Мұқағали Мақатаев "Қарттарды сүйем"

 Мұқағали Мақатаев "Қарттарды сүйем"

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы
Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Ауелбаева Арайлым 3 Сынып Ана тілі


Тақырыбы: «Қарттарды сүйем» Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. «Қарттарды сүйем» өлеңін мәнерлеп оқуға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту,сөздік қорын молайту;шығармашылық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелілігі: Ата-ананы құрметтеуге,қарт адамдарды қадірлеп,сыйлауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: М.Мақатаев портреті,суреттер,сөзжұмбақ,сызбалар,кітаптар.
Әдісі: Сұрақ-жауап,топтастыру
Пәнаралақ байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Жарқырып күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу Міндетіміз еңбектену.
Еңбек ете жұмылып, 5-ке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасы
Ыбырыа Алтынсарин «Шеше мен бала»
1.Әңгімені рөлге бөліп сахналау.
2. Өткен сабақты пысықтау
1.Осы әңгімеден не түйдің?
2. Жаңылтпашты жатқа айтып бер
3.Диалог дегеніміз не?
4.Осы оқиға сенің басыңда кездессе не істер едің?
5. Үлкен қызға мінездеме бер
6. Әңгіменің соңындағы шешенің сөзін қалай түсінесің?
ІІІ.Жаңа сабақ
⦁ «Алпамыс » батыр жырынан үзінді оқу
⦁ Қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
⦁ Сөзжұмбақ шешу
Ортадағы ерекше жолдан «Қарттарды сүйем» сөзі шығады.
1.Бүгінгі өтетін сабағымыз М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңі
2.Автор туралы түсінік беру.

3.Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.
Бұл өлең «Алпысқа келдіңіздер » деген 10 шумақ өлеңнен үзінді.
⦁ Сөздік жұмысы
Керім-көркем
Шежіре-бір руға тән ұрпақтардың таралу жолдары,рулық,туыстық кесте
Шежіреші-шежіре айтқыш,жинаушы
Мұрагер-мұраға ие болу,белгілі бір істі жалғастырушы.
Баба-атаның әкесі
ІV. Сергіту сәті
Ән айту «Құттықтаймын,мама,туған күніңмен!»
V Түсінгендерін тексеру
1.Оқушыларға тізбектей оқыту
2.Дәптермен жұмыс
«Қарт» ұғымына синоним сөздер жазу. «Күн шұғыласы»

VI. Топтық тапсырмалар
⦁ Шашылған сөздерден ана,ата туралы мақал-мәтелдер құрастыру.
⦁ Шағын шығарма жазу
«Қарттарым асыл қазынам»
«Атам менің қорғаным»
«Әжемдей адам бар ма екен?»
VII. Қорыту
Оқушылардың аталары туркалы әңгімелету
Сақалыңнан айналдым қарт бабалар
Ұрпағыңа не айтарсың артта қалар
Сенімдерді ақтаймыз,ақтаймын да
сендердің мұрагерің атанамын.деп ақын айтқандай сендер де аталарыңның сенімін ақтайтын мұрагері болыңыздар.
YIII. Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу Ақынның кез-келген өлеңін жаттап келу.
Бағалау


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!