҚР саяси-құқықтық актілері (ҚР құқықтық саясат концепциясы, ҚР адам құқығы саласындағы ұлттық іс- қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

ҚР саяси-құқықтық актілері негізінде құқықтық

мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіреді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өз біліміңізге сүйене отырып, берілген мәтінді қолданып, ҚР саяси-құқықтық актілері негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіріңіз.

 Құқықтық мемлекет құру жолында Елбасының 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында жаңа кезеңнің ығына қарай саяси және әкімшілік жүйелерді дамыту қажеттілігі туралы айтылған. Мұнда саяси жүйені дамыту, жаңа кезеңдегі негізгі міндет жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың дәстүрлі үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық мемлекет негіздерін одан әрі нығайта беруі талап етіледі.

ДескрипторБілім алушы

- ҚР саяси-құқықтық актілері негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуында ұсынылған мәтінді (құжатты) зерттей отырып өз білімімен түсіндіреді;

6

Тақырып

ҚР азаматтық қоғам институттарының дамуы

Оқу мақсаты

11.1.2.2 - ҚР азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

ҚР азаматтық қоғам институттарының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген мәтінді қолданып, төмендегі кестені сәйкестендіріңіз.

 Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте ҚР дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды.

https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

1

1996жылғы

31 мамыр

1-

А) Қоғамдык бірлестіктер туралы» ҚР заңы қабылданды

2

2001жылғы

16 қаңтар

2-

В) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңы қабылданды

3

2002жылғы

15 шілде

3-

С) «Саяси партиялар туралы» ҚР заңы қабылданды

ДескрипторБілім алушы

  • ҚР Азаматтық қоғамның басты институттарын анықтайды.
  • Мәтінге сүйене отырып ҚР азаматтық қоғам институттарының негізгі үш функционалдық қажеттілігін сәйкестендіреді.

7

Тақырып

ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының

қорғалуы

Оқу мақсаты

11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, ҚР адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • ҚР адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

Тапсырма

1.Заңнаманы қолдана отырып, ҚР адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіріңіз.

1-бап

  • Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

http://www.akorda.kz

  • Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.

Түсінік

Анықтама

1

ҚР азаматтығын алған адамдар ҚР азаматы болып

табылады.

с

А) Азаматтық

2

Адамныңмемлекетпенарасындағыөзара құқықтар менбостандықтаржиынтығын

білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс

а

В) ҚР президенті

3

ҚРазаматтығынақабылдаутуралыөтінішті

қабылдайды

в

С) 1992 жылдың 1 наурызына

азаматтық туралы заң

4

Азаматтықты куәландыратын құжат

е

Е) куәлік пен төлқұжат

ДескрипторБілім алушы

  • Заңнаманы қолдана отырып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесін түсіндіреді;
  • ҚР адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін мысалдармен сипаттайды.

8

Тақырып

Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция

Оқу мақсаты

11.1.3.3ҚРкәмелеткетолмағандардыңқұқығынқорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • ҚР адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

Тапсырма

Жағдаятты қолданып, ҚР кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін түсіндір.

 Қызылорда облысының қылмыстық істер, прокуратура органдары және жастар ісі жөніндегі комитеттің деректеріне сүйенсек, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында 85 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған 10 жеткіншектің қолы жетпей жүрген 2 млн.теңгеден астам жәрдемақылары қолды болғаны, 5 жетім баланың туу туралы ресми куәліктері болмағандығы, 967 кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылғандығы анықталды.

ДескрипторБілім алушы

  • Жағдаятқа талдау жасау арқылыҚР кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін түсіндіреді.

9

Тақырып

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және

жүзеге асырылуы

Оқу мақсаты

11.1.3.4 ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге

асыружәнеқорғаумеханизмдеріннақтыжағдаяттар мысалында түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін анықтайды.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

Тапсырма

 Жағдаятпен танысып, ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін анықтап, талдаңыз.

ҚР халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондайақ мүгедек болған уақыттағы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды.

 Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.

 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданды. Халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады.

https://articlekz.com

ҚР халықты қорғаудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдері

Мүгедектерге өмірде қиындық келтіретін кедергілер:

Дескриптор Білім алушы

  • ҚР халықты қорғаудың негізгі бағыттарын көрсетеді.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау екі механизмдерін көрсетеді;
  • Мүгедектерге өмірде қиындық келтіретін кемінде үш кедергілер жазады.

10

 ІІ тоқсан Бөлім: Жария құқық

Тақырып

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы

Оқу мақсаты

11.2.1.3 – ҚР сайлаушылардың және сайлау процесіндегі өзге де субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстан Республикасындағы сайлау құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген заңнаманы қолдана отырып, төмендегі кестеге сайлау құқықтарын талдаңыз.

 Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық (ҚР Конституциясы. 33-бап). заңда реттелген. Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

https://www.election.gov.kz

Қазақстан Республикасының Президентікке

сайлау

сайлану

ДескрипторБілім алушы

    • ҚР Президентікке сайлау құқықтары мен міндеттерін жазады.
    • ҚР Президентікке сайлану құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

11

Тақырып

Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Оқу мақсаты

11.2.3.1 Жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігін талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

ҚР Жер кодексі 6-бабында былай делінген:

  • Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар ҚР арнаулы заңдарымен реттеледi.
  • Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
  • Егер ҚР жер, экология, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар ҚР азаматтық заңдарымен реттеледi

Жерді пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастарды қалай реттейді?

Мемлекет жерді қандай мақсаттарға жеке меншікке бере алады?

Шаруа немесе фермерлік қожалықтарды жүргізу үшін не істеу керек?

ДескрипторБілім алушы

    • Жерді пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастардың реттелуін түсіндіреді.
    • Мемлекет жерді жеке меншікке беру мақсаттарын анықтайды.
    • Шаруа немесе фермерлік қожалықтарды жүргізу үшін қажетті құжаттарды реттейді.

12

Тақырып

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы

қылмыстық құқық бұзушылық

Оқу мақсаты

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Бағалау критерийі

Білім алушы

ҚРҚылмыстықкодекстiңмiндеттерiнанықтап,

қоғамдықтәртіпкеқарсықылмыстыққұқық бұзушылықты сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.

Түсінік

Анықтама

1

ҚР азаматтығын алған адамдар ҚР азаматы болып

табылады.

с

А) Азаматтық

2

Адамныңмемлекетпенарасындағыөзара

құқықтарменбостандықтаржиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс

а

В) ҚР президенті

3

ҚРазаматтығынақабылдаутуралыөтінішті

қабылдайды

в

С) 1992 жылдың 1 наурызына

азаматтық туралы заң

4

Азаматтықты куәландыратын құжат

е

Е) куәлік пен төлқұжат

  • Кестені қолдана отырып, қылмыстық кодекстiң мiндеттерi мен адамды қанау әрекетін саралаңыз.

Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi: Адамды қанау:

А) ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәлi адамның мәжбүрлi еңбекті, яғни адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы талап етiлетiн кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;

В) адамның және азаматтың құқықтарыболып табылады

С) кiнәлi адамның алынған табыстарды иемденiп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кiнәлi адамның осы мақсатты көздемей, адамдысексуалдық

сипаттағықызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

D) қоғам мен мемлекеттің заңменқорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау болып табылады

E) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлiктi сұрауғабайланысты қоғамға жат іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу;

F) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

13

ДескрипторБілім алушы

    • қоғамдықтәртіпкеқарсықылмыстыққұқықбұзушылықты жазады;
    • ҚР Қылмыстық кодекстiң мiндеттерiн анықтайды.

14

Тақырып

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік,

әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

Оқу мақсаты

11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату;

Бағалау критерийі

Білім алушы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерін ажыратып, талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мемлекеттік қызмет барысындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдаятпен танысып, қолданылатын жазаны жазып көрсетіңіз. (АЕК-айлық есептік көрсеткіш)

Жағдаят:

 Кентау қаласының тұрғыны жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтыртпау мақсатында Қызылорда қалалық жол полиция қызметкерлеріне 2 000 теңге сыйақы берген. Тәртіп сақшылары заңсыз сыйақы жөнінде құзырлы органдарға хабарлаған. Заңсыз материалдық сыйақы берген азаматқа департамент әкімшілік хаттама рәсімдеп, сотқа жолдады.

– Көлігінің алдыңғы терезелерін қараңғылап алғанымен қоймай, жол сақшыларына заңсыз сыйақы берген азаматқа айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның немесе оған теңестiрiлген тұлғаның 2 АЕК (5050 теңге) көлемінде заңсыз материалдық сыйақы, сыйлық, жеңiлдiк не қызмет алуы 600 АЕК-ге (1515000 теңге) дейінгі мөлшерде, ал оларға 2 АЕК дейінгі көлемде заңсыз материалдық сыйақы, сыйлық, жеңiлдiк беру не қызмет көрсету жеке тұлғаларға 200 АЕК (505000 теңге), заңды тұлғаларға 750 АЕК (1893750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Егер сыйақы көлемі белгіленген көлемнен артық болса, онда ол пара ретінде бағаланады және ол үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

https://syrboyi.kz

Сот қандай үкім шығарды?

ӘҚБ кодексіне сәйкес қандай жауаптылыққа тартылды?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның қандай нормаларын бұзды?

Дескриптор Білім алушы

  • жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазады;
  • ӘҚБтК сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетеді;
  • ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасайды.

15

ІІІ тоқсан Жеке құқық

Тақырып

Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту

келісімшарты

Оқу мақсаты

11.3.1.1келісімшарттыңерекшебелгілерінайқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіреді;

.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

 Келісім-шарт — жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

 Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт қандай жағдайларда жасалады?

Бас сенімхат арқылы сату/сатып алу тиімсіз бе?

Дескриптор Білім алушы

  • келісімшарттыңерекшебелгілерінайқындайотырып,шарттыңжасалу жолдарын көрсетеді.
  • Айырбас және сыйға тарту келісімшарты арқылы бас сенімхатпен сату/сатып алу тиімді/тиімсіз тұстарын жазады.

16

Тақырып

Қарыз келісімшарты.

Оқу мақсаты

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

келісімшарттыңнегізгішарттарынмысалдармен түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Ипотека бойынша кезекті төлем жасаудың уақыты келді, бірақ ақшаңыз жоқ. Жұмыстан шығып қалдыңыз, қысқартуға ұшырадыңыз, ауырып қалдыңыз, тапқан-таянғаныңыз дәрі- дәрмекке кетті, оқыс жағдай болды, ақшасыз қалдыңыз делік.

https://www.ktk.kz/

Мұндай жағдайда не істейсіз?

Шартбойыншаміндеттемелердіорындамаунемесетиісіншеорындамаужәнеосы бұзушылықтардың себептері дегеніміз не?

Қарызды қысқарту мүмкін бе?

ДескрипторБілім алушы

    • келісімшарттың негізгі шарттарын мерзімінен кешіктірілгеннің арты неге апаратынын мысалдарымен түсіндіреді.
    • шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау және осы бұзушылықтардың себептерін түсіндіреді.
    • Қарфс келісімшарттан арылудың жолдарын ұсынады.

17

Тақырып

Мұрагерлік құқық.

Оқу мақсаты

11.3.1.4 - заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату.

Бағалау критерийі

Білім алушы

 Мұрагерлік өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды немесе ажырау құқықтық жолдарында сипаттайды.

.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Мұрагерлік өсиет қалмаған жағдайда мүлікті қалай бөледі?

Мұрагерлік өсиетті қалай және жасы нешеге келгенде қалдыруға болады?

Мұрагерлік дегенді қалай түсіндіресіз?

Арта қалған мұралық іс қашан ашылады?

Мұра қалдырған адамның құқықтары қандай?

Мұрагерлік қалдырмаса мүлік т.б.қалай бөлінеді?

Дескриптор Білім алушы

  • Мұрагерлік өсиет қалмаған жағдайда мүлікті бөлу туралы түсіндіреді.
  • Мұрагерлік өсиетті қалдыру жолдарын сипаттайды.
  • Мұрагерлік ұғымын түсіндіреді.
  • Арта қалған мұралық істің ашылуын түсіндіреді.
  • Мұра қалдырушының құқықтарын сипаттайды.
  • Мұрагерлік қалдырмаса мүліктің бөлінуін түсіндіреді.

18

Тақырып

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын

қорғау механизмдері

Оқу мақсаты

11.3.3.2 - авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын көрсетеді;

 Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма

Қолдану

Мәтінді қолданып, авторлық құқық саласына нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыныңыз.

 Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алған кезден бастап-ақ авторлық құқыққа ерекше мән бере бастады. Себебі, авторлық құқық қорғалмаған мемлекет дүниежүзілік қара тізімде тұрады екен. Авторлық құқықтың қоғам, мемлекет өмірінде араласпайтын жері жоқ. Тіпті, халықаралық келісімшарттар жасалғанда да алдымен авторлық құқықтың қорғалған не қорғалмағанына баса назар аударылады. Осыны қаперге алған сол кездегі зияткерлік меншік жөніндегі агенттіктің төрағасы Марал Ысқақбай авторлық құқықтың әлемдік тәжірибелерін пайдаланып, 1996 жылы заңнамалық құжатын жасаған еді.

https://turkystan.kz

Сіз авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің қандай құқықтық жолдарын ұсынар едіңіз?

Дескриптор Білім алушы

  • Авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсынады.

19

Тақырып

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Оқу мақсаты

11.3.4.4 - алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау.

Бағалау критерийі

Білім алушы

Алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады;

.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына төлейтін алименттік төлемі.
  • Кәмелет жасына жеткен балалардан әке-шешесін асырауға өндірілетін алимент.
  • Тағы бір түрі – некеде тұрған ерлі-зайыптының және бұрынғы жұбайлардың бір-біріне төлейтін алименті. Ерлі-зайыпты дәм-тұзы жараспай, ажырасып кетсе де, бір-бірінен заңда көрсетілген тәртіппен алимент өндіруге құқылы.

 "Неке және отбасы" туралы кодекстің 139-бабына сәйкес, сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан мынадай мөлшерде алимент өндіреді:

  • Бір балаға – ата-анасы табысының немесе өзге де кірісінің төрттен бір бөлігі;
  • Екі балаға – үштен бір бөлігі;
  • Үш және одан да көп балаға – тең жартысы.

 Сот тараптардың материалдық, отбасылық жағдайына қарай бұл мөлшерді кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. "Бала 18 жасқа толған кезде, әке-шешенің алименттік міндеттемесі де тоқтайды. Алайда, егер 18 жасқа толған бала күндізгі ақылы бөлімге оқуға түссе, оқуын тәмамдағанға дейін, яғни 21 жасқа дейін ата-анасынан алимент өндіруге сотқа талап-арыз бере алады. Оқу орнынан анықтама әкеледі, кейін сот шешімімен әкесінен немесе шешесінен 20 АЕК, 30 АЕК немесе 50 АЕК мөлшерінде ай сайын алимент бекітіледі.

https://sputniknews.kz/

Aлимeнттің қандaй түрлeрi бар?

Бiр бaлaға қaнша мөлшерде aлимент төленеді ?

Aлименттeн жасырынып жүргендер қaлай жaзалaнaды?

Aзамaттық нeкeден туылғaн бaлалapға aлимeнт өндірy мүмкiнбe?

Дескриптор Білім алушы

    • Алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаят арқылы түсіндіреді.

20

Тақырып

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Оқу мақсаты

11.3.4.2 - ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Құқықтық жағдаятпен танысып, ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.

 Азаматша А. Алмалы аудандық сотына азамат С. арасындағы некені бұзу туралы талап қояды. Азамат С қылмыс жасағаны үшін 4 жыл бас бостандығынан айырылған.Сот азамат С- ға мүліктік талаптары болуы мүмкіндігін ескерте отрып, некені бұзудан бас тартады.

А) Егер саған осы істі қарау мүмкіндігі берілсе,сен қандай шешім шығарар едің?

В) Заңның баптарына сүйене отырып, жауаптарыңды негіздеңіз.

Дескриптор Білім алушы

    • ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

21

Тақырып

Еңбек дауларының қаралуы

Оқу мақсаты

11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру

механизмдерінқұқықтықжағдаяттарды түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Берілген жағдаятпен танысып, еңбек дауларының қаралуын 5R маңыздылық кестесі арқылы талдаңыз.

 "Шұбаркөл көмір" АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен. "Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған", - деп мәлімдеді "Шұбаркөл көмір" баспасөз қызметі. Компания президенті А.С. мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына келді. Кеншілердің наразылығынан кейін кейбір басшылар қызметінен шеттетілді.

Есте

қалатыны

Бұлұжымдықеңбекдауы

несімен есте қалды?

Нәтижелігі

Бұлұжымдықеңбекдау

қандай нәтижеге алып келеді?

Айрықша

мәнділігі

Бұл ұжымдық еңбек дау сол

уақытта қалай көрініс тапты?

Жаңғырығы

Бұлұжымдықеңбекдау қазіргі қоғамға әсерін тигізеді

ме?

Айқындайтын

Бұл ұжымдық еңбек дауы адамдардың ой-пікірі мен әрекеттері туралы қандай

ақпарат бере алады?

Дескриптор Білім алушы

    • "Шұбаркөл көмір" АҚ көмір өндіруші компаниясында ұжымдық еңбек дауын жазады.
    • ұжымдық еңбек дауының нәтижесін жазады.
    • ұжымдық еңбек дау сол уақыттағы көріністі жазады.

22

ІҮ тоқсан

Іс-жүргізу құқығының негіздері

Тақырып

Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық

бұзушылығы бойынша іс жүргізу

Оқу мақсаты

11.4.1.2-кәмелеткетолмағандардыңқатысуымен

болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын

қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

 ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сот ісіне кәмелетке толмағандардың қатысуының ерекшеліктерін анықтап, кестені толтырыңыз.

Жас ерекшелігі

Сотта қорғайды

мүдделерін

Жауаптар

0-14 жас

1.

Ата-ана.

2

Заңды өкілі.

Прокурор.

14-18 жас

1

2

Өзін-өзі.

Қорытынды ой:

Дескриптор Білім алушы

  • ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сот ісіне кәмелетке толмағандардың қатысуының ерекшеліктерін анықтайды.
  • Анықтаған кәмелетке толмағандардың қатысуының ерекшеліктерін кестеге толтырады.

23

Тақырып

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді

қарастыратын уәкілетті органдар

Оқу мақсаты

11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар

мысалында ажырата білу.

Бағалау критерийі

Білім алушы

әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді

қарастыратын уәкілеттті органдардың құзыретін құқықтық мысалдармен түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Әкімшілік құқық бұзушылық бабын қолданып, ӘҚБ бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық бұзушылық жазаларға мысал келтіріп түсіндір.

 ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза әкімшішілік құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылық

жазалар

Мысалдар

Ескерту жасау

ӘҚБбұзушылықжасаудың құралы немесе тікелей объектісі

болған затты тәркілеу;

Арнаулы берілген құқықтардан

айыру

Азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарып

жіберу.

Дескриптор Білім алушы

  • ӘҚБ бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың құзыретін анықтайды.
  • Әкімшілік құқық бұзушылық жазаларды түсіндіреді.

24

Тақырып

Талап қою іс жүргізуінің негіздері.

Оқу мақсаты

11.4.2.1 - Талап қою шарттарын түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

Талап қою шарттарын түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

Талап қою шарттарын түсіндіріңіз.

Азаматтардың құқықтары немесе заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, олар жергілікті тұратын жердегі немесе жауапкердің тұратын жеріндегі сотына (егер де

ол заңды тұлға болып табылса) шағымдану құқығы бар.

Талап қою шарты

Қарсы талап қою шарты

Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін

қабылдау туралы мәселені шешеді және талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.https://kodeksy-kz.com

Дескриптор Білім алушы

  • Талап қою және қарсы талап қою шарттарын түсіндіреді

25

Тақырып

Халықаралық актілер негізінде ҚР азаматтары құқығының

жүзеге асырылуы

Оқу мақсаты

        • - ҚР таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде ҚР халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;
        • – ҚР азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

 ҚР халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіреді. Білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілерді анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Қолдану

  • ҚР азаматтарының шетелде адам құқығының халықаралық актілеріне сілтеме жасайды.

«Болaшақ» хaлықарaлық cтипeндияcынa кім иe болa алады?

«Болaшақ» бағдaрламаcы бойынша оқуғa түcу үшін қандай құжаттар ұсыну қажeт?

Мамaндықты жәнe оқыту үшін оқу мeкемеcін қалай таңдaуға болaды?

Отaндаcтарымыздың шетeлдерде құқықтaры мен боcтандықтарын қорғауда кeмшін тұстар бар ма?

Бар болса оны қайтіп өзгертпек керек?

[5]

  • Төменде берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз. 8-бап

 ҚР халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-

26

бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.

http://www.akorda.kz

    • ҚР Халықаралық құқықтың атқаратын қызметі қандай?
    • Мемлекеттер арасында қандай қарым-қатынастарды реттейді?
    • Халықаралық дауларды қандай жолдармен шешеді?

ҚР сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын қолданып, кестені толтырыңыздар.

Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:

  • (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
  • Қазақстан өңірдегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге, оның ішінде шектес мемлекеттерден таралатындарына қарсы іс-қимыл жасау үшін жан-жақты күш-жігер жұмсайтын болады.
  • Қазақстан Орталық Азияда жанжалға бейім әлеуетті әлсірету, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды, су-энергетикалық торап пен өзге де қайшылықтардың түйінін шешу мақсатында ішкі өңірлік интеграцияны дамытуға ұмтылады.
  • Өңірдің халықаралық саясат пен экономиканың біртұтас интеграцияланған субъектісіне трансформациялануы перспективалы мақсат болып табылады.
  • Еуразиялық интеграцияны елімізді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде орнықты ұстанымға ілгерілетудің пәрменді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын болады.

Елдер мен ұйымдар

Көзделген мақсат пен мүдде

1

2

3

Дескриптор Білім алушы

  • ҚР халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіреді.
  • Білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілерді анықтайды

27


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы