👈 қаріп өлшемі 👉

Дүниетану_ 2-сынып


Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Дүниетану 2-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.1 Мен және менің отбасым

Оқу мақсаты

        • Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру
        • Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
        • Бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Отбасылық және жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды
  • Отбасы қажеттіліктеріне мысал келтіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. Қандай әдептілік ережелері бейнеленген? Жаз.

  • Сен қандай қайырымды іс жасай аласың? 1 мысал келтіріп жаз.

2. Өз отбасыңның қажеттіліктеріне мысал келтір.

1)

2)

3)

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Отбасылық және

жалпыға ортақ әдеп нормаларын

анықтайды

1

қоғамдық орындардағы мінез- құлық ережесіне мысал келтіреді;

жалпыға ортақ әдеп нормасын анықтайды;

отбасылық әдеп нормасына мысал

келтіреді;

әдептілікке қатысты өз өмірінен мысал

келтіреді;

1

1

1

1

Отбасы

қажеттіліктеріне мысал келтіреді

2

отбасы қажеттіліктеріне мысалдар келтіреді;

  • бірінші мысал;
  • екінші мысал;
  • үшінші мысал.

1

1

1

Барлығы

7

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Отбасылық және

жалпыға ортақ әдеп нормаларын

анықтайды

1

 Отбасылық және жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтауда қиналады.

Отбасылық / жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтауда қателеседі.

 Отбасылық және жалпыға ортақ әдеп нормаларын дұрыс анықтайды.

Отбасы

қажеттіліктеріне мысал келтіреді

2

Өз отбасының қажеттіліктерін анықтауда қиналады.

Өз отбасының қажеттіліктерін анықтауда қателіктер жібереді.

Өз отбасының

қажеттіліктерін дұрыс анықтайды.

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.5 Құқық және міндет

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

Оқу мақсаты

        • Өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату
        • Қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жеке мысалдарының негізінде құқық, міндет және жауапкершілікті ажыратады
  • Қоғамға қызмет көрсетудің мысалдарын анықтайды
  • Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

  • Берілген сөздерді екі топқа бөліп, сәйкестендір.

Кішілерге қамқор болуҚұқық

Білім алу

Өз пікірін білдіру

Үлкендерді сыйлауМіндет

  • Жауапкершілікті білдіретін сөйлемді белгіле ().
    • Мұғалімнің берген тапсырмасын толық орындадым.
    • Дүкеннен нан әкелуді ұмытып кетіппін.
    • Табиғатқа қамқорлық жасап жүруге тиіспін.
  • Суреттерге қара. Қоғамға қызмет ету әрекеттері бейнеленген суреттерді белгіле ().
    • Суретке қара. Мағынасы суретке сәйкес келетін мақалды анықта.
      • Сабыр түбі - сары алтын.
      • Татулық - табылмас бақыт.
      • Отан отбасынан басталады.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Жеке мысалдарының негізінде құқық,

міндет және

жауапкершілікті ажыратады

1

2

құқықтарды анықтайды:

  • біріншісін;
  • екіншісін;

міндеттерді анықтайды:

  • біріншісін;
  • екіншісін;

жауапкершілікті анықтайды;

1

1

1

1

1

Қоғамға қызмет көрсетудің

мысалдарын анықтайды

3

қоғамға қызмет ету жағдайы бейнеленген суреттерді анықтайды:

  • бірінші суретті;
  • екінші суретті;

1

1

Қазақстан халықтары достығының

маңыздылығын анықтайды

4

мағынасы суретке сәйкес болатын мақалдарды анықтайды:

1

Барлығы

8

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Жеке мысалдарының негізінде құқық,

міндет және

жауапкершілікті ажыратады

1

Құқықты, міндетті және

жауапкершілікті анықтауда қиналады.

Құқықты / міндетті /

жауапкершілікті анықтауда қателіктер жібереді.

Құқық пен міндетті,

жауапкершілікті дұрыс анықтайды.

Қоғамға қызмет көрсетудің

мысалдарын анықтайд

2

Қоғамға қызмет көрсету

жағдайларының мысалдарын анықтауда қиналады.

Қоғамға қызмет көрсету

жағдайларының мысалдарын анықтауда қателеседі.

Қоғамға қызмет көрсету жағдайларының

мысалдарын дұрыс анықтайды.

Қазақстан халықтары достығының

маңыздылығын анықтайды

3

Мағынасы суретке сәйкес болатын мақалдарды

анықтауда қиналады.

Мағынасы суретке сәйкес болатын мақалдарды анықтауда қателеседі.

Мағынасы суретке сәйкес

болатын мақалдарды дұрыс анықтайды.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы

Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру

2.1.2.3 Мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды
  • Оқу әрекеттерінің қызметін атайды
  • Мектеп қауымдастығындағы мінез-құлық нормаларын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

  • Балалар спорттық секцияларға не үшін қатысады ? 2 себебін жаз.

1)

2)

  • Мысалдарды оқы. Сабақта балалар тағы немен айналысады? Жаз.
  • Топта жұмыс істеу ережелерін белгіле ().
    • Әр адамның пікірін тыңдау.
    • Бір-бірінің сөзін бөлу.
    • Бірлесе жұмыс істеу.
    • Басқаның пікірін құрметтеу.
    • Жұмысқа қатыспау.
    • Ортақ шешім қабылдау.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды

1

оқудан тыс әрекет түрлеріне қатысу себептерін сипаттайды:

  • біріншісін;
  • екіншісін;

1

1

Оқу әрекеттерінің қызметін атайды

2

мектептегі оқу әрекеттеріне мысалдар келтіреді:

- бірінші мысал;

-екінші мысал;

1

1

Мектеп

қауымдастығындағы мінез-құлық нормаларын

анықтайды

3

топта жұмыс істеу ережелерін анықтайды:

  • бір ережені;
  • екінші ережені;
  • үшінші ережені;
  • төртінші ережені.

1

1

1

1

Барлығы

8

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды

1

Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін анықтауда қиналады.

 Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін анықтауда қателіктер жібереді

Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін дұрыс

анықтайды.

Оқу әрекеттерінің қызметін атайды

2

Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін анықтауда қиналады.

Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін анықтауда қателіктер жібереді.

Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін дұрыс анықтайды.

Мектеп

қауымдастығындағы мінез-құлық

нормаларын анықтайды

3

Топта жұмыс істеу ережелерін анықтауда қиналады.

Топта жұмыс істеу ережелерін анықтауда қателіктер

жібереді.

Топта жұмыс істеу ережелерін дұрыс анықтайды.

«Менің туған елім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.3 Менің атамекенім

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

Оқу мақсаты

2.1.3.2. Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету

2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстанкартасынаніріөзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын анықтайды
  • ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттік рәміздерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Картамен жұмыс

  • Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле ().
  • Өз облысыңның орталығын (қаланың атауын) жаз.

Облыс орталығы - қаласы.

  • Картадан Арал теңізін тауып, қоршап сыз.

2. Сөйлемдерді толықтыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ,

және жатады.Олар мемлекеттің

білдіреді.

 Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын

анықтайды

1

картадан өзі тұратын облысты анықтайды;

облыс орталығын – қаланың атауын жазады;

картадан Арал теңізін анықтайды;

1

1

1

Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

рәміздерін сипаттайды

2

мемлекеттік рәміздерді анықтайды:

  • елтаңбаны;
  • туды;
  • әнұранды;

мемлекеттік рәміздердің мағынасын анықтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын анықтайды

1

Қазақстан картасынан өзінің облысын анықтауда және облыс орталығының атауын жазуда, Арал теңізін

анықтауда қиналады.

Қазақстан картасынан өзінің облысын анықтауда / облыс орталығының атауын

жазуда/Арал теңізін анықтауда қателіктер жібереді.

Қазақстан картасынан өзінің облысын және Арал теңізін дұрыс анықтайды, өз облысы орталығының

атауын жазады.

Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

рәміздерін сипаттайды

2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін

анықтауда және маңызын түсіндіруде қиналады.

Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздерін анықтауда / мемлекеттік рәміздердің мағынасын сипаттауда қателеседі.

Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздерін анықтайды және олардың мағынасын дұрыс сипаттайды.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

Оқу мақсаты

        • Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
        • Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады
  • Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. Пайдалы тағамды белгіле ().

  • Досыңа дұрыс тамақтану туралы 2 кеңес бер.

1)

2)

  • Қоғамдық орындарда сақталуға тиісті тәртіп ережелерін белгіле ().
  • Жолдан бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өту керек.
  • Жолдың бойында ойнауға болмайды.
  • Үзіліс кезінде дәлізде ойнауға болады.
  • Суға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керек.
  • Аулада бөтен адамдармен сөйлесуге болады.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Пайдалы және

пайдалы тағамдарды анықтайды:

зиянды тағамдарды

1

- бірінші;

1

ажыратады

- екінші;

дұрыс тамақтануға қатысты кеңестер

1

ұсынады:

- біріншісін;

1

- екіншісін;

1

Қоғамдық

орындардағы

қауіпсіздік

ережелерін

анықтайды

2

 қоғамдық орындарда сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін анықтайды:

  • бірінші;
  • екінші;
  • үшінші.

1

1

1

Барлығы

7

«Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат

ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Пайдалы және зиянды тағамдарды

ажыратады

1

Пайдалы тағамдарды анықтауда және дұрыс тамақтану туралы кеңес беруде қиналады.

Пайдалы тағамдарды анықтауда

/ дұрыс тамақтану туралы кеңес беруде қателіктер жібереді.

Пайдалы тағамдарды анықтайды және дұрыс

тамақтану туралы кеңес береді.

Қоғамдық орындардағы

қауіпсіздік ережелерін анықтайды

2

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін анықтауда қиналады.

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін анықтауда қателеседі.

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін анықтайды.

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

1.6 Мерекелер

3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері

Оқу мақсаты

2.1.6.1 Таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру

2.3.2.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау

2.3.4.1 Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ұлттық және мемлекеттік мерекелердің мағынасын сипаттайды
  • Ғұндардың өмір салтын сипаттайды
  • Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Өлеңді түсініп оқы.

Наурыз айы келгенде, Күн шуағы шашылып. Жылғалардан су ағып, Ақ әжелер құлпырып. Наурыз көже пісіріп, Қонақтарға тартамыз.

  • Өлеңнің мазмұнына сәйкес келетін суретті белгіле ().
  • Наурыз мерекесі нені білдіреді? Жаз.
  • Дұрыс сөйлем құрау үшін тиісті бөлімдерді сәйкестендір.

1) Аттила - ...

а) Еділ деп атаған

2) Ғұндар

b) ғұндардың көшбасшысы.

3) Қазақ аңыздарында Аттиланы

с) көшпелі өмір салтын ұстанған.

  • Әл-Фараби қандай ғылым салаларын зерттеген? 2 мысал жаз.

1)

2)

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Ұлттық, мемлекеттік мерекелердің мағынасын сипаттайды

1

өлең мазмұнына сәйкес суретті анықтайды;

Наурыз мерекесінің мағынасын түсіндіреді;

1

1

Ғұндардың өмір салтын сипаттайды.

2

екі бағандағы сөздердің сәйкестігін анықтайды:

  • бірінші сәйкестікті;
  • екінші сәйкестікті;
  • үшінші сәйкестікті;

1

1

1

Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін анықтайды

3

Әл-Фараби үлес қосқан ғылым салаларын анықтайды:

  • бірінші саланы;
  • екінші саланы.

1

1

Барлығы

7

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат

ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Ұлттық, мемлекеттік мерекелердің мағынасын сипаттайды

1

Өлең мазмұнына сәйкес суретті анықтауда және Наурыз мерекесінің мағынасын сипаттауда қиналады.

Өлең мазмұнына сәйкес суретті анықтауда/ Наурыз мерекесінің мағынасын сипаттауда қателіктер

жібереді.

Өлең мазмұнына сәйкес суретті анықтайды және Наурыз мерекесінің мағынасын дұрыс сипаттайды.

Ғұндардың өмір салтын сипаттайды.

2

Ғұндардың өмір салтын сипаттайтын сөйлемдер құрастыруда қиналады.

Ғұндардың өмір салтын сипаттайтын сөйлемдер құрастыруда қателіктер жібереді.

Ғұндардың өмір салты туралы сөйлемдер құрастырады.

Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін анықтайды

3

Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін анықтауда қиналады.

Әл-Фараби үлес қосқан ғылым салаларын анықтауда қателіктер жібереді.

Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін дұрыс анықтайды.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

    • Жергілікті жерде бағдарлау
    • Климат және ауа райы
    • Табиғи жағдайлар және олардың әсері

Оқу мақсаты

2.2.1.1. Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау

2.2.2.1 Ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс- әрекетіне оң және кері әсерін талдау

2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын анықтайды
  • Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсерлерін салыстырады
  • Қауіпті табиғи құбылыстарды ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Суретке мұқият қара. Нысандардың қай бағытта орналасқанын жаз.

Тірек сөздер: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.

1) құдық3) тау

2) орман4) үй

    • Суреттерге мұқият қара. Ауа райы адам өміріне қалай әсер етеді? Мысал келтір.

1)2)

    • Берілген сөздерді оқы. Табиғи құбылыстардың қайсысы қауіпті? Астын сыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын анықтайды

1

тұсбағдарға сүйеніп, көкжиектің тұстарын анықтайды:

  • солтүстікті;
  • оңтүстікті;
  • батысты;
  • шығысты;

1

1

1

1

Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсерлерін салыстырады

2

ауа райының адам өміріне тигізетін оң әсерін сипаттайды;

ауа райының адам өміріне тигізетін кері әсерін сипаттайды;

1

1

Қауіпті табиғи құбылыстарды ажыратады

3

табиғи апат түрлерін анықтайды.

1

Барлығы

7

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын анықтайды

1

Тұсбағдардың көмегімен көкжиектің тұстарын анықтауда қиналады.

Тұсбағдардың көмегімен

көкжиектің оңтүстік/солтүстік/ батыс/шығыс тұстарын

анықтауда қателеседі.

Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын дұрыс анықтайды.

Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсерлерін салыстырады

2

 Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсерлеріне мысал келтіруде қиналады.

 Ауа райының адам өміріне тигізетін оң / кері әсерлеріне мысал келтіруде қателіктер жібереді.

 Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсерлеріне мысал келтіреді.

Қауіпті табиғи құбылыстарды ажыратады

3

Қауіпті табиғи құбылыстарды анықтауда қиналады.

Қауіпті табиғи құбылыстарды анықтауда қателіктер жібереді.

Қауіпті табиғи құбылыстарды дұрыс анықтайды.

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

2.4 Туризм

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Оқу мақсаты

2.2.4.1 Туризмнің негізгі түрлерін ажырату

2.3.1.2 Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Туризмнің негізгі түрлерін атайды
  • Дереккөздердің негізінде Қазақстанның көне ескерткіштерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

  • Бұл іс-әрекеттер туризмнің қай түріне жатады? Сәйкестендір.

 АрхитектуралықЕмдік-сауықтыру туризмі ескерткіштермен

танысу

Балшықпен емдеуСпорттық туризм

Тау шаңғысыМәдени-танымдық туризм

  • Отырар қаласының орнынан табылған бұйымдарға қара. Бұл қолөнер бұйымдарын қай шебер жасаған? Көмекші сөздерді пайдаланып, жаз.

Көмекші сөздер: зергер, көзеші, темір ұстасы

3. Көне Отырар туралы не білесің? Тірек сөздерді қолданып, 2-3 сөйлем жаз.

Тірек сөздер: керемет, көне қала, ұсталар, бұйымдар, археологтар, қазына, монеталар, шығыс базары.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Туризмнің негізгі түрлерін атайды

1

туризм түрлеріне сәйкес әрекеттерді анықтайды:

  • бірінші;
  • екінші;
  • үшінші;

1

1

1

Дереккөздердің негізінде Қазақстанның көне ескерткіштерін сипаттайды

2

бұйымды жасаған шеберлерді анықтайды:

  • көзешіні;
  • зергерді;
  • темір ұстасын;

1

1

1

3

тірек сөздерді пайдаланып, Отырар қаласын сипаттайды;

2-3 сөйлем құрастырып жазады.

1

1

Барлығы

8

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Туризмнің негізгі түрлерін атайды

1

Берілген әрекеттерге сәйкес туризм түрлерін анықтауда қиналады.

Емдік-сауықтыру/мәдени- танымдық/ спорттық туризм түрлеріне сәйкес әрекеттерді анықтауда қателіктер жібереді.

Берілген әрекеттердің негізінде туризм түрлерін дұрыс анықтайды.

Дереккөздердің негізінде Қазақстанның көне ескерткіштерін сипаттайды

2, 3

Қолөнер шеберлерін

анықтауда және көне Отырар қаласын сипаттауда

қиналады.

Қолөнер шеберлерін анықтауда

/көне Отырар қаласын сипаттауда қиналады.

Қолөнер шеберлерін дұрыс анықтайды және көне Отырар қаласын

сипаттайды.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы