Жиынтық бағалау (СОЧ): Қазақ тілі мен әдебиеті | Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі (7 сынып | 3 тоқсан)

Жиынтық бағалау (СОЧ): Қазақ тілі мен әдебиеті | Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі (7 сынып | 3 тоқсан) казакша Жиынтық бағалау (СОЧ): Қазақ тілі мен әдебиеті | Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі (7 сынып | 3 тоқсан) на казахском языке


7-сынып
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. 4 түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз? 4 түлік малдың төлдерін сәйкестендіріңіз.
Малдың баласын сүюі
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
4 түлік
Төлі
жылқы
лақ
түйе
бұзау
сиыр
құлын
қой
бота
ешкі
қозы
 
2-тапырма
«Төрт түлік мал» тақырыбына синквейн дайында.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Синоним
3- тапсырма
Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз.  Ол жерде қызықты оқиғалар болды.  Төмендегі суреттермен сұрақтарды
қатыстырып, әңгіме құрастырыңыз.  Ауызша мәтіндерде екпін түрлерін дұрыс қолданып айтыңыз.
  • пойыздан қашан түстіңіз, неше сағат жүрдіңіз, пойызда немен айналыстыңыз?
  • жайлауда қайда тұрдыңыз?
  • ол жердің табиғаты, ауа райы қандай болды?
  • әжеңіз қандай тағамдар дайындады?
  • олар қайдан алынады, қалай жасалады?
  • қайда серуендеп бардыңыз?
  • қызықты оқиғаны баяндаңыз.
  • жайлауда қандай мал көрдің?
  • олардың пайдасы қандай?
 
 
 
 
 
Бағалау критерийі
№  тапсырма
Дескриптор
Білім алушы
Балл
Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясын
талдайды
1
- өлең мазмұнын анықтайды;
 - төрт түлік малды төлдерімен сәйкестендіреді.
- 4 түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?
3
Сөз таптарын ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады.
2
-сөз таптарын дұрыс қолданады; 
-синоним сөзді  орынды қолданады.
3
Тақырып  туралы өз ойын   жеткізеді
3
- жағдаятты дамытады;
- суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді;
- айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады.
3
Барлығы
9




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Жиынтық бағалау жинағы (СОЧ и СОР), 3 тоқсан жиынтық багалау, жиынтық бағалау 7 сынып қазақ тілі мен әдебиеті, жиынтық бағалау 7 сынып қазақ тілі мен әдебиеті жауаптары, сор 7 класс 3 четверть казахский язык, жиынтық багалау 7 сынып казак тілі адебиет, жиынтық багалау тапсырмалары 7 сынып, 3 тоқсан жиынтық багалау, жиынтық бағалау 7 сынып қазақ тілі мен әдебиеті, жиынтық бағалау 7 сынып қазақ тілі мен әдебиеті жауаптары, сор 7 класс 3 четверть казахский язык, жиынтық багалау 7 сынып казак тілі адебиет, жиынтық багалау тапсырмалары 7 сынып, Жиынтық бағалау (СОЧ): Қазақ тілі мен әдебиеті | Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі (7 сынып | 3 тоқсан)