Шығарма (эссе): 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Шығарма (эссе): 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:

«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.

Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!

Мұлсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын!

Наурыз мейрамы туралы эссе

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.

Наурыз туралы ағылшынша, орысша шығарма

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 6

  1. Эссе
    Эссе 23.02.2021 00:38
    1 + 0 -
    Керемет шығарма
  2. наурыз
    наурыз 04.01.2021 07:29
    1 + 0 -
    22 наурыз мейрамы құтты болсын агайын
  3. 123
    123 15.03.2018 11:16
    0 + 1 -
    жақсы маған ұнады
  4. Інжу Майтонова
    Інжу Майтонова 08.10.2016 17:54
    0 + 0 -
    інжу не істеп жатырсын мен айыммын
  5. Біржан Ерош
    Біржан Ерош 10.03.2016 18:21
    0 + 0 -
    Рахмет!!!Жаксы
  6. Jannur Amangeldiuli
    Jannur Amangeldiuli 05.12.2014 07:55
    0 + 0 -
    жақсы
Ілмектер: наурыз туралы шыгарма, сочинение на тему праздник наурыз на казахском языке, наурыз мейрамы шығарма, наурыз мейрамы шығарма қазақша, наурыз мейрамы шыгарма казакша, наурыз мерекесі туралы шығарма, наурыз мереке туралы шығарма, шығарма наурыз жыл басы, шығарма наурыз туралы, шығарма наурыз мерекесі, шығарма наурыз мейрамы, шығарма 22 наурыз мейрамы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про 22 наурыз мейрамы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, 22 наурыз мейрамы туралы эсск

Келесі мақала жүктелуде...