Қазақ тілі Т2 1 сынып


Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде емес)

1-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес ) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4 сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

 Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

 Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

  

  

  

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің

түрлері

Тыңдалым

Айтылым

Оқу мақсаты

1.1.3.1* Тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау

1.2.2.1 * Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сәйкес суреттерді анықтайды
  • Сурет бойынша хабарлы, сұраулы сөйлемдер құрастырып айтады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Тыңдалым

1. Мәтінді тыңда.

  • Сұрақтың жауабы болатын суретті белгіле ().

1) Әсет қайда барады?

2) Әсет кіммен барады?

3) Әсет не істейді?

Айтылым

2. Суретке қара. Көлік түрлерін ата. Сурет бойынша 1-2 сөйлем құрастырып айт.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сәйкес суреттерді анықтайды

1

берілген сұрақтардың жауабы болатын суреттерді белгілейді:

- бірінші сұраққа сәйкес суретті;

- екінші сұраққа сәйкес суретті;

- үшінші сұраққа сәйкес суретті;

1

1

1

Сурет бойынша хабарлы, сұраулы сөйлемдер құрастырып айтады

2

суретте бейнеленген көліктерді атайды;

сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;

сөйлемнің құрылымын сақтайды;

сөйлемдердің интонациясын сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат

ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сәйкес суреттерді анықтайды

1

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сурет бойынша хабарлы, сұраулы сөйлемдер құрастырып айтады

2

Суретте бейнеленген көліктерді атауда және сурет бойынша сөйлемдер құрастыруда қиналады.

Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады, бірақ суретте бейнеленген көліктерді атауда/ сөйлемнің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.

Суретте бейнеленген көліктерді атайды және сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің

түрлері

Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаты

        • Иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу

1.3.4.1 *Мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру

1.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады
  • Мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді
  • Иллюстрация бойынша таныс атауларды жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Оқылым

1. Сөйлемдерді оқы. Сәйкес суретті тауып, нөмірле.

Мысық қыздарға барады.

Мысық сиырға барады.

2. Сөйлемді тиісті сұрақпен (кім?, не?) толықтыр. Жауабын жаз.

Тауық мысыққа ... береді? __________________________

Мысықты ... шақырды? __________________________

Жазылым

3. Суретке қара. Заттардың атын жаз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады

1

берілген сөйлемдерге сәйкес суретті анықтайды:

  • бірінші
  • екінші ;

1

1

Мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді

2

сөйлемдерді сәйкес сұрақпен толықтырады:

  • бірінші сөйлемді;
  • екінші сөйлемді;

сұрақтарға дұрыс жауап береді:

  • бірінші сұраққа;
  • екінші сұраққа;

1

1

1

1

Иллюстрация бойынша таныс атауларды жазады

3

суреттегі заттардың атауын жазады (екіден кем емес)

сөздерді орфографиялық нормаларды сақтап, қатесіз жазады;

жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

1

1

1

Барлығы

9

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады

1

Берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтауда қиналады.

Бірінші/ екінші сөйлемге сәйкес суретті анықтауда қателіктер жібереді.

Берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді дұрыс анықтайды.

Мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді

2

Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты анықтауда және сұрақтарға жауап беруде қиналады .

Бірінші/ екінші сөйлемге сәйкес сұрақты анықтауда/ сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.

Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты анықтайды және сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Иллюстрация бойынша таныс атауларды жазады

3

Сурет бойынша таныс заттардың атауларын жазуда қиналады

Суреттегі заттардың атауын жазуда / сөздерді жазуда қателіктер жібереді.

Сурет бойынша таныс заттардың атауын дұрыс жазады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

 Спецификация 1-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

 

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

 «Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

 3.1 Ұзақтығы - 40 минут

 Балл саны – 12

 Айтылым бөлек тексеріледі.

 

 3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

 Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

 Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін

 Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауаптарды қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.

Алғашқы тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма

саны

Жалпы балл

1

2

3

4

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Жазылым

Саяхат

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

1.​1.​4.​1 Мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

1.​1.​3.​1* Тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау

1.2.4.1* Фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау

1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

1.4.2.1* Оқыған/ аудио/ бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

1

1

3

3

3

3

Барлығы

4

12

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Қазақ тілі» пәні бойынша

3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде емес)

Тыңдалым

1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

  • Ертегі не туралы? Жаз. ___________________________________________
  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? 2 кейіпкерді жаз.

________________________________________________________________

  • Ертегіге сәйкес келетін суретті белгіле ().

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Үйшік туралы/үйшік

Тышқан/қоян/түлкі/қасқыр

1

1

1

Кез келген 2 кейіпкердің атауы қабылданады.

Барлығы

3

Айтылым

2. Сурет бойынша «Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын айт.

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:

Бір күні арыстан аңдардан:

- Көктем сәні не? - деп сұрады .

-Таза су, - деді қасқыр.

-Жылы жаңбыр, -деді піл.

-Жылы күн,-деді қоян

-Әдемі гүл, -деді түлкі.

-Әдемі ағаштар -деді аю.

1

1

1

Ертегінің мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер қабылданады.

Оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды ;

Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды .

Барлығы

3

Оқылым

3. Мәтінді оқы.

  • Дұрыс сөйлемдерді белгіле ().

1) Арман жеті жаста.

2) Арман Астанада тұрады.

3) Арман көп ертегі біледі.

4) Арман ертегі тыңдайды.

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма№

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Арман жеті жаста.

Арман Астанада тұрады.

Арман ертегі тыңдайды.

1

1

1

Барлығы

3

Жазылым

4. Толықтырып жаз.

_________________________

Біз саяхатқа

барамыз.

_________________________

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Автобуспен /мәшинемен / велосипедпен / ұшақпен / пойызбен / жаяу

3

Кез келген көлік атауы қабылданады.

Әр сөйлемдегі көлік атауына 1 балдан, сөздерді қатесіз жазғаны үшін 1 балл қойылады.

Барлығы

3

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

 Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

 Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

 Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

 Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым

Айтылым

Оқу мақсаты

1.​1.​4.​1 Мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

1.​2.​2.​1* Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұнына қатысты ақпараттарды анықтайды
  • Сурет бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдер құрап айтады
  • Сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Тыңдалым

  • Мәтінді тыңда.

  • Белгіле. Дұрыс

1) Анар мен Дана киім дүкеніне барды.

2) Дана картоп пен пияз сатып алды.

3) Қыздар сатушыға рақмет айтты.

Айтылым

Жұптық жұмыс

Сурет бойынша диалог құр.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің мазмұнына қатысты ақпараттарды анықтайды

1

мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс ақпараттарды анықтайды:

  • бірінші;
  • екінші;

1

1

Сурет бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдер құрап айтады

Сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды

2

суреттің мазмұнына сәйкес диалог құрастырады;

сұхбаттасына тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды;

сұхбаттасын түсініп, сұрағына дұрыс жауап береді;

сөйлемнің құрылымын сақтайды;

грамматикалық нормаларды сақтайды;

сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

8

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіннің мазмұнына қатысты ақпараттарды анықтайды

1

Мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс ақтараттарды анықтауда қиналады.

Мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс ақпараттарды анықтауда қателеседі.

Мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс ақпаратты анықтайды.

Сурет бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдер құрап айтады

Сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды

2

Сурет бойынша диалог құрастыруда қиналады.

Суреттің мазмұнына қатысты сұрақтар қоюда/ сұхбаттасының сұрағына жауап беруде/дауыс интонациясын/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.

Суреттің мазмұнына сәйкес диалог құрастырады.

«Дені саудың - жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаты

1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

1.4.2.1 Оқыған/ аудио/ бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын ажыратады
  • Оқыған материалдың негізінде таныс сөздерді жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Оқылым

  • Мәтінді оқы. Тапсырманы орында.

  • Белгіле. Иә Жоқ

Жазылым

2. Толықтырып жаз.

 Ерден _______________________ бармайды. Ол ________________ барады. Оның _______________ ауырады.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын ажыратады.

1

бірінші кейіпкерге қатысты ақпараттарды анықтайды:

  • бірінші;
  • екінші;

екінші кейіпкерге қатысты ақпараттарды анықтайды:

  • бірінші;
  • екінші;

1

1

1

1

Оқыған материалдың негізінде таныс сөздерді жазады.

2

сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырады;

- бірінші

- екінші;

- үшінші.

1

1

1

Барлығы

7

«Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын ажыратады

1

Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты ақпараттарды анықтауда қиналады.

Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты ақпараттарды анықтауда қателеседі.

Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты ақпараттарды дұрыс анықтайды.

Оқыған материалдың негізінде таныс сөздерді жазады

2

Сөйлемнің мағынасына сәйкес сөзді анықтауда қиналады.

Сөйлемдерді сәйкес сөздермен толықтырып жазуда қателеседі.

Сөйлемдерді сәйкес сөздермен толықтырып жазады.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

 Спецификация 1-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

 

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

 «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4-сыныптар)

3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны 12

Айтылым жеке тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

 Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

 Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

 Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін

4 тапсырмадан тұрады.

 Бірінші тапсырма тыңдалым, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым дағдысын, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

2

3

4

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Жазылым

Тағам және сусын.

Дені саудың –жаны сау

1.1.4.1 Мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

1.​2.​3.​1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру

1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

1.​3.​5.​1 Иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу

1.​4.​2.​1* Оқыған/аудио/бейне материалдарда кездескен таныс атауларды жазу

Білім алушы жабық түрдегі көп жауапты таңдауы бар тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

1

1

3

3

3

3

Барлығы

4

12

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Қазақ тілі» пәні бойынша

4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде емес)

Тыңдалым

1. Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.

  • Арай қандай көгөністер сатып алады? Белгіле ().
  • Арай олардан не жасайды? Жаз. _______________________________________

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

орамжапырақ

сәбіз

салат

1

1

1

Білім алушы сөздерге сәйкес суретті белгілеп көрсетеді.

Барлығы

3

Айтылым

  • Диалогті тыңда.

  • Жұптық жұмыс (диалог құру).

Суреттің көмегімен берілген үлгі бойынша сөйлес.

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:

- Сен қандай салат жасайсың?

- Жеміс салатын?

- Қандай жемістерден жасайсың?

- Алма, банан, шие және апельсиннен жасаймын.

- Салатты қалай жасайсың?

- Бірінші жемістерді жуамын, содан соң тураймын және иогурт қосамын.

- Ал сен салат жасай аласың ба?

- Иә, мен көгөністерден жасай аламын.

- Маған үйретесің бе?

....

1

1

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы диалог қабылданады.

Сұхбаттасына тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды.

Сұраққа толық жауап береді.

Сұраулы сөйлемнің интонациясын сақтайды.

Барлығы

3

Оқылым

  • Мәтінді оқы. Тапсырманы орында.

  • Сұраққа жауап беретін сөздерді жаз.
  • Жанат неше жаста? ___________________________________________
  • Ол тісін немен тазалайды? _____________________________________
  • Жанат нені сақтайды? ________________________________________

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

жеті

тіс пастасымен

тазалықты

1

1

1

Сөздерді жазуда орфографиялық қателер ескерілмейді.

Барлығы

3

Жазылым

  • Оқыған мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.

Жанат қолын _________________________ жуады.

Ол шашын _________________________ тарайды.

Бетін _________________________ сүртеді.

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

сабынмен

тарақпен

сүлгімен

1

1

1

Сөздерді жазуда орфографиялық қателер ескеріледі.

Барлығы

3

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

 Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

 Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

 Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

 Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу