Байрағымыздағы күніміз сөнбесін
Өтеш Аяжан, 10 класс,
№ 19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы,
жетекші Хабдуллаева Г.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың
болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп,
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.
Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз
мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.
Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез-келген
күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуді міндеттейді.
Осыған орай патриоттық тәрбиелеу мәселесі азамат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан мақсат болғандықтан, Отанға деген сүйіспеншілікті
дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Халық Қаһарманы
Бауыржан атамыздыың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған өсиеттері мен ерлікке толы
шығармалары ерекше орын алады.
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл болмасын,-деген жыр жолдары жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.
Ата-бабамызда «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген сөз бар. Алда-жалда ел басына
күн туа қалса, еліміздегі ер жігіттердің барлығы қолына қару ұстап, Отанын, жерін, ата-
анасын, жарын, ұл-қыздарын қорғауға дайын болуы тиіс.
Қазіргі жастардың азаматтық борышын өтеуге деген құлшынысы алабөтен. Олар
әскер қатарына өздері сұранып баратын болды. Бұл көңіл қуантарлық жайт.
Отанды сөзбен емес, іспен, ақылмен, жүрекпен сүйген абзал. Бұл үшін ақылмен
істелген іс жүрекпен, жүрекпен істелген іс ақылмен байланыста болуы керек. Отанын
сүйетін адам оның тыныштығын, берекесін, ынтымағын ойлайды. Сол үшін шыбын
жанын шырқыратады. Біз бірауызды болуымыз керек. Бауыржан атамыздың «Өз еліңде
құл болсаң, басқа елге құл болмайсың» деген сөзі бар. Біз осы сөзді темірқазық тұтуға
тиіспіз. Елге құл болу деген - Конституцияны көздің қарашығындай қастерлеу және Отан
алдындағы әскери антқа адал болу деген сөз.
Отаншылық, Отансүйгіштік – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-
дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде
отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа
жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілердің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан.
Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар, Байтұрсынов, Бөкейхан,
Аймауытов, Торайғыров, Жұмабаевтар отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспенде өнеге
көрсете білді. Әйтекке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет
етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында
Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.
Нұрсұлтан Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты
тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-
қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға
жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның
мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды
бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн” - дейді.
Тәуелсіздігіміздің, Ата Заңымыздың, Қазақстанның Қарулы Күштерінің мәртебесі
мен мерейі арта берсін, саптағы сарбаздардың сағы сынбасын, олардың кәсіби шеберлігі
шыңдалып, көк байрағымыз бұлтсыз аспанда желбіресін. Байрағымыздағы күніміз
сөнбесін, еліміз аман болсын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?