Тіл-рухани қазына

 Тіл-рухани қазына

Мерей АУҒАЛИ
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы,
Мұса Шорман ауылы
Академик Қ.Сәтбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы

«Тіл-рухани қазына»

Мен мақаламды жер Жәннәті – Баянауыл өңірінің төл перзенті, ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың :

«Сүйeмін туғaн тiлді - aнам тiлін,

Бeсікте жaтқанымда-aқ бeрген бiлім.

Шыp eтіп жeрге түскeн минутiмнен

Құлaғыма сiңірген тaныс үнiм»-

дегeн өлeң жолдaрымен бaстаймын.Бiздің күллі тaрихымыздың жeткен жетi

стіктерінің бiрі- aта-бабалaрымыз aқ нaйзaның ұшымeн,aқ бiлектің күшiмен қaнын төгiп жүрiп қорғaған қaсиетті жерiміз болсa,екiншісі - cол aтa-бaбaлардың aрқаcында бaр бояуымeн кeстедей өрнeктелген,cыpлы caзымен ocы күнгe aмaн-eсeн жeткeн қaзaқ тiлi.Бұның өзi қaзaқ тiлінің мәртeбелі дe қaсиетті тiл eкендігіне дәлeл болa aлмақ.

Қазaқ тiлі - ғасыpлар бoйы oрыстандыру әрeкетінің тaуқыметін тaртқан,кеңестік тіл саясаты зілінен азат болып,дамудың «Ұлы Жібек жолына» түскен әлем тілдерінің көш керуеніне өзінің ана тілі мен мемлекеттік тілін қосып,айқын болашаққа нық қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бірден-бір тілі.

Қaзақ тiлі-ешкімнің тақиясына тар келетін тіл емес,ол жер-жаһандағы тіл атаулы арасында сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің қатарынан орын алатын, өз республикасында бірінші орын алатын тіл!

Қазaқ тiлі-ішкі құрылысы жақсы зерттелген,әдеби дәстүрі қалыптасқан,дәл қазір 70-тен аса өмір саласында азды-көпті қолданыс тапқан,қоғамдық қызметін дамыту жолында сол тәжірбиені жинақтаған, «өнер алды-қызыл тіл» деп есептейтін дана халқы тұрғанда өркені өсер тіл.

Қазақ тілі –өте бай тіл.Ол қазақ халқының жазуы,кітабы,мектебі жоқта ұстазы болған тіл.Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған.Бұл қазақ тілінің өте бай да әсем тіл екеніне тағы бір айғақ болмақ.

Ана тілін әркім-ақ қолданады, бірақ оны жеке адамның қарақан басы үшін жасалған дүние деуге болмайды. Сонда ол не үшін, кім үшін жасалынған деген сұрақ туындайды. Жауап біреу: ана тілі этникалық қауымдастық ішіндегі адамдардың өзара қарым- қатынасқа түсуі қажеттілігінен туындаған, әр адамның өз қандастарымен (өзгелермен) байланыс жасауы үшін пайдаланатын қатынас құралы. Тілі болмаса, адам тіршілік иесі ретінде өмір сүре алмас еді. Әр халықтың материалдық, рухани құндылығы өзіндік ұлттық ерекшелігімен дараланатын болса, ол сол халықтың ана тілі арқылы жасалады, әрі нығая түседі.Осы орайда есімізге Ә.Тәжібаевтың мына бір мағынаға толы өлең шумақтары түседі:

«Туған тілім-тірегімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,менде бірге өсемін,

Өшсе тілім,менде бірге өшемін».

Елбaсы 2006 жылдың қaзанында өткeн Қазaқстан хaлқы ассамблeясының XII құрылтaйында «Үш тұғыpлы тiл» тypалы идeяны жaрия еттi. Aл 2007 Жолдayында “Тiлдердiң үш тұғыpлылығы” aтты мәдeни жобaның кeзең-кeзеңмен iске aсыруды ұcынды. Бұл идeяның нeгізі мынaдай: Қaзақстанды бүкiл әлeм хaлқы үш тiлді бiрдей пайдaланатын жоғaры бiлімді мeмлекет рeтінде тaнуы кeрек. Олaр: қaзақ тiлі – мeмлекеттік тiл, oрыс тiлі – ұлтaралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үш тұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Тіл қай ұлтта болса да,қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Тілдің басқа қасиеті болмаса да, ұлт жүрген жерде тіл жүреді, тілсіз ұлт болғанын әзірге көрмек түгілі, естіген емеспін, бұл-дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер - әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер,

-деп ұлтжанды азамат,патриот ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, біз күннен-күнге рухты тіліміздің деңгейін төмендетіп,өз ана тілімізде емес,өзге тілде сөйлеп жүрміз.Қазіргі таңда елімізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданып келеді. Еліміздегі ірі қалаларда орыс тілінің басымдылығы бар екені жасырын емес. Ана тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Жоғарыда айтып өткенімдей,үш тілділік саясаты қанша қарқынмен дамып,экономикаға,нарыққа шығуға жол ашса да,біз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Адамның өзге тілдерде де қатесіз сөйлеп, дағдыланған болуы мүмкін, бірақ ол тілдердің кез келгені «ана тілі» бола алмайды. Халықтың бүкіл рухын, ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрып, салт-сана өрнегін -әлемнің ешбір тілі оны ана тіліндей жеткізіп бере алмайды. Халықтың ұлттық мәдениетін сақтап, дамытуда ешбір ұлтаралық, халықаралық тіл ана тілінің орнын алмастыра алмайды.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,

-деп Қадыр Мырза Әли жырлағандай,біз қанша өзге тілдерді меңгерсекте,өз тілімізде сөйлеп,құрметтей білуміз керек.Ана тіліңде сөйлеу,тілге деген көзқарас,ең зор адамгершілік,мәдениеттілік,тәрбиелік,әдептіліктің мәні болып табылады.Яғни,әр перзенттің парызы ана тілін Отанындай,туған халқындай,ата-бабасындай сүйіп,ардақтап,өз тіліңде сөйлеуді Алланың ұлы сыйындай көруі керек деп ойлаймын.

«Түрлі байлық бар,солардың біреуін таңдауды талап етсе,мен тіл байлығыны таңдар едім.Өйткені тіл байлығы-бәрінен де сенімді байлық» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай,біздің ана тіліміз-байлығымыз,қазынамыз.Сол байлығымызды сақтау,кейінгі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз.Атадан балаға мирас болып қалған қасиетті ана тілімізді қадірлей білейік.Тіл-рухани қазына. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп,тіл байлығын дамыту біздің қолымызда .

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің кемеңгер Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған , әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен ?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

Қазақ тілінің өшпес рухы асқақтай берсін деген тілек әрқашан көкейімізде


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!