Геометрия_8 сынып
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Геометрия
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |
Тақырып | Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары |
Оқу мақсаты | 8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығару 8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
|
Бағалау критерийі | Білім алушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырма 1. a) Бір төбесінің сыртқы бұрышы -қа тең дұрыс n-бұрышты көпбұрыштың бұрыш санын анықтаңыз; b) Ішкі бұрыштарының қосындысы -қа тең дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын табыңыз. [3] 2. а) ABCD параллелограмының С төбесінің биссектрисасы AD қабырғасын 2 см және 6 см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңыз. [3] b) ABCD параллелограмының А бұрышы , ал оған қарама-қарсы С бұрышы (20х+3)0-қа тең. Белгісіз х-мәнін табыңыз. [2] 3. АВС үшбұрышының әр қабырғасы теңдей үш бөлікке бөлінген (Сурет 1). Егер OD+OE+OM=18 болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз. Сурет 1 [4] |
Бағалау критерийлері | № |
| Балл | ||||||||
Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолданады. | 1 |
|
| ||||||||
Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады. | 2а |
|
| ||||||||
2b |
|
| |||||||||
Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін есеп шығаруда қолданады. | 3 |
|
| ||||||||
Жалпы балл: | 12 |
«Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолданады. | Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолдануда қиналады. | Көпбұрыштың ішкі / сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қолдануда қателіктер жібереді. | Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолданады, есептеулерді дұрыс орындайды. | ||
Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады. | Параллелограмның қасиеттерін қолдануда қиналады. | Параллелограмның биссектрисаның қасиетін колдануда / параллелограмм бұрыштарының қасиеттерін қолдануда / есептеуде қателіктер жібереді. | Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есепті дұрыс шығарады. | ||
Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін есеп шығаруда қолданады. | Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолдануда қиналады. | Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолдануда қателіктер жібереді. | Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданып, есепті дұрыс шығарады. |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |
Тақырып | Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу |
Оқу мақсаты | 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу 8.1.3.24 мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табады 8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырма 1. Жердегі бақылаушы ғимаратты бұрышпен көре алады. Егер ғимаратқа қарай 50 м жүрсе, оны бұрышпен көреді (Сурет 1). Табыңыз:
Сурет 1 [6] 2. Егер болса, α сүйір бұрышы үшін -ны анықтаңыз. [3] 3. Суреттегі АВС үшбұрышының және екені белгілі (Сурет 2). Егер биіктік см болса, үшбұрыштың белгісіз бұрышы мен қабырғаларын табыңыз. Сурет 2 [6] |
Бағалау критерийлері | № |
| Балл | ||||||||||||
Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолданады. | 1 |
|
| ||||||||||||
Тригонометриялық функциялардың мәндерін олардың біреуінің берілген мәні арқылы табады. | 2 |
|
| ||||||||||||
Берілгендері бойынша үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады. | 3 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл: | 15 |
«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолданады. | Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолдануда қиналады. | Тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен мәндерін қолданады, есептеуден қателіктер жібереді. | Тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен мәндерін дұрыс қолданады. | ||
Тригонометриялық функциялардың мәндерін олардың біреуінің берілген мәні арқылы табады. | Бір бұрыштың синусы, косинусы, котангенсі арасындағы байланыстарды қолдануда қиналады. | Бір бұрыштың синусы, косинусы, котангенсі арасындағы байланыстарды қолдануда қателіктер жібереді. | Бір бұрыштың синусы, косинусы, котангенсі арасындағы байланыстарды дұрыс қолданады. | ||
Берілгендері бойынша үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады. | Берілген элементтері бойынша үшбұрыштың белгісіз бұрыштары мен қабырғаларын табуда қиналады. | Берілген элементтері бойынша үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын / қабырғаларын табуда есептеулерден қателіктер жібереді. | Берілген элементтері бойынша үшбұрыштың белгісіз бұрыштары мен қабырғаларын дұрыс табады. |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |
Тақырып | Фигураның ауданы және оның қасиеттері Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары |
Оқу мақсаты | 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырма 1. АЕ мен DE кесінділері ABCD параллелограмының биссектрисалары және Е – ВС қабырғасына, ал F – AD қабырғасына тиісті нүктелер. екені белгілі. Егер АВ = 5см, EF = 2 см болса, табыңыз:
[4] 2. АВС үшбұрышында болса, АВС үшбұрышының ауданын табыңыз. [3] 3. Төмендегі суретте берілген ABCD тең бүйірлі трапециясының периметрі 64 см, ал . Егер DC : MP=1:3 болса, онда ABCD трапециясының ауданын табыңыз. [7] |
Бағалау критерийлері | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||
Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады. | 1 |
|
| ||||||||||||||
Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады | 2 |
|
| ||||||||||||||
Трапецияның ауданын табады. | 3 |
|
| ||||||||||||||
Жалпы балл: | 14 |
«Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады. | Параллелограммның ауданын табуда қиналады. | Параллелограммның ауданын табуда/ есептеуде қателіктер жібереді. | Есеп шартын дұрыс қолданады, параллелограммның ауданын дұрыс табады. | ||
Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады. | Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолдануда қиналады. | Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді. | Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын тиімді қолданады, есептеулерді дұрыс орындайды. | ||
Трапецияның ауданын табады. | Трапецияның ауданын табуда қиналады. | Трапецияның ауданын табу формулаларын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді.
| Трапецияның ауданын дұрыс табады. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |
Тақырып | Жазықтықтағы координаталар әдісі Мәтін есептерді шығару |
Оқу мақсаты | 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу 8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару |
Бағалау критерийі | Білім алушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 25 минут |
Тапсырма 1. АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз. [3] 2. АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз. [3] 3. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы үшін: а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз; b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз; с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз. [6] |
Бағалау критерийлері | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады. | 1 |
|
| ||||||||||||
Шеңбердің теңдеуін құрады. | 2 |
|
| ||||||||||||
Координатамен берілген есептерді шығарады. | 3 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл: | 12 |
«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады. | Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолдануда қиналады. | Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді. | Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын дұрыс қолданады. | ||
Шеңбердің теңдеуін құрады. | Шеңбер теңдеуін құруда қиналады. | Шеңбер центрінің координаталарын немесе радиусты табуда / шеңбер теңдеуін құруда, есептеулерде қателіктер жібереді. | Центр мен радиусты дұрыс анықтап, шеңбердің теңдеуін жазады. | ||
Координатамен берілген есептерді шығарады. | Координаталары берілген есептерді шығаруда қиналады. | Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табуда/ кесіндінің ортасының координатасын есептеуде/ үшбұрыш ауданын табуда қателіктер жібереді. | Координаталары берілген есептерді дұрыс шығарады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?