Жетімді жылатпа

 Жетімді жылатпа

Әлімсақтан «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің парқына жете алмай жатқанға ұқсайды. Жетімдері көбейген, балалар үйінің саны ұлғайған еліміз қарасаң жүрегің қан жылайтын халге түсті.
Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақтың қазіргі күйіне кімді кінәлаймыз? Қоғам кінәлі ме, әлде мәселе әке-шешеде ме? Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Айналып келгенде барлығы да тәрбиеге, ата-ана өнегесіне келіп тіреледі. Баяғының бойжеткені мен бозбаласы қандай еді? Ал қазір мүлдем басқа. Әдемілік пен көркемдіктің, инабаттылық пен әдептіліктің, ар-ұяттың белгісі ретінде бағаланған қыздарымыз қазіргі таңда тән сұлулықтарына көңіл бөлем деп, жан сұлулықтарын мүлде ұмытып қалған. Әрине, барлық қыз баласына күйе жақпаймын. Алайда, бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні барлығымызға белгілі емес пе? Ал ер жігіттеріміз қазақ қызының, яғни, өз «қарындасының» намысын таптайды, жауапкершілік дегенді атымен білмейді. Ия, бойындағы арын емес, бетіндегі әрлеуін ойлаған қазақ қызы мен өне бойы құмарлыққа, ой-санасы ақымақтыққа толған қазақ жігітінің арқасында талай қазақ сәбиі ана қамқорлығы мен әке ұлағатынан қол үзіп, жетім атанып жатқан жайы бар. Сондай жетімдер саны, өкінішімізге орай, күн санап артып келеді. Бұл біздің қазақ қоғамына төнген үлкен қауіп, қатерлі дерт. Осы дерттің асқынып кетуін алдын-алу Қазақстанның болашағы – жастардың қолында.
Бүгінде республикамызда жүз елуден астам жетімдер үйі бар. Жыл сайын қазағымның қара домалақ ұлдары мен қара көз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек,1999-2014 жылдар аралығында 8169 сәбиді шетелдіктер  асырап алған. Соңғы он жылда қазақстандық жетім балалар әлемнің отызға жуық еліне әкетілген. Бұл жағдайымыз еш жарамас.
Құрметті, қазақ жастары! Қазақ қызы және қазақ жігіті деген абыройлы атқа сай болайық! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта жаңғыртайық!       

Оңалбаев Дәрмен
Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?