Патриот деген кім?

 Патриот деген кім?

Кәкім Бәкіжан
10 сынып, Дөнентаев атындағы орта мектеп
Ақсу ауданы,
Павлодар облысы.

Туған жер... Туған жер-ай! Торқалы топырағың табаныма мақтадай жұмсақ тиіп , әр қадамыма қуат беріп қана қоймай, сол топырағыңның жылуы табанымнан өтіп, алпыс екі тамырымды қыздырып, іштегі тұнып жатқан сезім толқындарын толғандырып қояды-ау шіркін! Толқыған жо...жоқ тулаған жүрегім лүп-лүп соғып, кеудемді дүрс-дүрс ұрып жарып шығатындай, тәйірі. Ал табиғат болса, сол баяғы әсем әуезді әуенін шертіп жатыр ма? Жоқ, әлде, бейне бір жүрек тесер сырын ақтарып жатыр ма? Білмеймін... Сен дегенде жан жүрегім езіліп, темірдей қатал да қатқыл мінезім елжіреп -балқып кете ме? Олда бір үлкен жұмбақ. Туған жерім мен өзіңе келгенде, иә, иә мына мен жұмаққа келгендей күй кешемін. Сол жұмақтың ішіндегі адамдар қандай бақытты десеңізші! Па, шіркін, осынау асау әрі көзге көрінбес , тіпті білінбес, бірақ алып бақыттың қадірін жұрт біле ме екен? Жоқ, әлде осынау қасиетті қара жерден алысқа ұзап кету міндет пе?! Ес жиғалы туған жерге ғашық болған мына мен, осы әсемдіктен жаралған мекенді ақырғы рет көріп тұрғандай, я болмаса осы жерлермен қоштасып үлгере алмай қаламын-ау, одан айырылып қалмасам не болады, деген жалғыз қорқынышпен күн кешіп келемін. Кейде өзіме сан түрлі сұрақ қоямын. Туған жерден ұзатылған қыз келіншектер қалайша өзге жерге, өзге елге барып, тастай батып судай сіңеді екен? Қалайша мұндай азапқа шыдайды екен? Иә... әйел заты махаббат үшін осындай ауыр сынақтыда көтеруге дайын ғой. Қыз ұзату да қазақтың үлкен салт-дәстүрінің бірі. Ал мен болсам туған өлкемді үш күн көрмесем, жанымды қоярға жер таппай , тар әрі қараңғы қапаста жалғыз қалып қойғандай, туған өлкемді енді қайтіп көрмейтіндей, я болмаса өзімді екі оттың ортасында қалғандай сезінемін. Тіпті, бар әлемнің байлығын аяғымның алдына үйіп қойсада, туған жерімнен, өсіп-өнген өлкемнен , еркелеп өскен елімнен бір елі болсын ұзап кетпеспін. Күндердің күні ерте ме, кеш пе о дүниелік болғанда жаратқаным маған екінші өмір беріп, өміріңді қайда өткізгің келеді деп сұрайтын болса, мен мүдірместен менің кішкентай ғана ауылыма, туған жеріме жіберуін сұрар едім. Осы орайда бар қазақтың жүрегін жыры мен тебіренткен қазақтың бір тума ақыны – Фариза Оңғарсынованың мына жыр шумақтары аядай көңілге орныққандай санатыма қайта-қайта оратыла берді:
-О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,
саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай,
балапандай талпынып ұшамын мен.
Сан ғасырлар төңірегінде «тәуелді» атты тар қапаста қысылып, сол қапастан бір күні шығып, тәуелсіздің күнін кешемін деген бірақ қана арманмен күн кешкен ата-бабаларымызға сағым болған, аңсатқан арман тоқсан бірдің сұрапыл желтоқсанының он алтыншы жұлдызында жүзеге асты . Тарихы терең бойлаған қайсар елдің тәуелді болып қалуына жоңғарлардың қыспағы мен, қалың халықтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылмауы үлкен рөл атқарды. Жоңғарлардың жасаған ауыр соққысынан қалың халық бас сауғалап кете барды. Бас сауғалаудан табандарынан тозып ақтабан болған елден «Елім-ай » атты зарлы ән сүзіліп шыға берді:
«Қара таудың басынан көш келеді-ай, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді-ай.
Ел жұртыңнан айырылған қиын екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді-ай». Қыспақта қалған қалың қазақ Ресейге қосылуды ұйғарады. Құрылтайда үш жүздің басы бірігіп, Төле, Қазыбек, Әйтеке атты қазақтың үш атақты биі бірлікке үндейді. Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері жоңғарларға күйрететұғын ауыр соққы берді. Ресейдің қол астына өтсек те, жоңғарларды өз күшімізбен «Аңырақай шайқасында» ойсырата жеңген болатынбыз. Ресейге қосылғаннан бастап тәуелсіздің күні құрып , «бодан» деген атты жамылдық десек артық айтқандық емес. Ел азаттығы, ұлт азаттығы үшін сан мәрте көтеріліске шығып жатсақ та, өз дегенімізге, өз мақсат-мұраттарымызға жете алмағанымыз ақиқат. Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында қазақтың бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орынына орыс ұлтының Колбин атты азаматы келгенін естіген жастар көтеріліске шықты. Осы жолғы көтеріліс ел тарихындағы тым елеулі көтеріліс болғаны ақиқат, себебі осы көтерілістің арқасында тәуелсіздігіміз қолымызға тиіп, өз арамыздан тұңғыш президентімізді сайлап алдық. Әрине, бұл көтерілістің өзіндік құныда арзан болған жоқ. «Елім» деп еңіреген ұл-қыздарымыз қыршынынан қиылып кете барды. Оларды абақтыға жауып, көрсетпеген қорлықты көрсетіп, жала жауып, қаралап, жандарын азапқа салған күйі ату жазасына кескен болатын. Біздерді қанша қараламақ болса да, қайсар халық өзінің патриоттарын мәңгі бақи ұмытпайтынына мен өз басым сенемін.
Осындай толғауы тоқсан, тамыры терең бойлаған тарихы бар , әдеби-мәдени құндылықтары бар дана халықтың болашағына деген көз қарасы айрықша кең, әрі шынайы екеніне ешқандай шүбә келтіре алмаймыз. Кеше ғана тәуелсіздік атты бақ құсын қолымызға қондырған болсақ, бүгін міне, толағай табыстарды қанжығамызға байлап, заңғар белестерді бағындырып келеміз. Бұл тек рухы берік халықтың жете алатын көрсеткіші деп білемін. Барлығымызда «Қазақстан» атты алып кеменің үстіндеміз. Әлем атты мұхиттың толқындарына төтеп берген сайын рухымыз көтеріліп, кемеміздің қаншалықты мықты екенін түсінеміз. Есім, Тәуке сынды қазақ хандарының жасап кеткен картасына сүйене отырып , капитанымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан» атты кемемізді жеңіс жағалауына қарай бағыттап келеді. Осындай толағай табыстарды көрген сайын жүрегімді тылсым шабыт шырмап, жыр шумақтары өздігінен өріліп шыға берді:
Мен сенемін елімнің ертеңіне.
Жігерменен айтамын жер тебіне,
Мен сенемін халықтың бірлігіне,
Заманымыз айналар ертегіге. – демекші барша қазақ
жастарының атынан осындай бейбіт өмірге деген сенімімді білдіргім келеді. Менің жүрегімде өшпес із қалдырған көптеген әдеби шығармалар бар. Оларды атап өтсем: Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат», Оралхан Бөкейдің «Айпара ана », Сәкен Сейфуллиннің «Қартқожа» сынды туған жер, туған жерге сағыныш жайындағы көркем туындыларды оқыған сайын менің отан сүйгіштік қасиетім қайрала түседі. Отанына, туған жеріне , атамекеніне арнап қазақтың қаншама бір туар ақындары,жоқ жұлдызша жарқ еткен өлеңдерін дүниеге әкелді. Солардың ішінде Қасым аманжоловтың мына бір жыр шумағы менің ішкі жан дүниемді ерекше күйге бөледі: -
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің.
