Бейбіт күн жасасын әлемде шығарма Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Бейбіт күн жасасын әлемде) | ойтолғау бейбіт күн жасасын әлемде шығарма, бейбіт күн жасасын әлемде шығарма жоспарымен, бейбіт күн жасасын әлемде эссе , әлемде реферат, 9 мамыр соғыс 70 жыл




  • »

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Бейбіт күн жасасын әлемде)

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Бейбіт күн жасасын әлемде) казакша Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Бейбіт күн жасасын әлемде) на казахском языке

Алмат облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы
«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталықпен» КММ 7″А” сынып оқушысы
Турлығожа Шұғыланың жазған шығармасы
Пән мұғалімі-Сарсембаева Сауле Куатовна

Сұм соғыс! Осы бір ауыз сөзде қанша қайғы-қасірет жатыр десеңізші. Қазіргі балаларға ертегі көрінетін сол соғыс туралы көне көз қарттардан сұрай қалсаңыз ,ауыр күрсініп үнсіз қалатын еді. Мүмкін, сол соғыстың кезіндегі ауыр күндер, қаза болған жолдастары, жас жарын зарыға күтіп, қоңыр күзде салған гүлдей ерте қартайған арулар есіне түсер. Қаншама адамның өмірін қиған сол соғыс туралы көзіне жас алмай еске алатын қарттар аз болар, сірә.
Он бес ұлтты бір үйдің баласындай біріктірген бұл соғыс 1945 жылы 22 маусымда таңғы 4-те басталып, 4 жылға солған еді.Неміс басқыншылары бастаған бұл соғыс аяқ асты басталған еді. Тамылжыған таңда әуе шабуылынан басталған бұл соғыстың соншама адамдарға әкелген азабын, қиыншылығын, тіпті, ешкім дәл кесіп айта алмас еді. Барлық азаматтар Отанын қорғау үшін соғысқа аттанды, солардың ішінде өрімдей бозбалалар мен арулар да өз Отаны үшін бастарын қатерге тігіп соғысқа аттанды. Көбі майдан даласында қаза болып, ерліктері елге үлгі болып жатты. Қазақтың қос аруы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова да солардың қатарында еді. Ал, қазақ батыры Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев туралы, олардың жанқиярлықпен атқарған ерліктері өз алдында бір әңгіме. “Кеңес Одағы батыры” деген атақ алған қаншама соғыс ардагерлері соғыстан кейінгі бар өмірлерін еңбекке арнап кетті.
«СССР» деп аталтын алпауыт мемлекеттің басына түскен бұл зардап, сол одаққа кірген 15 ұлттың адамдарын бір-біріне дос, бауыр етті.Олар бір-бірі үшін жандарын аямады, тіпті өз өмірлерін қиғандары да бар. “Бірі- бәрі үшін, бәрі-бірі үшін” деген ұран да сол кезде үлкен мәнге ие болған еді. Бар азамат соғысқа кеткеннен кейін бар шаруа қарттар мен әйелдерге, жас балаларға қалған еді. Балалық шағы соғысқа дәл келген балалар ерте есейді. Балалықтың бал дәмін татып көрмеген, аштық пен жалаңаштық жанына батқан, бала болып ойнамаған, ұйқысы қонып көрмегендіктен үнемі бет-аузы ісіп жүретін бұл балалардың сол кездегі өміріне, қазіргі тепсе темір үзетін жігіттер де шыдамас еді. Күнара келетін “қара қағаз” хабары бір шаңырақтың түтінін өшіріп, баласын жетім, анасын жесір ететін. Бауыр еті баласынан айырылған қарттар жер бауырлап жатып қалатын еді. Ия, бұл соғыстың ауыр апаттары, адамдардың жанкештілігі, жеңіске деген сенімі ақталып, 1945 жылы Гитлер бастаған неміс басқыншылары жеңіліс тапты.
Совет Одағының әр қаласы, ұлтарақтай жері үшін соғысқан совет әскерлері жауды өз ордасына, Берлинге апарып күйретті. Жеңісті паш еткен Кеңес Одағының қасиетті туы, ал қызыл туын Берлинге тұңғыш рет қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев тікті. Талай адамның өмірін жалмаған, талай отбасын қайғыға ұшыратқан бұл соғыс туралы жаза берсің, қарғыс атқыр сол соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толып отыр. Бір адамның ғұмырына тең келер бұл соғыстан кейінгі күйреген қалаларды, тоқырған ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру оңай болған жоқ. Сталин басқарған сол соғыс жылдары тарихтан ойып тұрып, өз орнын алды. Соғыс кезіндегі балалардың өзі қазір қартқа айналып, сол кездер сағым тәрізді көз алдында қалып қойды, ал қаншасы келместің кемесіне мініп аттанып та кетті. Енді бір он шақты жылда сол соғыс туралы сыр шертетін адамдар да қалмас, сол кезде бұл соғыс та ертегі тәрізді кинолар мен кітаптардардан ғана көрініс табатын шығар.
Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Еліміз егемендік алғаннан кейін, соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне ерекше қамқорлық жасауда. Бұл да Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында іске асуда. “Барлығы Отан үшін” деген ұранмен өмір сүріп, бар ғұмырын Отанына арнаған патриот қарттарымыздың амандығын тілеу, әр адамның міндеті.

Бұл соғыс 70 жыл бұрын болған еді,
Әр кеудеге қайғы-қасірет толған еді.
Жан жарын сол соғысқа аттандырып,
Қаншама ару қураған гүлде» солған еді.
Отаным, елім деп кеудесін оққа төсеп,
Талай боздақ өмірін қиған еді.
Сол баласын жоқтаумен зар иелеген,
Ата-ана естерін зорға жинаған еді.
«Әкем қашан келеді?»-деп жолын тосып,
Талай бала қара жолды торыған еді.
Сол қиыншылық барлығы артта қалып,
Жеңіс деген бақыт боп басқа қонған еді.
Сол жеңіске дәл бүгін мамыр айда,
Сәби жасы 70-ке толар еді.
Құтты болсын Ұлы Жеңіс бәріңізге,
Қуаныш болсын жас пенен кәріңізге.
Бейбітшылык мәңгілік болып қалсын
Әр шаңырақ қуанышқа толы болсын.
Бізге жеңіс сыйлаған қарттарымыз,
Ғұмыры ұзақ, өздері аман болсын.
Болашақта бәріміз армандаған
Бақытты да бейбітшілік заман болсын.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 2 134
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .