Қайырымдылық

 Қайырымдылық

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қайырымдылық жасай білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар: Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, СТО стратегиясы, ЖИГСО, акварюм, кезбе тілші. топпен жұмыс ,рефлексия, өзін-өзі бағалау.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: жазушы М.Сүндетовтың портреті,суреттер,мақал-мәтелдер, бейнефильм, актиф студио.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Топ ережесін құру;
Үй тапсырмасын тексеру:
Кезбе тілші стратегиясы .
Жетелеуші сұрақтар:
1. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
2. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
3. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
4. Ақбілек деген кім?
5. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?
«Ой қозғау»
Бейнефильм көрсету.
«Қайырымдылық»- сөзіне ассоциация құру
-Оқушылардың оз пікірлерін тыңдау. Қосымша түсіндіру. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Балалар, бүгін біз (179бет)
М. Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінімен танысамыз.
Ортаға автор жайлы мәлімет жинап келген оқушыларды шақырайық.
Авторы туралы мәлімет.
Мағзұм Сүндетов 1936 жылы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкісіне дүниеге келген.
Еңбектері: «Жол айрығы», «Күтем сені Дидар», «Еліктің лағы», «Қызыл ай» т.б

ІІ. Мағынаны ажырату:
Оқулықпен жұмыс. «ДЖИКСО» әдісі.
1,2,3,1,2,3 бес топқа бөлінеді
Басқа топта талдау
Өз тобында талдау сұрақ дайындау
Акварюм
Мәтінді оқыту, ат қою, бөлімдерге бөлу.
1/Ұқыпты оқушы
2/Мұхтардың күшікке көмегі
3/Мейрімді ана
Сөздік жұмысы.
Бәкене – аласа;
Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
ІІІ. Ой толғаныс:
Мәтінді талқылау
1-топ: Кейіпкерлерге хат жазу.
2- топ: Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.
Мақал –мәтелдің мазмұнын ашу, мәтінмен байланысын табу:
1)Ақылды ісіне сенеді
Ақымақ күшіне сенеді
2 ) Жақсыдан үйрен
Жаманнан жирен
3 )Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді
4)Жақсыға жасаған жақсылық өмір бойы тозбайды.
5) Мейрімділік жүректен
Мейрімсіздік білектен
6) Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында
3- топ: Мұхтарға мінездеме беру.
4,5- топ: Айналмалы сұрақ.
Қорғауға
Сарапшы топқа
Бағалау:






Оқушының аты-жөні: №
Балл
(1-3)
1. Үй тапсырмасын толық орындадым
2. Мен талқыланған тақырыпты талдау жасай алдым.
3. Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпылама, қорытынды жасадым, өз ойымды және болжамдарымды ортаға салып айтып отырдым.
4. Мен барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдей алдым.
5. Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдадым, олардың сөздерін бөлмей, олармен санасып отырдым.
Барлығы :
Рефлексия: (1 мин)
Бүгінгі сабақта сен үшін не қызықты болды?
Не үйрендік?
Не білдік?


Үйге тапсырма. Эссе жазу «Қайырымдылық»


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?