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Үйде ғана емес, сыртта да үлкендердің айтатыны туған жер болса, қалайша осындай елдің ертеңіне сенбеуге болады . Әкем өзінің екі жыл әскерде Ресей жерінде болғанын, туған жерін, туған тілін қалай сағынғанын айтқанда әкемнің ғана емес, тыңдап отырған біздің де жанарларымызға жас толып қалатыны имандайын шындық . Ел басымыз өзінің әр жолдауында біздерге баса көңіл аударып, назардан оқшау қалдырмайтыны ақиқат.Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің келешектегі тағдыры біздің, яғни жастардың қолында. Мемлекетіміз бізге қалай сеніп жатса, бізде мемлекетімізге дәл солай сенеміз. Қазақтың болмысында еліне деген сенім ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық. Оны ешқандай тылсым, ешқандай тіршілік бұзалмасы ақиқат. «Бірлік бар жерде тірлік бар»-деген қазақтың жақсы айтылған сөзі бар. Бір қоғамдық жұмысқа қандастарымның бірігіп ат салысып жатқанын көргенімде елімнің ертеңіне деген сенім ұлғая береді. Мен кеудемді керіп елімнің ертеңіне сенетінімді үлкен мақтанышпен айта аламын.
Мен өз ауылымның ала таңына ғашықпын. Әсіресе, нұр қанатын кең жайып, батысқа беттеп келе жатқан күн көзінің әсем құбылысын жіберіп алмас үшін қораның төбесіне шығып алып, көкжиектің құшағына енген кездегі сәтін тағатсыздана күтемін. Тек қана көк жиекті емес тіпті асау желдің құзырымен ағып жатқан қалың, үлпілдек бұлттың қою қызыл түске боялып жатқаны жан-тәнімді ерекше күйлі әуенге бөлейді. Күннің соңғы сәулесіне «қош» демейінше тамашалаудан еш қажымаймын. Күн сәулесі демекші мемлекеттік туымызда да күннің көзі бейнеленген, астында еркіндіктің символы ретінде дала бүркіті бейнеленген. Тудың көгілдір түсі болса, тәуелсіздік пен азаттықтың белгсі. Көк байрағымыздың авторы Шәкен Ниязбеков еліміздің байрағын тек қана сұлулығын емес, философиялық тұрғыда да байыта білді. Ал елтаңбамыз болса, достық пен бейбітшілікке шақыратын аса құнды рәміз.Себебі елтаңбамыздың қақ ортасында қазақы киіз үйдің жоғарғы күмбезі шаңырағымыз бейнеленген. Шаңырақтан шашыраған шуақ шаңырақты көтеріп тұрған уық тәрізді емес пе?! Бәрін айтта бірін айт, ән ұранның әуеніне құныққан кезде, тұла бойыңда тұнып жатқан намыс оянғандай болады. Шәмшінің әуендері шыныменде сиқырлы тылсым.
Кейінгі ұрпақты патриот қылу үшін, оларға тарих пен әдебиетті тереңдетіп оқыту керек деген ой тастағым келеді. Қазіргі қоғамдық проблемелерды ашық талқыға салып қана қоймай, олардың маңыздылығын жеткізе білуіміз керек. Біз уақыттан бір қадам алда болуымыз қажет. Сонда ғана қазақтың ұрпағынан намыс оятып, келешекке деген сенім беріп, елге деген шынайы адалдық сезімін қалыптастырамыз. «Болашақ бүгіннен басталады» - деген елбасының жақсы айтылған сөзі бар. Ел болашағын қалыптастыруға мен де, сіз де өзіңіздің жарқын идеяларыңызды ортаға салуыңыз шарт. Бәріміз жұдырықтай жұмылып ат салыссақ алдағы «ЕХРО-2017» көрмесінде бар әлемге паш етерлік дүние жасауымыз әбден мүмкін. Мен патриотпын! Елімнің ертеңгі күніне тек қана зор сеніммен қараймын. Айтпағым, патриоты көп елдің асатұғын асуы қалмас.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі