«Сауат ашу» 1-сынып 2020-2021 оқу жылы
«Сауат ашу» пәнінен тоқсандық
жиынтық бағалаудың спецификациясы
1-сынып
2020-2021 оқу жылы
«Сауат ашу» пәнінен тоқсандық
жиынтық бағалаудың спецификациясы
1-сынып
2020-2021 оқу жылы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім алушылардың күтілетін нәтижелер мен тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Сауат ашу» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
3. Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөздің мағынасын түсінеді және мағынасына қарай қолданады, сұрақтарға жауап береді; ауызша сөйлеуде тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) қолданады, сюжетті суреттер бойынша әңгімелер, сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастырады; сөздің дыбыстық құрылымын ( дауысты, дауыссыз дыбыстар) анықтайды; сөзді буындарға бөледі; түрлі жанрдағы шығармаларды салыстырады; шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме/сипаттама береді; сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айтады; коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдаланады.
Оқылым:
білім алушы сөздегі дыбыстардың санын анықтайды, сөзге дыбыстық талдау жасайды, сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани біледі, сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсінеді, дыбыс пен әріпті ажырата біледі; түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен, тұтас сөздер арқылы оқиды. Сөздерді мағынасына сай (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы) қолданады, оқылған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығын, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындайды; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтайды; көркем мәтіннің мазмұнын айтады; баға береді (ұнайды/ ұнамайды), сызба түрінде берілген ақпаратты түсінеді.
Жазылым:
білім алушы сөздің дыбыстық құрамын, сөйлемді сызбалар арқылы модельдейді, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін, сөздің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазады; айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден диктант жазады, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жазады, есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазады, жазғанын үлгіге қарап тексереді; каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады, сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін түсінеді және орынды қолданады, сөйлемнің тыныс белгілерін сақтайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы | Ойлау дағдыларының деңгейі | Сипаттама | Тапсырма түрлері |
Тыңдалым мен айтылым | Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты/ дауыссыз/ жуан/ жіңішке) ажыратады және дұрыс дыбыстайды; сөз, сөйлем ұғымдарын ажыратады және мазмұнын түсінеді; сөздегі буын санын анықтайды; тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады; сөйлеу барысында сипаттау/ салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын, этикет сөздерін қолданады; мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды; тыңдалған мәтінге қатысты көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді | Ауызша және жазбаша қысқа немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Оқылым | Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | Сөз/сөйлем сызбасын оқиды; әріптерді таниды және оны дыбыспен сәйкестендіреді; буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу түрлерін қолданды; ;мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады; қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады және қолданады; мәтін/ иллюстрация/ оқығаны бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді; мәтіннің тақырыбын анықтайды; мәтіндерді жанрына қарай (өлең, әңгіме, ертегі) ажыратады және салыстырады; | Көп таңдауы бар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Жазылым | Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады; оқыған/тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет/ сызба/ белгілермен/ жай сөйлемдермен жеткізеді, мәтінге ат қояды, жоспар құрады; үлгі бойынша хат/ құттықтау хат/ хабарлама/ нұсқаулық/ шағын мәтін құрап жазады; айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазады; сөздерді дұрыс тасымалдайды, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады; бас әріппен жазылатын сөздерді ажыратады; заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады және орынды қолданады. | Жазбаша қысқа немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны – 12
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының арасынан дұрыс жауабын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым және айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым дағдыларын тексеруге бағытталған.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Ортақ тақырып | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тексерілетін оқу мақсаты | Тапсырма түрі* | Тапсырмалардың сипаттамасы* | Орындау уақыты, мин* | Жалпы балл | |||||||||||||||||
Саяхат Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті |
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||
Барлығы: | 40 | 12 | |||||||||||||||||||||
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым Суреттерге қара. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. Тыңдалым мәтіні: 1) Марғаулардың түсін қайтаруға қай жануар көмектесті?
2) Мәтін ұнады ма? Неліктен? __________________________________________________ 3) Жұптық жұмыс Суреттерді және берілген жоспарды пайдаланып, кезекпен мәтіннің мазмұнын айт. Жоспар: 1. Тышқан мен марғаулар2. Бақаның соңынан еру 3. Көлшіктегі балық4. Үйге қайту [4] |
Оқылым Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. 1) Мәтіннің жанрын анықта.
2) Мәтін не туралы? ________________________________________________________ 3) Мысық неге қашып кетті? __________________________________________________ 4) Мәтіннен «үлкен» сөзіне қарама- қарсы мағыналы сөзді тауып жаз.________________ [4] |
Жазылым Бақылау диктанты Сөйлемдерді мұқият тыңда және қатесіз жаз. [4] |
Балл қою кестесі
№ | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||||
Тыңдалым және айтылым (4балл) | |||||||||||
а) | В | 1 | |||||||||
b) | Білім алушының ықтимал жауабы: Ұнады, себебі марғаулардың ойыны қызық болды/ қайта- қайта түстері өзгеріп отырды/ ешқайсысын ұстай алмады/...Ұнамады, ұстап алса басқа жануарларға зиян келетін еді/... | 1 | Сұраққа сәйкес баламалы жауап қабылданады. | ||||||||
c) | Білім алушының ықтимал жауабы: 1-білім алушы: Ақ, қара және сұр түсті үш марғау тышқанды қуды. Ол ұн тұрған ыдысқа қашып кірді. Марғаулар да сонда кірді. Тышқан шығып кетті, ал марғаулардың үсті ұн болып қалды. Олар ыдыстан аппақ болып шықты. 2- білім алушы: Үш ақ марғау ауладан бақаны көріп, оны қуа жөнелді. Бақа самаурынның ескі кернейіне кіріп кетті. Марғаулар да кірді. Кернейден олар қап- қара болып шықты. 1- білім алушы: Енді марғаулар көлшіктегі балықты ұстап алғысы келді. Олар суға секірді. Бірақ балық алысқа жүзіп кетті. Марғаулардың үсті әбден су болды. 2- білім алушы: Үстері су болған марғаулар үйлеріне қайтты. Жолда олардың үсті құрғады. Үйге келгенде олар ақ, қара және сұр түсті болды. |
|
| ||||||||
Оқылым (4балл) | |||||||||||
1 | С | 1 | |||||||||
|
|
| Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы жауап қабылданады. | ||||||||
4 | кішкентай | 1 | |||||||||
Жазылым (4балл) | |||||||||||
1 | Білім алушының жауабы: Балалар тоғайға барды. Тоғайда жидек көп екен. Олар жидек терді. Жидекті себетке салды. Үйге көңілді қайтты. |
|
| ||||||||
Барлығы | 12 |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны – 12
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының арасынан дұрыс жауабын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым және айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым дағдыларын тексеруге бағытталған.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Ортақ тақырып | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тексерілетін оқу мақсаты | Тапсырма түрі* | Тапсырмалардың сипаттамасы* | Орындау уақыты, мин* | Жалпы балл | |||||||||||||||||
Тағам және сусын Дені саудың – жаны сау |
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||
Барлығы: | 40 | 12 | |||||||||||||||||||||
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым a) Суреттерге мұқият қара. Берілген сөйлемдерді ретімен оқы.
b) Берілген сөйлемдер мен суреттер бойынша әңгіме құрап айт. [4] |
Оқылым Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
астында - _______________________________________________________________
[4] |
Жазылым Суретті сызбаның көмегімен шағын мәтін құрастырып жаз ( 4-5 сөйлем). [4] |
Балл қою кестесі
№ | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат | |||||||||
Тыңдалым және айтылым (4балл) | ||||||||||||
1 | Білім алушының ықтимал жауабы: Бір күні түлкі алма қосқан тәтті бәліш пісіргісі келді. Ол бәлішті достарымен бөліп жемек болды. Алдымен тиінге қоңырау шалып, оны сағат беске қонаққа шақырды. Содан соң аю мен қоянды шақырды. Сағат бестен кешікпей келуді ескертті. Сағат бесте достары келді. Ал түлкінің бәліші әлі дайын емес еді. Ол достарынан ұялып қалды. |
|
| |||||||||
Оқылым (4балл) | ||||||||||||
|
|
| Тапсырмаға сәйкес баламалы жауап қабылданады. | |||||||||
3 | үстінде | 1 | «Жоғарыда» сөзі қабылданады. | |||||||||
4 | Шоколадты орнына қойды да, далаға атып шықты. | 1 | Мәтіннен тауып сызады немесе сөйлемді көшіріп жазады. | |||||||||
Жазылым (4балл) | ||||||||||||
1 | Білім алушының ықтимал жауабы: Балалар орманға барды. Олар кішкентай кірпі тауып алды. Кірпіні себетке салып, үйге әкелді. Оған алма, саңырауқұлақ берді. Кірпі қолған үйренді. Балалардан қорықпайтын болды. |
|
| |||||||||
Барлығы | 12 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?