Отбасы ұлт рухының айнасы_ашық тәрбие сағат
Ашық тәрбие сағатының ТАҚЫРЫБЫ:
«Отбасы - ұлт рухының айнасыОтбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.НазарбаевТәрбие сағатының мақсаты: оқушыларда отбасы құрудың негіздері мен моральдық және этикалық нормалары, ана мен әке ролінің маңызды аспектілері туралы түсінік қалыптастыру, қазақ халқының отбасы құрудағы және оны сақтаудағы салт-дәстүрлерін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы кодексі негізінде құқықтық сауаттылықты дамыту.
Күтілетін нәтиже: жоғары сынып оқушылары отбасын құрудың моральдық және этикалық нормалары туралы, «заңды тіркелген неке» және «ислам дініне сәйкес қиылған неке» туралы түсінік қалыптастырады, «азаматтық неке» туралы түсінік қалыптастыра отырып оның қазақ салтына қарама-қайшы келетіндігін ұғынады, отбасының мемлекет тарапынан қорғалуы туралы білімдерін кеңейтеді. Қазақ халқының салт-ғұрпына сәйкес аталас, рулас некеге жол берілмейтінін және кей жағдайларда осындай жақындық қатысы бар некенің салдарынан дүниеге келген балалар ұшырайтын гендік аурулар туралы біледі.
Тәрбие сағатының жоспары:
І. Кіріспе: 1. Позитивті сергіту сәті (Видеоролик) 2.ТаныстырылымІІ. Негізгі бөлім: Отбасы тағылымы (Топтар дайындаған таныстырылымдарды қарастыру, тақырыптары бойынша пікірлесу жүргізу)ІІІ. Қорытынды: Отбасы қасиетті ұғым. (Көрермендермен жұмыс, топ мүшелері оқушыларға ашық сұрақтар қояды)ІV. Рефлексия : Бақытты отбасын құру(Ақылдың алты қалпағы әдістемесі)V. Кері байланыс: Мұғалімдер: «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушылар: 1.«Рефлексия ағашы» 2. «Ашық және жабық қобдиша»1-топ: «Қасиет»
Берілген тақырып: «Отан отбасынан басталады» Түйінді идея: «Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны»Қарастырылатын мәселелер:1. Отбасы қасиетті ұғым: отбасы туралы кіріспе сөз2. Отбасын құру: отбасын құру үшін не керек?3. Отбасындағы ана мен әке ролі4. Отбасындағы балаға қамқорлық5. Ислам дініне сәйкес неке шарттары. Заңды тіркелген неке 6. Азаматтық неке2-топ: «Жауапкершілік»
Берілген тақырып: «Отбасы және заң»Түйінді идея: «Барлық отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің ерекше қамқорлығында» Қарастырылатын мәселелер:1. ҚР Конституциясы, 27 бап2. ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексі3. Отбасына көрсетілетін мемлекет қамқорлығы4. Ата-ананың балаға қатысты құқығы мен міндеттері5. Баланың ата-анаға қатысты құқығы мен міндеттері6. Заңды некеге тіркелу3-топ: «Тектілік»
Берілген тақырып: «Жеті атасын білмеген жетесіз»Түйінді идея: «Қан тазалығы - ұрпақ амандығының басты кепілі, яғни, Қазақстан болашағы отбасыдан басталады»Қарастырылатын мәселелер:1.Гендік аурулар: Альбинизм ауруы2.Гендік аурулар: Гемофилия ауруы3.Гендік аурулар: Рахит ауруы4. Некеге қатысты қазақ халқының заңдары5. Қан тазалығы 6. Басқа елдердің некеге қатысты дәстүрлеріненРефлексия: «Бақытты отбасын құру»
«Алты шляпа» әдістемесіАқылдың алты қалпағы: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі. (қажеті жоғын алып тастаңыз)
Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланыс алу үшін пайдаланыңыз.
Кері байланыс:
Мұғалімдер: «Екі жұлдыз, бір тілек»Оқушылар: 1.«Рефлексия ағашы» (9 «А») 2. «Ашық және жабық қобдиша» (Көрермен оқушылар)а) Егер, бүгінгі тәрбие сағатынан көп ақпарат алдым, ойға тоқығанымды өмір бойы есте сақтаймын, пайдаланамын десеңіздер «Ашық қобдишаға» саласыздарб) Егер, бүгінгі тәрбие сағатынан алған ақпараттарды қолданбаймын десеңіздер «Жабық қобдишаға» саласыздарНазарларыңызға рахмет!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?