С. Мұратбеков “Жусан иісі” повесі. Сағыныш - презентация слайд
№ орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
С. Мұратбеков
“Жусан иісі” повесі. Сағыныш
Пән мұғалімі:
Сыныбы: 6
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал. «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.
Топқа бөлу:
Стикердің артына жазылған кейіпкерлердің аттары арқылы топқа бөлінеді.
1-топ: «Аян» тобы
2-топ: «Садық» тобы
3-топ: «Есікбай» тобы
4-топ: «Автор бала» тобы
Қызығушылықты ояту
«Өрмекші торы» тәсілі
Шарты:
Жіпті бір-біріне лақтырып, өрмекші торын жасау арқылы сұрақтарға жауап береді. (Мұғалім өзі бастап сұрақ қойып, жіпті бір оқушыға лақтырады. Оқушы сұраққа жауап бергеннен кейін, келесі оқушыға жіп лақтыру арқылы сұрақ қояды.)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты
(оқу бағдарламасына сілтеме) :
6.2.4.1 - әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийі:
Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін (табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап) жазады
Топтық жұмыс
«Кубизм» әдісі
1қадам: кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу.
1-топ
Суреттеңдер. Шығарманы оқығанда Аянның бейнесін қалай елестеттіңдер? Аян образын суреттеңдер.
2-топ
Салыстырыңдар. Аянның бейнесін қазіргі балалар образымен салыстырыңдар.
3-топ
Талдаңдар. Повесте қолданылған троптың түрлеріне талдау жасаңдар.
4-топ
Қолданыңдар. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын сипаттап жазыңдар.
2қадам: әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр топтың жауабы.
3қадам: жазған мәліметтерді топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және презентацияға дайындық.
4қадам: жасаған жұмыстары бойынша презентация.
Өзара топтық бағалау
1-топ: Ертегі құрастыру арқылы бағалайды.
2-топ: Алғыс хат беру арқылы бағалайды.
3-топ: Келесі топқа “SMS” жазу арқылы бағалайды.
4-топ: Құттықтау сөз арқылы бағалайды
Жұптық жұмыс
1-жұп
«ТАЛҚЫЛАУ КЕСТЕСІ»
«Талқылау кестесін» толтырады.
2-жұп
«Концептуалдық кесте» толтыру. Постер қорғайды.
Бағалау: Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Жеке жұмыс
Сараланған тапсырма
«Ой күмбезі» әдісінің қадамдары
«Ой қазығы» - кейіпкерлерге, оқиға орнына, көркемдегіш құралдардың түрлеріне, табиғат көрінісіне қатысты негізгі ұғымдарды жазады. (мысалы: табиғат көрінісіне қатысты ұғымдар: қап-қара аспан, қар ұшқындай бастады, тұмшалап тұр т.б. )
«Ой желісі» - кейіпкерлерге, оқиға орнына, көркемдегіш құралдардың түрлеріне, табиғат көрінісіне қатысты негізгі ұғымдардың мағынасын түсіндіреді.
«Ой өрімі» - «ой қазығында» жазылған сөздерді қолдана отырып, оны жазушы неліктен қолданып отырғанына өз көзқарасын, пікірін жеткізеді.
«Ой күмбезі» - шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап, өз бетінше мәтін жазады
Дескриптор Білім алушы
- негізгі ұғымдар мен деректерді келтіреді;
- негізгі ұғымдар мен деректердің
мағынасын түсіндіреді;
- өз көзқарасын, пікірін жеткізеді;
- шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға
орнын, кейіпкер бейнесін сипаттайды;
-мәтін жазады.
“Сатылым” рефлексиясы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды