» » » Шығарма: Отаным –Қазақ елі

Шығарма: Отаным –Қазақ елі

Шығарма: Отаным –Қазақ елі казакша Шығарма: Отаным –Қазақ елі на казахском языке
Жаманқұл Аяулым
8 сынып, «Ақбастау» жалпы орта мектебі Қазығұрт ауданы
Жетекшісі:Пернекул Н.

«Отан! Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем!»
М. Мақатаев
Қазақ... Бұл халық –әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –бауырмашылдығында, бейбіт өмірге құштарлығында, сабырлылығында және даналығында.
сочинений среди школьников на патриотическую тему – 2014 г. Южно-Казахстанская область
Қазақ –сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен , ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ , ғажайып өлке– бұл Қазақ елі.
Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жазираларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде мен тамсанамын.
Еліміздің ертеңі жолында жан аямаған алдағы күнге қызмет еткен аталарымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме қуанамын, қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп , жерімізді жер етіп , өлшеусіз еңбек етуінің арқасында өркениетке өрлеткен Елбасы Нұрсұлтан ағамызға ілтипатпен қараймын.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса , азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан –теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де , елдің де иесі екеніңді ұмытпа» ,- дейді Елбасымыз. Расында , болашақта өз елінің қожасы да, иесі де -бүгінгі жастар . Олар–біздер. Біз - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы , егеменді елдің ертеңіміз . Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін , білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруды , халқымның әл-ауқатының артуына , еліміздің көркейіп , нығаюына үлес қосуды басты борышымыз деп санаймын. Біздің Отанымыз –жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп , ынтымағын жарастырып отырған мемлекет. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүруі де біздің қолымызда. Мен қырандай биікте қалықтаған азат елдің болашағымын. Тәуелсіздік таңы тілімді, дінімді, салт –дәстүрімді жаңғыртты . Қасиетті Ата заңым қабылданды.Егемендігімнің айғағы –аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді. Барша ұлтты бауырна басқан Отаным , мен сенің ізгілігіңнен , ұлылығыңнан нәр алып, дархандығыңнан үйреніп, өсіп келемін.
Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзен –көлің, тауың мен үшін қымбат. Біздің алысты болжай білетін алғыр , көреген, үлкен саясаткер Елбасымыз Нұр аға елдің сенімін ақтап, қиын жолдан өз халқын аман-есен алып өтті. Көшбасшымыз Нұрсұлтан аға әр жылда халыққа кезекті жолдауын жолдап, еліміздің даму жолдарын нақты айқындап көрсетіп , бағыт-бағдар беріп келеді.Елін сүйген Елбасы жолдауын халқыымыз да қызу қолдап –қуаттап келеді.
Бүкіл әлем көз тіккен еліміз дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында қарқынды дамып келеді. Мен тәуелсіз еліміздің дамуына ,гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімді қосамын. Өз ойымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді :
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 50 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Отаным –Қазақ елі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Отаным –Қазақ елі на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Отаным –Қазақ елі, шығарма Отаным –Қазақ елі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Отаным –Қазақ елі на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Отаным –Қазақ елі, Шығарма: Отаным –Қазақ елі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы