Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Шығарма: Қазақ поэзиясының белді тұлғасы – Олжас Сүлейменов

Шығарма: Қазақ поэзиясының белді тұлғасы – Олжас Сүлейменов

Шығарма: Қазақ поэзиясының белді тұлғасы – Олжас Сүлейменов казакша Шығарма: Қазақ поэзиясының белді тұлғасы – Олжас Сүлейменов на казахском языке
Орыс тілінде жыр жазатын қазақ ақыны некен-саяқ. Солардың бірегейі һәм ірісі – Олжас Омарұлы. Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өзінің саналы ғұмырын жыр жазуға, әдебиетті зерттеуге, қоғамдық-саяси түйткілдерді шешуге арнап келеді.

1954 жылы мектепті бітірген ақын сол жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1959 жылы инженер-геолог маманы болып, жоғары оқу орынын тәмәмдады. Оқуының соңғы жылдарында бақылаушы-геолог ретінде жұмысқа араласты.

Олжас Омарұлы әдебиет ісіне 1955 жылдан бастап араласты. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген жылы, яғни 1959 жылы, ол Мәскеудегі А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының поэтикалық аударма бөліміне оқуға түсіп, оны 1961 жылы сәтті аяқтайды.

1962-1971 жылдары Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақфильм» киностудиясының сценарий – редакциялық бөлімінің редакторы, «Простор» журналының журналистика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1971-1981 жылдар аралығында ақын Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарды. Сонымен қатар, 1972 жылдан бастап Азия және Африка елдерінің жазушыларымен байланыс орнататын Қазақ комитетінің өкілі болды. Сол қызметте жүріп, 1975 жылы Алматы қаласында Азия және африка елдері жазушыларының 5-ші конференциясын өткізуге мұрындық болды.

1975 жыл – Олжас Омарұлының өміріндегі ерекше жыл. Дәл осы жылы баспадан «Аз и Я» кітабы жарық көрген болатын. Кітап шыққан бойда Мәскеу жақтың сол қабағына ілініп, ақынға 8 жыл бойы баспаға материал өткізуіне қатаң тыйым салды. Осы аралықты ақынның өзі өлеңнен, жазудан біраз алшақтап кеткен еді.

1977 жылдан 1995 жылға дейін 18 жыл үздіксіз Қазақстанның шахмат федерациясын басқарды.

КСРО Жоғары Кеңесінің 1984—1989, 1989—1991 жылдары депутаты қызметін атқарған.

1992 жылдан бері қарай Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының құрметті төрағасы атағына ие болып, тек шығармашылық жұмысқа кірісті.

Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я», «Қыш кітап» сынды атақты шығармаларымен қатар, қоғамдық жұмысы бірге аталады. Әсіресе 1989 жылы «Невада-Семипалатинск» қоғамдық қозғалысының басшыларының бірі болып, Семей қаласындағы ядролық қаруды сынайтын полигонды жабуды талап етті. Олжас Омарұлы бас болған бұл талап өзінің мақсатына жетіп, Семей қаласындағы сынақ алаңы жабылды.

Олжас Сүлейменов – қазақ кавалериялық полкінің офицері, Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Бұл туралы кейінірек Лев Гумилев Олжасқа оның әкесімен бірге лагерьде болғанын, оны сол жерде атып тастағанын айтып берген.

Ақынды жас кезінде өз елі ғана танитын. Және ол тырнақалды туындыларынан бастап, орыс тілінде жазды. Оны күллі Одақ көлеміне танымал еткен – Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу алдындағы науқан. Ол кезде Олжас Сүлейменов төбелеске қатысты Әдебиет институтынан шығып қалып, Алматыда «Казахстанская правда» газетінде қосымша жұмыс жасап жүрген-ді. 11-сәуір күні Байқоңырдан ғарышқа адам ұшатыны туралы хабар алған газет редакторы Олжас Омарұлына осыған қатысты өлең жазуға тапсырма береді.

Міне, Олжас Сүлйеменовтың «Адамға табын, жер енді» деген өлеңінің жазылу тарихы осындай. Бір түнде дайын болған поэма 12-сәуір күні Гагарин ғарышқа сәтті ұшырылғаннан кейін Алматының және басқа қалалардың үстінен қағазға басылған күйінде таратылды. Барлық жерге жапсырылып, газеттерде басылған өлең Олжасты бір күнде осылайша танымал етті.

«Адамға табын, жер енді» өлеңі бір аптадан кейін поэма ретінде көлемі кеңейтіліп, қайта басылды.

«Менің поэмамды орталық телеарналардан және радиодан беріп, газет-журналдарға кезек-кезек басты. Әр апта сайын зауыттарда, фабрикаларда, студенттер аудиториясында сөз сөйлеп жүрдім. Міне, менің жетістігім осындай болған», - деп еске алады ақын сол кезеңдерді.

«Аз и Я» кітабында ақын Қазақстанның байлығын, тарихын, әсіресе түркілердің ерлігін жыр етеді. Бұл кітапты әлі күнге дейін жөнді қабылдай алмайтындардың қарасы баршылық. Дегенмен, Олжас Сүлейменовтің сол уақыттағы кез-келген шығармасын тотолитарлық басқару жүйесіне қарсы жұмсалған күш деп санауға болады.

Олжас Сүлейменов әлі күнге дейін ел үшін, мемлекет үшін қоғамдық-саяси жұмыстардың ең маңыздыларын атқарып келеді.

Ол – ұлтының жанашыры, елінің мақтанышы, әдебиеттің батыры, адалдықтың жыршысы.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Олжас Сүлейменов туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение олжас сулейменов на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Олжас Сүлейменов, шығарма Олжас Сүлейменов туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение олжас сулейменов на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Олжас Сүлейменов, Шығарма: Қазақ поэзиясының белді тұлғасы – Олжас Сүлейменов шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы