Қазақ әдебиеті | Махамбет Өтемісұлының өлеңдері

 Қазақ әдебиеті  | Махамбет Өтемісұлының өлеңдері

Ашық сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Ашық сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.

Ашық сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Ашық сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Ашық сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Ашық сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұраймын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау критерилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ашық сабақ жоспары:
1. Тест жұмысы.
2. Жаңа сабақ.
3. Өзіндік жұмыс
4. Бес жолды өлең
5. Шығармашылық жұмыс
6. Қорытынды.
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау:
Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны идеясы, көркемдік ерекшеліктері.
Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған
«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»
«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»
«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»
асынбай» «Мінген ер», «Мінгені
«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай» салмай» «Исатай сөзі»
«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім
«О, Нарын!» өткен?»
Күрделі мәселе:

Елдегі әділетсіздік.
Батырдың аңғалдығы.
Исатай қазасы.

Әсер етуші факторлар:
Халық қамы, ел жағдайы.
Үстем тап өкілдерінің зорлығы.

Тәжірибе:
1. Тест
2. Жаңа сабақ
3. Өзіндік жұмыс
4. Бес жолды өлең
5. шығарма жұмыс
6. Қорыту
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау.

А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.
Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшеліктерін айтып беру.
Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жайында айтып беру.
Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын.

Пәлен жерде пайда бар,
Өз елімнің басы болмасам да,
Елінен безген ер оңбас,
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.
Семантикалық карта №1
Семантикалық карта №2
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды.
Ел шарасыз болмас,
Батыр мың қол бастайды,
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.
Ер жаңылып қолға түсер,
Семантикалық карта № 3
Мақалдар Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз. Арыстан болсаң жау үшін. Тәуекел ет те тас жұт, Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,
Түлкідей болсын әдісің.
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
Ажал жетпей өлмек жоқ.

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу.
V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.
VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.
VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел.
VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Ашық сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі