Мен тәуелсіз елдің ұланымын

 Мен тәуелсіз елдің ұланымын

Құспан Гүлназ
10 сынып
Боранкул селосы, Бейнеу ауданы

«Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...»
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем!»
М. Жұмабаев
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. Қаншама батырларымыз, ер жүрек апа-ағаларымыз елін, жерін қорғау мақсатында оққа ұшты. Қаншама сәби ата-ананың жылы алақанынан айрылып, жетім өсті. Ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репрессияға ұшырады.Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі болсам да, Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін.Қазақстан үшін Тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Тәуелсіздік бізге тегіннен тегін келген жоқ. Осы күнге дейін құрып кетпей, ұлан байтақ жерде Қазақстан деген мемлекттің болуы - ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша елі, жері үшін кеудесімен оқ тіреп, соңғы демі үзілгенше еліне, ұрпағына осынау кең қазақ жерін сақтап қалуынан. Тәуелсіздік алғанға дейін қазақтың басынан не өтпеді? Бүгінгі таңға дейін осыншама қиындыққа қарамай өз жері, халқы, діні, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоймай біртұтас қазақ мемлекеті болуы әрине, бірінші ата-баба қанымен,білектің күшімен, найзаның ұшымен, сонымен қатар, ынтымағы жарасқан еліміздің осынау ұлтшылдығымен, қайсар рухымен , ел болам деген асқақ үмітімен жүзеге асты. Жер үшін қаншама
соғыстар болды. Қаншама қан төгілді.
1986 жылдың желтоқсан айында сақылдаған сары аязға қарамай студенттеріміздің «Қазақты қазақ басқарсын!» деген ұран көтеріп ереуілге шығуынан кейін 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға өз тәуелсіздігін берді. Бүгінгі таңда қаншама ел тәуелсіздік таңына зар болып отыр. Ұлан байтақ Еуразияның жүрегінен орын тепкен тәуелсіз Қазақстанда өмір сүру қандай бақыт! Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы таңдаған Н.Ә. Назарбаев атамыз қазақ елінің тұңғыш Президенті болып сайланды. Президентіміз осы күнге дейін көптеген істер атқарып, ел ықыласына бөленіп келеді. Қазақстанның өз «Ата заңы»,мемлекеттік рәміздері: Туы , Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келді. Қазақстанның мемлекеттік тілі-Қазақ тілі.Ұлттық валюта-теңге енді. Міне, бүгінгі таңда тәуелсіздігімізге 23 жыл толады . Осы 23 жыл аралығында Президентіміз ауыз толтырып айтарлықтай қыруар істер атқарды. ТМД, БҰҰ, ЕҚЫҰ,ЮНЕСКО –ұйымдарына мүше болды, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Спортта да, саясатта, әлеуметтік дамуда, эканомикада да үлкен жетістіктерге жеттік. Қалалар өсті.Қазіргі таңда Қазақстанды әлем таниды. Жеріміздің үсті де, асты да қазынаға толы. Елімізде Менделеев кестесінің 99 элементі бар.Бұл үлкен мақтаныш. Президентіміз өз жерімізден шығып жатқан қорларды игертіп, еліміздің экономикасын көтеруде. Халыққа көп көмегін тигізді. Атап айтқанда, қарттарға зейнетақы, қорғаушыларынан айрылған жандарға төленетін жәрдемақылар, көпбалалы аналарға, оқушыларға шәкіртақы, білім гранттарын, т.б . жеңілдіктер мен жәрдемақылар тағайындады. Шет елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін бас қаламыз Астананы жасады. Аспанмен таласқан зәулім үйлер мен ғимараттар тұрғызды. Астананың символы - «Бәйтерек» монументі көкпен таласқан бәйтерек ағашындағы самұрық құстың алтын жұмыртқасы іспеттес. Еліміздің жас Астанасымен бірге мен де дүние есігін аштым. Мен Астанамен түйедей құрдаспын.Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Мен өскен сайын Астана да көркейіп, өсіп келеді. Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін жеңіп алды. Бұл Қазақстанды әлемге танытатын көрме болмақ.Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы - Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп ойлаймын. Елін , жерін сүю тек ақылдың ісі емес жүректің ісі.Қазақ елі қандай ғажап! Қазақ дегенде көз алдыма кең байтақ Сарыарқаның төсі, кең жайлау, мыңғырған мал, жусанның хош иісі, көк майса, киіз үй, қымыз, шұбат, бешбармақ, қазы-қарта, бауырсақ, домбыра мен қобыздың сарнаған үні, қонақжай қазақ халқы және ұлттық оюмен безендірілген құрал-жабдықтар, бесіктегі ананың әлдиімен тербеліп жатқан сәби , ойнап жүрген балалардың шат күлкісі, сырмақ сырып отырған ақ жаулықты әжелер елестейді.
Қазақ халқы рухани құндылыққа бай. Қазақ тілі –бай тіл. Қазақстанның көк аспанда желбіреген Жалауы мен сазды Әнұраны маған сенім мен рух береді.Оң қолымды жүрегімнің тұсына қойып Әнұран айтқанда шабытым оянып , патриоттық сезімім еселене түсіп, жүрегімнің дүрсілі ерекше соғады. Әрбір Қазақстан азаматының жүрегі елім, жерім деп соғуға тиіс. Мен өз Отанымды шексіз сүйемін және қара көзді қандастарымыздың да Отанға деген сүйіспеншілігі, махаббаты жоғары болғанын қалаймын. Ұлттық намыс-ұлы ұғым. Әрбір қазақ азаматы қазақша сөйлеп, салт-дәстүрін қадірлеп, дінін,тілін жоғалтпай, өзге елге мазақ болмай жүрсе екен деп тілеймін.Елімізде өзге елдердегідей апатты жағдайлар болып жатпағанына Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Жеріміз кең, табиғатымыз көз тойдырарлық. Жерімізде табиғаттың жасаған мүсіні қаншама. Ата-баба аманаттаған кең байтақ жерімізді өркендетсек ата-бабаларымыздың рухы риза болар еді. Қазақстанның ертеңгі болашағы, осынау кең жерге иелік ететін - біз. Президент бізге білім алуымызға барлық жағдайды жасады.Білім алу мен оқу кітаптары тегін. Біз ел экономикасын көтеруге, ғылыми-техникалық жағынан дамытуға атсалысуымыз міндет. Ғылымға тың жаңалықтар еңгізіп, алған білімді қорытып жаңа нәрсе ойлап табуымыз керек.Айтуға оңай. Сөзбен ғана шектелмей, іспен дәлелдеу қажет. Мен өз еліме қай жағынан болмасын үлесімді қосуға дайынмын. Кеудемде елім деп соққан жұдырықтай ғана жүрегім барда елім үшін қолымнан келгенін аянбаймын. Шығармамның соңын жастарға рух беретін Президентіміздің жастарға арнаған сөзімен аяқтағым келеді . «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!