» » » Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар

Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар

Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар казакша Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар на казахском языке
Берікқызы Баян
11-сынып, №164 жбб мектеп,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
Жетекшісі: Сарсембина Лаура Тураровна

Ұлы Отан соғысы еліміздің басына ауыр қасірет пен бейнет, азап пен қайғы алып келді.Аналарымыз жылап, бауыр еті балаларын майданға аттандырып, өздері ауыр жұмысқа жегілді. Жеңгелеріміз қимас ерлерін соғысқа шығарып салды. Сәбилеріміз ел басына төнген мына бір қасіретке көндіге алмай, жәутеңдеп қала берді.Ауыл өмірі сондай бір жұпыны, көңілсіз күй кешті. Әйелдер мен қарттар, қабырғасы қатпаған жеткіншектер күн шықпай егіс басына барып, күн ұзақ егін егіп, майданға азық дайындаған. Қас қарайғанда шаршап келіп, сүлделері құрып, омақаса құлаған. Оның үстіне майданнан күнде бір үйге қара қағаз келіп, онсыз да қоңыр ауылды күңірентіп, жоқтаумен тітіркендіріп жіберген. Иә, майданға ұлдарын аттандырған ауылдың тіршілігі осындай болғанмен, майдандағы аға-әпкелеріміз өз борыштарын абыроймен өтеп жатқан. Олар қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеп жатты. Еліміз бұл соғысқа бір миллион 366 мың адамды атттандырған. Олардың 5183 қызкеліншектер болған.
Жалпы республикамыздан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық , 4 минометтік, 3 аавиациялық полк, 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Осындай дивизиялардың бір тобы батыс майданы құрамына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты. Солардың бірі-генерал И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы. Кейіннен бұл құрама асқан ерліктің үлгісін көрсеткені үшін 8-гвардиялық дивизияның құрамында батальон, полк командирі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы да бар еді. Ол 1941жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шығып, 5рет қоршауды бұзып, аман-есен өз дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крючково, Бородино, Трашково т.б қала, ауылдар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік көрсеткен. Батыр да іскер Бауыржан атамыздың жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі , әрі «ошақты» және «икемді қорғаныс» атты әскери ұғымдарды қалптастыруы мақтанарлық жағдай екенін мойындағанымыз жөн. Бауыржан атамыздың батырлығы , іскерлігі А,Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабында суреттеледі. Республикамызда жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай айқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті.
Сталинградты қорғасып, Паулюс әскерлерін талқандасты. Ленинградты жаудан азат етті. Ақыры жау астанасы Берлинді алуда маршал Жуков басқарған I Белорусь майданының құрамында болып, Кеңес Одағының батыры, майор Сағадат Нұрмағанбетовтың жауынгерлері Гитлер паналаған бункерді талқандаса, взвод командирі Рақымжан Қошқарбаев жау ұясы Рехстагка алғашқылардың бірі болып ту тікті. Рейхстагка ту тіккен 150-атқыштар дивизиясы Қостанайда жасақталған 756-атқыштар бригадасы негізінде құрылған еді. Қалай дегенмен де, қазақ халқы Ұлы Отан соғысына дейін де өз батырлығы мен қайсарлығын дәлелдеп қойған-ды. Ежелгі ата-бабаларымыз ғұндардан қытай елі сақтанып, ұлы қытай қорғанын салғанын тарих дәлелдеп отыр емес пе? Мәдениеті де, өнері де, батырлығы да таңдай қағарлық екенін бір ғана сақ жауынгеріннің алтын киіміндегі зергерлік өнердің өзі ақ дәлелдеп отыр емес пе? Ежелгі Мысырды билеген Сұлтан-Бейбарыс пен Ресейді мойындатқан Ораз-Мұхаммед бабамызды қайда қоясыз? Әрине, осындай қайсар халықтың ұрпағы Ұлы Отан соғысында да өздерін дәлелдеп жатты. Мәселен, немістің 100 солдатын атып өлтірген солдат «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болуға тиіс майданда мерген ағаларымыз Ы.Сүлейменов, Т.Сүлейменов, Қ.Адамбеков өздерінің мергендіктерін таң қаларлықтай дәрежеде дәлелдеді. Ыбырайым Сүлейменов атамыз 341 немісті атып түсірсе, Төлеуғали Әбдіков деген жауынгер 397 немістің көзін жойған. Немістер арасында Төлеуғали Әбдіков «Қара өлім» деген атпен танымал болған екен. Бірақ белгісіз себептермен Кеңес Одағы батыры атағы бұйырмаған бұл жауынгер біздің жадымызда мәңгі сақталып, мақтанышымыз болары сөзсіз. КСРО батырлар саны жағынан қазақтар бесінші орынды иеленген екен. Егер алалау әрекеттері болмағанда, одан да жоғары орындардан көрінуіміз ғажап емес еді. Калинин майданының іздік мергені атанып, «Қызыл жұлдыз» орденімен мараппатталған, жаудың 227 солдат-офицерін жойып жіберген Ысқақ Уәлиев; офицерсіз қалған ротаны аға сержант болып шабуылға көтеріп, осы ұрыста 38 жау әскерінің көзін жойып, 49 немісті тұтқынға алған Алқал Оңғаров; Панфилов дивизиясының батерея командирі, жаудың 4 танкісін, 5 броннмашинасын, 18 оқ ататын нүктелерін талқандап, Берлин үшін болған шайқаста 200 фашисті жойған офицер Аманша Меңдіғалиев; бір өзі гранатпен, автомат оғымен 52 фашисті өлтірген, жаудың 2 пулементі мен танкті ататын мылтықтың құрылымын жойып, 7 неміс солдатын тұтқынға алған, 25 жауынгерді ерлікке бастап, бүкіл полктің ілгері басуына мүмкіндік берген лейтенант Сұлтанбай Ысқақов; Орел-Курск доғасындағы шайқаста бөлімше командирі болып жүріп, 5 дұшпанды атып өлтіріп, 25 немісті гранатамен жайпап, 19 –ын тұтқынға алған ефрейтор Ғұсман Ахметқалиев; жаудың 5 дзоты мен 2 броннмашинасын бір уақытта жойып жіберген сержант Ораз Әлібаев; «Даңқ» орденімен төрт мәрте марапатталған, 1945 жылғы Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысушы старшина Темірғали Исабаев; 1941 жылдың 8 тамыз күні Берлинді бірінші рет бомбалап, аса қауіпті тапсырманы орындауда асқан ерлік пен кәсіби шеберлік көрсеткен Біләл Қалиев; бір өзі жаудың екі танкісін қиратқан батольон камсоргі, гвардия лейтенанты Алтыншаш Нұрғожиновалар сияқты жауған оқтың астында жауға қарсы батылдықпен шайқасқан тағы да басқа қазақ батырларының ерен ерліктері елеусіз қалды. Бірақ біздер үшін бұл азаматтар халық қаһарманы ретінде, ерен ерлік иесі ретінде жадымызда мәңгі сақталатына кәміл сенемін. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында теледидардан көрсетілген бағдарламаларды да неміс халқының өзі тек қазақтардан құралған дивизиялардың қайсар екенін мойындағанын естіп, кеудемде мақтаныш пен сүйсіну сезімі қатар оянғанын жасыра алмаймын.
Ұлы Отан соғысында ерліктерімен аңызға айналған Хиуаз Досанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдулин сияқты көзсіз ерлікпен көзге түскен ерлеріміздің ерліктерін айтып жатудың өз артық. Барлаушы партизан Қасым Қайсенов атамыздың да қайсар ерлігі мен ақылдылығы, қанды соғыстан өз түйсігінің арқасында аман келген өр атамызды мәңгі мақтан тұтамыз. Әрине, ажалсыз өлмейді , дегенмен ол кісінің жау мекенінде бөріше жортып жүріп, жау оғынан аман келуі ақылдылығын да көрсетсе керек.
Ұлы да, асқақ ардагерлер, Ұлы Отан соғысында сендер көрсеткен ерен ерлік, төккен қан, қиған қыршын өмірлерің ұрпақ үшін баға жетпес үлгі, қасиетті рух ретінде санамызда мәңгі жаңғырады. Сендердей асқақ ұлдардан тараған ұрпақ, мына біздер, осал болуға тиіті емеспіз! Тәуелсіз еліміз Қазақстанның көк байрағын әрқашан желбіретуге, қажет болса, өмірімізбен қорғауға уәде береміз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 59 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ерліктерімен аңызға айналғандар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерликтеримен анызга айналгандар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерліктерімен аңызға айналғандар, шығарма Ерліктерімен аңызға айналғандар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Ерликтеримен анызга айналгандар на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр, Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы