«Қазақстан-халықтар достығының мекені» (мерекелік концерттік бағдарлама сценарийі)
Бекітемін
Мектеп директоры
«Қазақстан-халықтар достығының мекені»
(мерекелік концерттік бағдарлама сценарийі)
«Қазақстан-халықтар достығының мекені»
(мерекелік концерттік бағдарлама)
Іс-шараның мақсаты:
Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің достық пен ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Жас жеткіншектерді үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
(Концерттік бағдарламаның ашылуын білдіретін музыка үні қойылады)
Фанфар:
І-жүргізуші:
Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.
ІІ-жүргізуші:
Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.
Жақсылықтардың жаршысы болған мамырым күн,
Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.
І-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар, білім көкжиегіне қанат қаққан жас жеткіншектер!
ІІ-жүргізуші:
Көгілдір көктемде достықты ту қылып көтеріп, бірлікті ұлықтаған 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Қазақстан-халықтар достығының мекені» тақырыбымен өткізіліп отырған мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!
І-жүргізуші:
Ғасырларға жалғассыншы нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қоссам елімнің,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
«---» әнімен -- «---» сынып оқушысы ----ортаға шақырамыз
ІІ-жүргізуші:
Достық тапса діндер менен ділімді,
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.
Бір туғандай ұлтаралық келісім,
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Ортаға ---- сынып оқушыларын «**» биімен шақырамыз. Назарларыңыз сахнада болсын!
І-жүргізуші:
Серт берісіп туыс болып қалуға,
Нәубеттерден аман жеттік дамуға.
Байтақ елдің биік ұстап байрағын,
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
«---» әнін орындау үшін -- «--» сынып оқушысы ------- ортаға шақырамыз. Жас жеткіншектің өнеріне қол шапалақтап қошеметтеп отырайық
ІІ-жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ортаға ---биін орындау үшін ---, --- сынып оқушыларын шақырамыз. Назарларыңыз сахнада болсын!
І-жүргізуші:
Қуаныштан желпілдейді түңдігім,
Бірлік үшін шаттанатын күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
----- сынып оқушыларының орындауында «---» биін қабыл алыңыздар! Өнерпаздарды қол соғып қошеметтеп отырыңыздар
ІІ-жүргізуші:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс-дәулет, бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жарқырасын жарық күн!
І-жүргізуші:
Шәкірттердің білім көкжиегіндегі сенімімізді нығайтып, жарқын болашаққа жол сілтеп жүрген мектебіміздің көшбасшысы -----------, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары -----------, ---------- сөз кезегін беріп, мерекелік ізгі тілегін тыңдау үшін қошеметпен сахна төріне шақырамыз!
ІІ-жүргізуші:
Жер - Анамыз жасайды тарлық кімге?Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.Қайталанып, жаңарып айтылады,Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
І-жүргізуші:
Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру