👈 қаріп өлшемі 👉

Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз

 Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз

Есімде... Қараша айының 8-ші жұлдызы, жо-жоқ жұлдызды күн емес мен үшін...қарашаның қара суық желіндей ызғарлы.
Таң. Күзгі қара суықтан мені анамның құшағы ғана құтқаратын. Тəп-тəтті ұйқыда жатырмын. Анамның жып-жылы құшағында. Сол бір жылулық пен тəтті ұйқыны суыт хабар бұзғандай.

Əкемнің о дүниелік болғаны туралы... Небəрі 5 жаста болсам да бəрін түсініп жатырмын. Бəрін түс секілді қабылдадым ба, бала көңіл еш нəрсені алаңдар емес. Сабырлы қалпымды бұзбастан мүмкін өтірік шығар, түс көріп жатқан болармын деген үмітпен тысқа шықтым. Үстімде анам кигізген қызыл көйлек (əлі есімде). Расымен де, жаңа ғана мүлгіген тыныштық бұзылған.
Үйге аяңдап қайта кірдім, кірдім де анамды іздей бастадым. Кішкене ғана пештің жанында анам отыр екен. Жанарындағы жасты байқамау мүмкін емес еді.

- Мама жыламашы...

- Жыламаймын қызым...

Бітті... Əрі қарай арамызда диалог болды ма, болмады ма білмеймін... Есімде қалғаны мені көрші үйге апарып тастағаны ғана... Баламын ғой, ол оқиғаға мүлде сенбедім бе, сенуге қорықтым ба, əйтеуір көзіме жас алмаппын... Əлде ащы ақиқатқа сенгім келмеді ме екен? Білмеймін... Тым ауыр жағдай.

Қазір 20 жастамын, əкемнің тағдыр талайынан ерте өткеніне міне 15 жыл өтіпті...

Əкем менің-бəйтерегім! 15 жыл бұрын сол бәйтерек құлаған болса, оның тамыры өлген жоқ. Бетегелі бəйтерек өніп, оның бұтақтары қайта қанат жайып көгерді. Мен өзімді елсіз жерде өсіп тұрған қызғалдаққа теңемеймін, мен алып бəйтерекке ұя салған қарлығашпын.
Əйтсе де, біз өз бəйтерегімізді аңсаймыз...сағынамыз. Əкеге деген сағыныш жүзімізден білінбесе де жүрегіміз қанжылап, "Əкем болғанда..." деген ой санада жаңғырып тұрады.

Əкесіз өткен əр минут, сағат ғасырға татитындай ауыр, өте ауыр... Мұң. Қайғы. Сағыныш. Əр сəтім сағынышпен ауырлап тұрады. Шіркін, көп нəрсе жазғым келеді-ау, көп нəрсе... Том-том кітап жазсам да сыйдыра алмасымды білемін. Бəрі ойымда! Əкемнің сұңғақ бойлы, кең жауырынды бейнесі ғана көз алдымда қалып қойыпты...

Менің бір ғана білерім, менің əкем ең жақсы адам...болған!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы