» » » Шығарма: Қаһарлы күндер жаңғырығы

Шығарма: Қаһарлы күндер жаңғырығы

Шығарма: Қаһарлы күндер жаңғырығы казакша Шығарма: Қаһарлы күндер жаңғырығы на казахском языке
Бекетқалиқызы Сезім
10 сынып, Дарынды балаларға арналған М.Арын атындағы
№24 Экономика және бизнес арнаулы лицейі Талдықорған қ.
Жетекшісі: Нұрғожаева Б.Д.

Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін.
Түр білек, түс еңбекке ту астында,
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін
Н. Байғанин «Жеңіс үшін» өлеңінен
Мәңгілік өшпес отты жылдар. Бұл адамзат тарихында өткен күндер белгісі. Еліміздің осы бір өткен тарихына үңілсек, осыдан 75 жыл бұрын 1941 жылы неміс фашистері елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған. Сталинград, Москва, Ленинград қалаларында, Днепр өткелінде болған ұрыстарда жауынгерлер ерен ерліктер көрсетті. Елбасына төнген бұл зұлмат соғыс жиырма миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Қаншама қала, өндіріс орындары, ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылып, 23 сағаттың жұмыс күні бекітілді. Демалыс күндері мүлде болмады. Бірақ ешкім де қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Осындай ұрыс даласында, тылдағы еңбек майданында бәріне бірліктің арқасында еліміз жеңістерге қол жеткізеді.
Осы бір отты жылдарда шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк еді. Сол кездерде нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талас етпестен, қашан да жауынгерлермен бір сапта тұрды. Тіптен дәл осы қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш-қуат берді.
Ерліктің қос қанаты деп білемін
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,- деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы медицина институтының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қайсарлығы таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қойды. Яғни, сұрапыл соғыста от пен оқтың, өмір мен өлімнің арасында жүріп жас өмірін сарп еткен мерген Әлия мен пулеметші Мәншүк ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Шерлі жылдар шежіресіндей адамзат тарихындағы осы бір қаһарлы отты жылдар, ауыр күндер көркем әдебиетке де өз ізін қалдырды. Әсіресе, ұлы Жамбылдың даусы асқақ та айбынды естіледі. Жыр алыбы атанған Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты толғауы. Ленинград түбінде болған шайқаста жауынгерлерге үлкен рух беріп, оларды отанды сүюге жігерлендіреді.
Поэзияның мұндай ғажайып рөл атқаруы тарихта сирек кездеседі. Жамбыл жырларымен қоса қарасөздің қадірін ұғатын жалынды жас Баубек Бұлқышевтің де дауысы ерекше естілді. Соғыстың нағыз отты жылдары 1942 жылы жазылған «Менің өмір сүргім келеді» деген шығармасында Баубектің мынадай бір ойтолғанысы бар. «Менің жастығым адам баласына берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайтара алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақытты жандарсыңдар.
Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласындар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боларсыңдар» ,-деген хат үлгісінде жазылған. Баубектің жалынды сөзінде айбаты асқан, соғыста жеңіске жетем деген сенімі мол, айбынды өр дауысы жатыр. Бұл сын сәттерде батыл сөзді түйдек-түйдегімен төккен Баубектің отты толғанысы қазақ журналистикасын жарқыратып, жаңа бір белеске көтерді. Сонымен қатар әдебиет әлемінде жаумен айқаста шайқас үстінде қаза тапқан Абдолла Жұмағалиев туралы Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» Панфилов дивизиясының әйгілі 28 батыры туралы Нұрпейіс Байғаниннің «Ер туралы жыр» поэмалары, Әбу Сәрсенбаевтың «Мазасыз Украина түні», Жұмағали Саиннің «Жаралы партизан жылдары» өлеңдері, Әлжаппар Әбішевтің 9-гвардия жауынгерлерінің ерліктері туралы «Намыс гвардиясы» пьесалары бар. Сонымен қатар «Жанымды арым үшін құрбан еткен, халқымның қарапайым бір ұлымын» дейтін өмірлік ұстанымы бар қайсар да қайтпас ер Бауыржанның ерлікті өзек еткен жырлары шерлі жырлардың шежіресі іспеттес. Қорыта айтқанда, «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ардагер аталарымыз бен Әлия, Мәншүк сынды апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бізге шуақты нұрын шашады. Олар біз үшін қаншама ауыр сын сәттер басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанда ақ көгершіндей қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Осынау өрт шарпыған соғыс жылдарында от кешкен ержүрек жауынгерлер, бүгінгі соғыс ардагерлері қашан да үлкен құрметке лайық. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Сол сұрапыл соғыста батырларымыз бен ардагер аталарымыз сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінде дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып, бүгінгі ұрпағымыз осы тәуелсіз елімізде алаңсыз, баянды күн кешуде. Мен өз шығармамды мына бір өлең жолымен аяқтағым келеді.
Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан, қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!,-демекші
Жеңіс туы төбемізде мәңгі желбіресін,
Соғыс болмасын, бейбіт күн мәңгі жасасын!
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген мұзбалақ ақынымыз Мұқағали жырлағандай отты жылдарда ерліктің сан үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлеріміз бүгінде саны азайып барады. Олай болса, осы ардагер аталарымызға құрмет көрсету, олардың ерлік істерін кейінгіге үлгі ету – біздің перзенттік парызымыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 69 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Мәңгі жеңіс алауы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!
Шығарма: Соғыс арифметикасына үңілсек
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс арифметикасына үңілсек
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қаһарлы күндер жаңғырығы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Каһарлы кундер жангырыгы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қаһарлы күндер жаңғырығы, шығарма Қаһарлы күндер жаңғырығы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Каһарлы кундер жангырыгы на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспары, Шығарма: Қаһарлы күндер жаңғырығы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы