Ел боламын десең, бесігіңді түзе


Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп
Калың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Сәулесі суда дірілдеген жарық ай, ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені, әлденеден қуана сыбырласқан қалың ағаштың жапырақтары, ит - құсқа ма, бейсауат жүргіншіге ме, үрген иттердің үні мен қой күзеткендердің айтағы, сол дауыстардан таудың жаңғыруы — осының бәрі керемет шеберлікпен жан бітіре суреттелген. Сондықтан оны оқығанда баяғы қазақ өмірінің ертегідей бір әсем суреті қайта тіріліп, кісінің жаны жадырап, көкірегіне шуақ төгілгендей сезімге бөленеді. Ауыл жайлы әңгіме ерекше тербеніске толы әңгіме.  Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі, мәдениеттің мәйегі, дәстүрдің басталатын жері» деген сөздерді тебіреніп айта аламын. Бұл біздің түп тамырымыз ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті мекен. Заман өзгеріп жатыр. Ел уақыт тынысына сай тіршілік кешуде. Кей ауылдың жағдайы мәз болғанымен, көп ауылдың жағдайы алаңдатарлық. Басты себеп – жұмыс орнының тапшылығы. Жастар жұмыс істегісі келеді, ақша тапсам дейді. Алайда ауылда көңіліне сай жұмыс табыла бермейді. Сосын келіп қалаға ағылады. Ауылдың келешегі жастар ғой. Ал, сол жастар кетіп жатса, ауылда не сән қалатын еді?
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтылған. «Туған жер» бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтардың ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» мерекелік жиындар да аталып өтілуде. Сырттағы ауыл азаматтарының туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіріп, ауылының мәртебесін көтеріп, өзінің Отан алдындағы абыройы – туған елдің  масаттанар мақтанышы. Береке-бірлігін айғақтаған ауыл азаматтарының осынау бастамасы келешек жас ұрпақтың бойына елжандылық қасиетті сіңіреді деп ойлаймын. Әкеміз атын суарған, анамыз келіп су алған сонау бұлақтың жағасы – ұлттық болмысымыз бен рухымыздың ұясы.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,-деп ұлы Мұхтар Әуезов атамыз айтқан екен. Ауыл – қазақы тәлім-тәрбиенің ордасы. Әрине, ол ұлағат тіліміз арқылы жететіні белгілі. Бір жағынан ауылды ана тіліміздің ұясы, бастауы десек те қателеспеген болар едім. Демек, тілді сақтауымыз үшін де қара шаңырақ – ауылымыздың амандығы, оның гүлденіп, өркендеуі өте қажет екен.  Отан – ошақ басынан басталады. Туған жер – туған көше, туған қала, кент. Менің қаланың баласы болсамда  аталарым туып өскен жері, ауылы , мен үшін аса қымбат. Ол - Қарқаралы. Дәл осы жерде менің атам, әкем дүниеге келді. Тәй-тәй басып, тілім шығып, балабақшаға барып жүрген кездердің өздерінде ауылға апарып тұратын. . Қазір 10-сыныпта жақсы оқып жатырмын. Балалық шағым көңілді, шаттықта, уайымсыз өтіп жатыр. Сол уақыттардан бері ауылды өз туған жерімдей әр кездері сағынып  жүремін. Себебі менің ойымша, адам баласына «Отан», «туған жер» деген ұғым ана құрсағынан басталатын сияқты. Біз есейген сайын туған ел туралы түсінігіміз молая береді. Ал ер жеткенде өмірді, дүниені жан-жақты түсініп білген кезде «туған ел» деген ұғым бұрынғыдан да мәнді, мағыналы болып, сезімімізді байыта түсетініне нық сенімдемін.
«Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді!»,-деп тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауыл халқына үндеу тастаған. Заман өзгеріп жатыр. Ел уақыт тынысына сай тіршілік кешуде. Кей ауылдың жағдайы мәз болғанымен, көп ауылдың жағдайы алаңдатарлық.Басты себеп – жұмыс орнының тапшылығы. Жастар жұмыс істегісі келеді, ақша тапсам дейді. Алайда ауылда көңіліне сай жұмыс табыла бермейді. Сосын келіп қалаға ағылады. Ауылдың келешегі жастар ғой. Ал, сол жастар кетіп жатса, ауылда не сән қалатын еді? Туған жер бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтардың ұйымдастыруымен Туған жерге тағзым мерекелік жиындар да аталып өтілуде. Сырттағы ауыл азаматтарының туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіріп, ауылының мәртебесін көтеріп, өзінің Отан алдындағы абыройы – туған елдің масаттанар мақтанышы.
Сондай-ақ, тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген ұлағатты сөзі мені қатты ойға қалдырды.  Кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, бойына ең ізгі қасиеттерді дарытқан, сананы білім нәрімен дамытқан, туып-өскен жерге деген перзенттік парыз-біздің де ата-аналарымызды, аға -әпкелерімізді «Туған жерге тағзым» акциясын қолға алу қажеттігіне шақыратын тәрізді. Ендеше, олар неге одан тысқары қалуы керек?! Ауылды түлетуіміз керек – деп жатқан үлкендердің қолдауы. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы талаптарды орындаудың маңызы ерекше.
Береке-бірлігін айғақтаған ауыл азаматтарының осынау бастамасы келешек жас ұрпақтың бойына елжандылық қасиетті сіңіреді деп ойлаймын.

 

 Аяулым Алтаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу