Бейбітшілік болсын төрімде!

 Бейбітшілік болсын төрімде!

Кубеева Ақбота
9 сынып,Горьковский орта мектебі
Жетекшісі: Исина Бибигуль Толеубаевна

Соғыс-адам өміріндегі ең ауыр қасірет. Соғыс-барлық халықтар үшін күтпеген апат. Соғыс айтып келмейді және одан ешкім қорғанбаған.Мейлі ақ бол,қара бол,ол ешкімді таңдамайды, өйткені оның алдында бәрі бірдей. Соғыс қайғы,өлім әкеледі.Қанша адамдардың өмірінің астан-кестенін шығарды. Қанша жамандық,тауқымет,қанша қайғы,қанша өлім,қанша қираған тағдыр соңынан қалдырды...Қанша кінәсіз адамдардың өмірін қиып,қанша адамдарды туғандарынан айырды. Соғыс жылдары-ең қиын жылдар.Соғыс жылдары халық көп зардап шекті,аштық,ұйқысыздық, үмітсіздік,шаршағандық,жақын адамдарынан айырылу –осының бәрі халық үшін ауыр соққы болды,бірақ халық барлығына да төзді.
Осыдан 75 жыл бұрын азапқа толы қанды кезең болды.Ол кезең-Ұлы Отан Соғысы.Ұлы Отан Соғысы Жер шарының тең жартысының күл талқанын шығарды. 1941 жылдың жазында соғыс бейбіт өмір сүріп жатқан халықтың өміріне құйын тәрізді еніп,мыңдаған жас жігіттер мен қыздардың армандарын бұзып,үлкендердің жыл бойы қорғап келген тұрақты,бақытты өмірлерін қиратып,мәңгілікке адамзаттың есінде қалды.
Соғыстың ауыр кездері бірде-бір отбасын айналып өткен жоқ,бірде-бір адам селқос қалған жоқ.Қолына қару ұстай алатын әрбір азамат майданға аттанып жатты.Біреудің ағасы,біреудің інісі,біреудің жары,біреудің әкесі осындай ауыр кезеңде Отанын қорғау үшін, титтей болса да, пайдасын тигізуге тырысты.Халықтың мықты рухы осы соғыста шешуші рөл атқарып,жеңіске жеткізді. Соғыстың алғашқы жылдары болған сұмдық ,халықтың рухын дамытып жаңғыртты. Үлкен де,кіші де ешбір шаршаусыз қиын жағдайда аянбай еңбек етіп, «Бәрі майданға,бәрі жеңіс үшін!» үшін деп ұрандатты.Қас жауды жеңу үшін ешкім ештеңе аямады.Әрбір ер бала,бозбала майданға барып,қолына қару ұстап жаумен күресуді армандады. Жеңіске жету үшін, әр адам өз үлесін қосты.Жеңіс- қанша адамның өмірі,қанша ананың көз жасы,қанша адамның арманы... Мен және құрбы-құрдастарым Ұлы Отан Соғысы туралы кітаптардан,кинофильмдерден білеміз. Жыл сайын 9 мамыр күні букіл әлем Жеңіс күнін тойлап,осы күнге жеткен ардагерлерді,жетпеген ардагерлерді еске алады. Біздің ауылда Тәуелсіздік алаңында соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналған ескерткіш тұр. Жуырда «Звезда» телеканалында «Қасым» атты кинофильм қарадым, Бауыржан Момышұлының «Битва за Москву!» атты кітабын оқып шықтым.
Өз шығармамда нағашы атам –Ермағамбет Мажитұлы туралы айтқым келеді.Мен нағашы атамды көрген жоқпын, ол кісі жайлы анам сөзінен білемін.Анам үнемі 9 Мамыр күні атамды еске алып,оның рухына дұға бағыштайды.Менің атам 1920жылы қараша айында Омбы облысының Щербакуль ауданында дүниеге келген. 1941 жылы майданға аттанғанда,ол бар болғаны 21 жаста еді. Майданға аттанғанда атам жас болған,сондықтан майдан оған қызық көрінген,бірақ кейін өмір мен өлім қатар жүретініне көзі жеткен. Атамның жаумен алғашқы кездесуі- солдаттарды майданға апара жатқан эшелонға немістердің әуеден шабуыл жасауы еді.Эшелонға жау ұшқыштары шабуылдады,атам жолдастарымен айқасқа жігерлі кірісіп кетті. Анамның айтуы бойынша ,осы сәт атамның есінде мәңгі қалған екен,өйткені атам үшін Ұлы Отан соғысы осы жерде басталған... Атам әскери дивизия қатарында 1942 -1943 жылдары Сталинград қаласын жаудан босатып,Берлинге дейін жетті.Сталинград қаласы қоршауда қалып,ең қиын кездерді бастан кешкен,бірақ қоршаудан да шығу жолы табылған. Әр солдаттың алдарында бір ғана мақсат тұрған-жауға берілмей,соңына дейін жетіп,фашистерден Отанын қорғап қалу. Сталинградта соғысқан үшін атам «За Сталинград!» орденімен марапатталған.Менің нағашы атам нағыз жауынгер және жігерлі,батыл адам болған.Атам Берлинге жетіп,Берлин үшін ауыр шайқаста жарақаттанып,екі көзінен айырылған. Атамда «За взятие Берлина!» , «За Победу над Германией»деген медалдары және «Орден Великой Отечественной войны второй степени» ордені бар. Атамда медальдары көп болған,бірақ көбін майданда жоғалтқан. Атам тірі болса,өзім бәрін сұрап білер едім,амал қанша,атам жайлы тек анамның сөзінен білемін. Міне, менің нағашы атамның тарихы осындай.Ол соғыс туралы біреудің сөзінен білген жоқ,ол өзі қолына қару алып жаумен күресті. Жылдар өтіп жатыр,атам дүниеде жоқ,бірақ туған туыстарының жүректерінің ең түпкірінде атам туралы естелік мәңгі қалды деп ойлаймын.
Меніңше, сұрапыл соғыста болған әр адам –Батыр деген атаққа лайық.Жеңіс үшін жандарын қиған әр совет солдатына мен алғыс айтар едім.Әрі олардың ерліктерін ешқашан ұмытпауға тырысамын.
Біз,жаңа заман балалары, аталарымыз аманаттап кеткен бейбітшілікті өз болашағымыз үшін, өзіміздің балаларымыз үшін сақтап қорғауымыз керек. Жер шарының түпкір-түпкіріндегі адамдар бір-біріне мейірімді болса, бейбітшілікті қастерлеп аяласа,ешқашан соғыс болмас еді.Ол- менің және әр адамның тілегі. Елбасы Нұрсұлтан Назабаев өзінің кезекті Жолдауында «... Біздің тірегіміз-тәуелсіздік,тілегіміз-тұрақтылық,білегіміз-бірлік!»- деген. Елбасымыздың нұсқаған Тәуелсіздік,Тұрақтылық,Бірлікті сақтайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!