Қазақша сценарий: 6 Шілде - Астана күні (Тәуелсіздік түндігі – Астана) » ZHARAR © 2017 | астана кунине арналган сценарий, сценарий қазақша астана күніне, астана күніне арналған мерекелік сценарий, астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар, сценарий на казахском языке о день астаны астана, 6 шілде астана күніне арналған сценарий, сценарий на казахском языке скачать бесплатно 6 июля день астаны




  • »

Қазақша сценарий: 6 Шілде - Астана күні (Тәуелсіздік түндігі – Астана)

Қазақша сценарий: 6 Шілде - Астана күні (Тәуелсіздік түндігі – Астана) казакша Қазақша сценарий: 6 Шілде - Астана күні (Тәуелсіздік түндігі – Астана) на казахском языке

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы


Тақырыбы: «Тәуелсіздік түндігі – Астана»
Сабақтың мақсаты:
а) Сынып оқушыларын Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.
ә) Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.
б) Сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың бағыты: Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтық әдісі: Карта, слайд материалдары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Гимн айту.
3. Кіріспе.
Сұрақ-жауап.
-Мына қағидаларға Қазақстанның қай саласы сәйкес келеді
Еліміздің орта тұсында тұр
Көпұлтты өңір
Тоғыз жолдың торабында тұр

Бозоқ қаласының орны
Сыртқы шекарадан алыс орналасқан шетелге шығу
«ТрансЕуразия» арнасына таяу орналасқан
Экономикаға тиімді 30
гектар бас алқабы бар
Экономикалық ахуалы қалыпты
32 өлшем бойынша басқа қалалардан артықшылығы бар
Сауда орталығы болған

-Әрине, бұл – Астана.
Ендеше, Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекііністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды.
Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді.
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Биылғы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұтас келген Астананың 13-ші мерейлі тойы ерекше аталып өтті. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.

Астана болған 13 жылда 647 тұрғын үй кешені, 87әкімшілік ғимарат, 30-дан аса денсаулық сақтау нысаны салынды. 37 мектеп пен балабақша, 18 мәдениет ошағы, 24 спорт сарайы пайдалануға берілді. 51 өндірістік кешен тұрғызылып, 20 саябақ ел игілігіне жарауда. 20-дан астам көпір іске қосылған.
«Бәйтерек» монументі.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
«Хан шатыры»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.

«Нұр Астана» мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
«Тәуелсіздік Сарайы»
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер.
- Кәне, балалар, Астана туралы өлең жаттап, эссе жазып келгеніміз бар ма?

1-оқушы: Ақмола небір тарих көрген қала,
Арқада Ақмола боп өнген қала.
Тілгенде темір төсін темір түрен,
Жалаулап жаңа қауым енген қала.

2-оқушы: Астана - ару қала, аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,
Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана.

3-оқушы: Астана - арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана - сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.

4-оқушы: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышы астанам.
Қарыштап алға бас қадам
Отанымның жүрегі,
Елорда – менің Астанам.

5-оқушы: Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам - пейіш қала, ел арманы,
Астана қайда жүрсем мақтанышым.

6-оқушы: Астана шапағаттың шуағындай,
Астана махаббатың тұрағындай.
Астанам - періштелер мекенісің,
Астанам Қазақстан тұмарындай.
Оқушылар үйден жазып келген эсселерін оқиды.

«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.

Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды.
С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.
Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас мамандар болашағы.
І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.

А- Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.
У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалар бар.

Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.
Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С- Символы-Бәйтерек.
Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы.
Ән: «Жаса Қазақстан»

4. Қорытынды.
«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағаты барысында Егемен еліміздегі Астанамыздың 13 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола беріңдер.
Тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Карчалова апайға сөз береміз.
Осымен бүгінгі Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күні» аясында «Тәуелсіздік түндігі – Астана» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 6 875
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, Астана күні, сценарий Астанаға, мектеп сценарий астана қала күніне арналған, сценарий астана күні, астана күні мерекесіне арналған сценарий, 6 шілде астана күніне арналған сценарий, астана кунине арналган сценарий, сценарий қазақша астана күніне, астана күніне арналған мерекелік сценарий, астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар, сценарий на казахском языке о день астаны астана, сценарий на казахском языке скачать бесплатно, сценарий на казахском языке скачать бесплатно 6 июля день астаны, балабақшадағы сценарий қала күніне арналған, астана қаласы күні сценарий 6 шілде астана күніне арналған сценарий, Астана күні, сценарий Астанаға, мектеп сценарий астана қала күніне арналған, сценарий астана күні, астана күні мерекесіне арналған сценарий, 6 шілде астана күніне арналған сценарий, астана кунине арналган сценарий, сценарий қазақша астана күніне, астана к, Қазақша сценарий: 6 Шілде - Астана күні (Тәуелсіздік түндігі – Астана) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .