» » » Шығарма: Туған жер

Шығарма: Туған жер

Шығарма: Туған жер казакша Шығарма: Туған жер на казахском языке
Ақылбек Томирис
7 сынып , «Жас Дарын» мектебі
Павлодар қаласы

«Батырлар мен даналар шыққан дала,
Жете алмас енді саған еш қала.
Биік-биік үйлеріне шықсан сен,
Сондай рахат тәтті өмірге бөленгендей»
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » -, деп бекер айтпаған. Шыр етіп дүниеге келген, кіндік тамған жер әрқашан да қымбат әрі ыстық. Мен өз туған жерімді жанымдай жақсы көремін. Оны еш нәрсе айырбастамас едім. Туған жердің табиғаты, тау-тастары, өзен-көлі, барлығы керемет. Туған жерімнің өркендеуіне, гүлденуіне, жайнап-жаңаруына мен өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Мен өзім Павлодар өңіріңде туғанмын. Павлодар десе, көзім жайнап кетеді! «Мәшһүрдей дананы, Бұхардай дараны тудырған Павлодар өлкесі» -, дегені шын! Қазақтың өте көп ақындары, академиктері - Павлодар тумасы. Сонымен әрбір қазақ мақтану керек! Павлодар ғана емес, жалпы Қазақстанның жазушылары – асқан даналар. Бірақ та, менің туған жерім тек ақындарымен ерекшеленбейді! Оның табиғаты да әр алуан! Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар, тап-таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер бар! Бұл ғажап өлкенің аң-құстары мен қоса жер қойнауындағы қазба байлықтарын айтсаңшы! Қазақстандай жері шырайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ. «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық» -, деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.
Түрлі ұлттар жерімізге қоныстанып
Біз жүрдік біраз уақыт орыстанып
Өткенге топырақ шашсақ, тас атады
Жүрміз ғой бірлік үшін қол ұстасып
Жүрегіме жақын сенің сырларың
Жырларында жазылады қырларың
Үмітімде болашағым өзіңсің
Қазақстан мәңгілік сұлу болсын!
-, дегендей анамыздай болған туған жерімізді әрқашан мақтан етеміз!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 50 | 1.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Туған жер. туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Туған жер. на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Туған жер., шығарма Туған жер. туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Туған жер. на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Туған жер., Шығарма: Туған жер шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы