Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі) » ZHARAR © 2017 | қыз өссе елдің көркі сценарий, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі , Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі), қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий , қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий 8 март, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий 8 наурыз, қыз, гүл,




  • »

Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)

Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі) казакша Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі) на казахском языке

Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.

Кеш барысы:
Ән - орындайтын Жанболат.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді.

Жүргізуші: Ал енді ортаға 24 топ оқушылары өздері тіккен жилеттерін ұсынады.
(баяу музыка) Қыздар шығады (сол музыка қаттырақ шығады)

Қазақша би - Ыдырысова Әлия
Кейбір суретті журналдардың беттерін ақтарып көре бастасақ, көптеген киножұлдыздардың бейнелеріне көзіміз түседі. Соларды көріп: «Сұлулық деген міне, осы» деп ойлап та қалуымыз мүмкін.
Бірақ сұлулықтың әр елде, әр халықта өзіндік идеалы бар. Мысалы, атақты Голливуд кино жұлдыздарының сұлулығын Мексикада немесе Латин Америкасы халықтарында сұлулық деп есептемейді. Сондықтан сұлулықтың сантиметрмен не басқа да бір мөлшермен өлшейтін өлшемі жоқ. Сұлулықтың жалпыға ортақ өзгермейтін үлгісі болуы қуанарлық іс те емес және мүмкін де емес.
Сұлулық дегеніміз табиғат сыйға берген байлық және оны сақтап қалу әр адамнан ұқыптылықты талап етеді.

Дене сұлулығын қимыл сұлулығы деп те атайды. Бүл дұрыс та. Дегенмен, шынайы сұлулық дене сұлулығына қоса мінез - құлық сұлулығы мен, ішкі жан дүние әдемілігімен де астасып жату керек. Сұлулықтың үйлесімділігі, жарасымдылығы деп осыны айтуға болады.

Жүргізуші: Ал енді ортаға Қожамжарова Азизаны шақырамыз. Азиза бізге қимыл сұлулығын көрсетеді.
Азиза шығады (музыка) Жүргізуші: Ал енді құрметті көрермендер сіздерге киім туралы кішкене ғана мағлұмат
берейін. Киім дегеніміз - адам денесін мүшелеп немесе тұтастай жабын жиынтығы. Киім 5 түрге бөлінеді: Тұрмыстық, өндірістік, формалық, спорттық, ұлттық.
Адам мен киімді бір - бірінен бөле - жара қарауға болмайды. Сонау ерте заманнан қазіргі күндерге дейін киім адамның тұрақты серігі болып табылады.
Ол қазіргі біздің әдетте көріп жүргеніміздей әсте болған емес. Қазіргі түрге ие болмастан бұрын, киім эволюцияның ұзақ та, күрделі жолынан өтті.
Адам мүшелерін бүркемелеу системасы мен денеге киімді қонымды ету әдістері ұдайы жетілдіріп, қол жұмыстары қысқара берді. Мата кесінділері денені тек бүркеп ғана қойған жоқ, қатарларын әдемілеп, баулар, түйреуіштер және басқалар арқылы денеге қонымды бола түсті.

Ал енді ортаға тағы да қыздарды шақырамыз. Олар енді бізде өздері тіккен костюмдерін, белдемшелерін, шалбарларын ұсынды.
Қыздар (музыка)
Гүлжазира өлең.
Жүргізуші: Шақырамыз осы күні сұлуға Сұлу десе әр бір адам тұруда
Жарасымды бойға сіңген киімдер. Қар көзді өздеріне бұруда Сұлу мата көз көркіңді алады Сәнді бейне мөлдіреген жанары Жарып топты дәл ортаға шыққанда Қыз арулар көзге түсіп қалады.

1. Ал енді ортаға Кусемисова Анияны шақырайық. Ол өзінің 2014 жылға арналған сән үлгілерін ұсынады.
Қыздар кезегімен шығады - музыка
2. Ризманова Гулизар өз үлгілерімен шығады. - Басқа музыка.
3. Оразбаева Құндыз - басқа музыка.
4. Мырзабаевалар - басқа музыка.
Ән - Кусемисова Ания Жүргізуші: Ал енді ортаға әркім өздері жеке тіккен үлгілерімен шығады. Барлық қыздар шығады - музыка.
Би - Заурбаева Феруза.
Жүргізуші: Осымен 2014 жылға ұсынған сән үлгілерінің көрсетілімі аяқталды.
Ұнаған үлгілеріңіз болса 24 топ оқушыларына жолығып, тапсырыс берулеріңізге болады.
«Адам көркі шүберек» демекші әрқашанда бәріміз әдемі болайық.
Музыка.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 25 577
Рейтинг:
(голосов: 24)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, қыз өссе елдің көркі сценарий, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі), қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий 8 март, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий 8 наурыз, қыз, гүл, қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні (ана), қазақша сценарий, 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні (ана), қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, (ана) казакша сценарий 8 наурыз март на казахском языке, қазақша сценарий: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз сценарий қазақша, 8 наурыз мерекесіне сценарий қазақша, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, сценарий на казахском языке на 8 марта, қыз өссе елдің көркі сценарий, қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі), қыз өссе елдің көркі гүл өссе жердің көркі сценарий, қыз өссе елдің көркі г, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .