Әдебиет_5-сынып
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде)
5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»
Тақырып | Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы, «Қобыланды батыр» жыры | |||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | |||||||||||||||||||||||
1-тапсырма Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың бейнесін (негізгі ойын, көзқарасын) анықтаңыз.
2-тапсырма «Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.
|
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды. | 1 |
|
| ||||||
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды. | 2 |
|
| ||||||
Барлығы 9 |
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды | Үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтау, үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасау қиындық туғызады | Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтауда, үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасауда қателіктер жібереді | Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды, үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен толық қорытынды жасайды | ||
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды | Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қиналады | Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қателіктер жібереді | Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады |
Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»
Тақырып | «Қобыланды батыр» жыры | ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау 5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | ||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма «Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.
2-тапсырма Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, бейнелеуіш құрал түрін жазыңыз.
|
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. | 1 |
|
| ||||||
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады. | 2 |
|
| ||||||
Барлығы | 7 |
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды | Тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табу, мағынасын өз сөзімен түсіндіру, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтау қиындық туғызады | Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табуда, мағынасын өз сөзімен түсіндіруде, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтауда қателіктер жібереді | Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табады, мағынасын өз сөзімен айтады, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды | ||
Тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады | Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қиналады | Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қателіктер жібереді | Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтайды |
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Тақырып | Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт» | ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Жоғары деңгей дағдылары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | ||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.
2-тапсырма Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||||||||||||||||||||||||
Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады. | 1 |
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссе жазады. | 2 |
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы | 7 |
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады | Әңгімеден цитаталар келтіруде, екі кейіпкердің іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қиналады | Әңгімеден цитаталар келтіруде, екі кейіпкердің іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қателіктер жібереді | Әңгімеден цитаталар келтіреді, екі кейіпкердің іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады | ||
Кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасап, әдеби эссе жазады | Суреттегі кейіпкерге әңгіме үзіндісі тұрғысынан назар аударуда, автордың ойын жалғастыруда, тақырыпқа қатысты жеке құндылықты ескере отырып, әдеби эссе жазуда қиналады | Суреттегі кейіпкерге әңгіме үзіндісі тұрғысынан назар аударуда, автордың ойын жалғастыруда, тақырыпқа қатысты жеке құндылықты ескере отырып, әдеби эссе жазуда қателеседі | Суреттегі кейіпкерге әңгіме үзіндісі тұрғысынан назар аударады, автордың ойын жалғастырады, тақырыпқа қатысты жеке құндылықты ескереді, әдеби эссе жазады |
Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Тақырып | Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» | ||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу 5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу | ||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Қолдану | ||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | ||||||||||||
1-тапсырма Кейіпкердің әрекеттері мен портретін образды ашуда қолданыңыз.
2-тапсырма Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа хат жазыңыз. |
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен әрекеттері арқылы образын сипаттайды | 1 |
|
| ||||||
Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша (авторға хат, өлең жазу) жеткізеді | 2 |
|
| ||||||
Барлығы | 7 |
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен әрекеттері арқылы образын сипаттайды | Кейіпкерді анықтауда, әрекеттері мен портретін образды ашуда қолдануда, автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысын ажыратуда қиналады | Кейіпкерді анықтауда, әрекеттері мен портретін образды ашуда қолдануда, автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысын ажыратуда қателеседі | Кейіпкерді анықтайды, кейіпкер әрекеттері мен портретін образды ашуда қолданады, автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысын ажыратады | ||
Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша (авторға хат, өлең жазу) жеткізеді | Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын сақтап жазуда қиналады | Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын сақтап жазуда қателеседі | Шығармадан алған әсерін сипаттап, хат құрылымын сақтап жазады |
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Адамгершілік - асыл қасиет»
Тақырып | М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі | ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы Шығарманың жанрына сәйкес фабуласы мен сюжеттік дамуын айтады Білу және түсіну | ||||||||||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | ||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастырыңыз.
2-тапсырма Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||||||||||||||||||||||||
Шығарманың жанрына сәйкес фабуласы мен сюжеттік дамуын айтады Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. |
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы |
|
«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Шығарманың жанрына сәйкес фабуласы мен сюжеттік дамуын айтады | Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастыруда қиналады | Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастыруда қателеседі | Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастырады | ||
Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап беруде қиналады | Берілген үш сұраққа (1,2,3-сұрақтар) мазмұн бойынша жауап беруде қателіктер жібереді | Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша толық жауап береді |
Бөлім «Адамгершілік - асыл қасиет»
Тақырып | А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі |
Оқу мақсаты | 5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу 5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз. |
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||||||||
| 1 |
|
| ||||||||||||
| 7 |
«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат, өлең жазады, құрылымын сақтайды | Хат құрылымын сақтап, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізу, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіру, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты рәсімдеу қиындық туғызады | Хат құрылымын сақтауда, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізуде, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіруде, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты рәсімдеуде қателіктер жібереді | Хат құрылымын сақтайды, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден нақты дәлелдер келтіреді, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты рәсімдейді | ||
Өмірмен байланыстырады | Шынайы өмірмен байланыстыру қиындық туғызады | Шынайы өмірмен байланыстыруда қателіктер жібереді | Шынайы өмірмен байланыстырады |
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Отбасы құндылықтары»
Тақырып | Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі |
Оқу мақсаты | 5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Білу және түсіну |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма «Автор орындығын» пайдаланып, «Нағыз әже қайда?» әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз. Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды. Кейіпкерлер:
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.) |
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||||
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады. | 1 |
|
| ||||||
Барлығы | 7 |
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады |
|
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі | |||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау 5.3.1.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу | |||||||||||||||
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||||||
Орындау уақыты | 15-20 минут | |||||||||||||||
1-тапсырма «Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз, ауыспалы мағынадағы сөздерді ажыратыңыз.
|
2-тапсырма
Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, эссе жазыңыз.
Бағалау критерийі | № тапсырма |
| Балл | ||||
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды. | 1 |
|
| ||||
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды. | 2 | кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады. | 1 1 1 | ||||
Барлығы | 7 |
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды | Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажырату, суретпен салыстыру арқылы анықтау, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіру қиындық туғызады | Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажыратуда, суретпен салыстыру арқылы анықтауда, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіруде қателіктер жібереді | Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) ажыратады, суретпен салыстыру арқылы анықтайды, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суреттермен сәйкестендіреді | ||
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды | Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазу қиындық туғызады | Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазуда қателіктер жібереді | Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?